Іске асыру туралы есеп жасау нысаны мен тәртібін қамтитын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына



бет21/22
Дата29.01.2017
өлшемі3,24 Mb.
#8242
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

«Инфрақұрылым» 3 бағыты бойынша 4 мақсат, 9 нысаналы индикатор және 12 нәтижелердің көрсеткіштері қарастырлды, оның ішінде 8 нысаналы индикаторға, 11 нәтиженің көрсеткіштеріне қол жеткізілді. 1 нысаналы индикаторға, 1 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.

«Байланыс және коммуникация» бөлімі бойынша 2014 жылға арналған 1 нысаналы индикаторларды және 1 нәтиженің көрсеткіштерін іске асыру жоспарланды және қол жеткізілді.

Телекоммуникация саласында облыстың 419 ауылдық елді мекендерінің барлығы телефонмен толық қамтамасыз етілді.

Аймақта бірнеше тәуелсіз операторлардың байланыс қызметі қалыптасады. Бұдан әрі 22 елді мекенді «Транстелеком» АҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қамтамасыз етеді. Үш ұялы оператор GSM стандартында (KCeel, Кар-Тел, Теле-2), біреуі - CDMA (Алтел) стандартында жұмыс істейді, бірнеше фирма экспресс-почта қызметтерін ұсынады.

«Құрылыс» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор және 2 нәтиженің көрсеткіштері қарастырылады. 1 нысаналы индикатор, 1 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізіліген жоқ.

Құрылыс жұмысының көлемі 224 млр. Теңгені немесе 100,3% құрайды. 315,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді (о.і. 2432 пәтер) немесе өткен жылдың деңгейіне 5,5% -ға көп.

Негізгі көлемді енгізу немесе жеке тұрғын үйге 59,8% келеді (188,5 мың м2), комерциялық 17,4% (55,1 мың ш2) және 22,8% - мемлекеттік сектордың тұрғын үйіне (71,9 мы ш2).



«Жолдар және көлік» бөлімі бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикаторлар және 3 көрсеткіш нәтижесі қарастырылды. Барлық индикаторлар және көрсеткіштер орындалды.

Жүк айналымы – өткен жылда 4% (2013 жыл – 9667,3 млн.ткш, 2014 жыл – 10056 млн. ткш.), тасымалданған жүк –6,3% (2014 жыл – 719185,6 млн.тонна). жолаушылар айналымы – өткен жылда 9,5 % (2014 жыл – 37029,8 млн.жш). тасымалданған жолаушылар –5,6% (2014 жыл – 2 429 млн.адам) ұлғайды.

2014 жылы облыста 235-тен аса елді мекендерді қамтитын, 241 автобус маршруттары бойынша қозғалыс ұйымдастырылды, оның ішінде 115 қалалық, 54 қала маңында, 72 қалааралық облыс ішілік бағыттар.

Әлеуметтік маңызы бар автомобиль және теміржол маршруттары бойынша шығындарды өтеуге 1,4 млрд. теңге бөлінді.

«Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша тұрақты ішкі авиамаршруттарды субсидиялау» бағдарламасы бойынша тұрақты әлеуметтік маңызы бар авиамаршруттардың шығынын өтеуге 277,7 млн. теңге бөлінді және игерілді. Жолаушылар тасымалы екі ішкі «Қарағанды-Жезқазған» және «Қарағанды-Балқаш» авиасапарлары бойынша жүзеге асырылды.

Көлік-жөндеу жұмыстары облыстың барлық аймақтарында жүргізілді. Нәтижесінде жолдың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 72-ден 74%-ға дейін өсті.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімі бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикатор және 6 нәтиже көрсеткіштері қарастырылды.

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзақтығы 6 787 км құрайды (қалаларда – 5 357,8 км орташа тозуымен 75% , ауылдарда - 1 429,2 км орташа тозумен - 70%), оның ішінде топтық және магистралдық су ағызғылар – 983,9 км (тозуы - 70%). Сумен жабдықтау желісінің жалпы тозуы 75% құрайды.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділігін қамту, оның ішінде қалаларда – 903835 адам қалаларда немесе 83,9%, ауылда – 254 954 адам 218 АЕМ немесе 53,5%.

«Ауылдық аумақтарды, экология және жер ресурстарын дамыту» 4 бағыты бойынша 3 мақсат, 7 нысаналы индикатор және нәтиженің көрсеткіштері қарастырылды, оның ішінде 1 нысаналы индикаторға, 2 көрсеткіштің нәтижесіне қол жеткізілді.



«Ауылдың өмір суру жағдайын нормальды жағдайларының құны» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор мен 2 нәтиженің көрсеткіштері қарастырылды. 2 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.

2014 жылы 300 маманға 36,4 млн.теңге сомасына көтерме жәрдемақы берілді және 184 маманға 485,5 млн.теңге сомасына тұрғын үйді сатып алу.



«Қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету және табиғи орта сапасын тұрақтандыру» бөлімі бойынша 1 мақсат, 4 нысаналы индикатор және 4 нәтиже көрсеткіші қарастырылған. 1 нысаналы индикаторы орындалған жоқ.

2014 жыл ішінде облыс бойынша 646 мың 202 тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) құралды. ҚТҚ-ны кәдеге жарату пайызы 2013 жылы 101,5% құрады.

2014 жылы экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың жергілікті бюджетке қоршаған ортаға эмиссияға алынған кірістеріне арақатынасы 37,9 % құрады.

Мемлекеттік орман қорының аумағында өртке жол бермеу мақсатында орман шараушылығының ведомствоға қарасты мемлекеттік орман шараушылығы мекемелерінің күшімен келесі алдын алу іс-шаралары жүргізілді: минералдандырылған жолақтарды орналастыру – 100 км; минералдандырылған жолақтарға күтім жасау көлемі – 4730 км; ауыл шараушылығы құрамаларына нұсқама берілді – 270 дана; газеттерде мақалалар жарияланды - 35 дана; аншлагтар орнатылды - 163 дана; үнпарақтар таратылды – 543 дана; ұйымдарда және оқу орындарында 5536 адамды қамтып 1760 семинар, дәріс, әңгімелесу өткізілді.

2014 жылдың өртқауіпті кезеңі ішінде орман өртінің орташа алаңын до 1,0 гектарға дейін азайтуға қол жеткізілді және проведено 532 рейд өткізілді.

2014 жылы 240 га алаңға (жоспардан 100%) 680 мың дана екіжылдық көшет отрығызылды.



«Жер ресурстарын үнемдеу пайдалану» бөлімі бойынша 1 мақсат, 1 мақсатты индикатор және 1 қорытындының көрсеткіші қарастырылған.

2014 жылы 964,1 мың га ауыл шаруашылығы алқаптар айналымға тартылған, оның ішінен 928,2 мың га босалқы жерлерінен және 35,9 мың га - пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптары есебінен татылды.

«Мемлекеттік қызметтер» 5 бағыты бойыншша 2 мақсат, 1 нысаналы индикатор қарастырылды және 2 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілді.

Ашық және тең, жоғарғы сападағы барлық мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікмемлекет алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі ьолып табылады.

Жалпы облыста мемлекеттік тізілмге сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген), мемлекеттік қызметтің 130 түрі көрсетіледі.

2014 жылдың ішінде облыстың жергілікті органдарымен 4 млн. астам қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 5,3%.

Жыл сайын мемлекеттік қызметті көрсететін мамандарға кеңес және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар, түсіндірмелі жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне бақылауға бақылау жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету ішкі сапасының жұмысын ұйымдастыру жетілдірілуде.

Сонымен қатар, Қайта даярлау және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Өңірлік орталығында облыстық, қалалық және аудандық деңгейде мемлекеттік қызметшілердің сапасын басқару бағыты бойынша курстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында өткен жылға 1 326 мемлекеттік қызметшілер оқытылды.

«Электрондық үкімет» бастамасын жариялауға және электрондық сандық қолды жаппай таратуды қамтамасыз етеді.

Азаматтардың көбісі «Электрондық үкімет» проталы арқылы электорндық нұсқада мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш білдірді. Электрондық үкімет проталы арқылы қызметтерге барлығы 11 мың адам 2013 жыл ішінде жүгінді, 2014 жылы олардың саны 143 мың теңгеге жетті.

Электрондық нысанға келтірілген мемлекеттік қызметтердің түрлерінің саны өсті. 2013 жылдың аяғында осындай қызметтер 35 жетті, қазіргі күні олардың саны 43 жетті.

«Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасына сәйкес электрондық қызметтің бос алу мүмкіндіктері үшін халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыруды арттыру бойынша 483 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Облыстың мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурстарында тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет паспроты, оны көрсету тәртібі туралы ақпарат, шағым жасау туралы ақпараттар, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылды.



2. Жоспарланған нәтижелерден нақты нәтижелердің ауытқуы туралы ақпарат, себептері мен факторлары:

«Экономика» 1 бағыты бойынша 3 индикаторға және 16 нәтиженің көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ.

1. Нысаналы индикаторлар:

Өңдеуші өнеркәсіп өнім шығарудың НКИ 98,% жоспар бойынша 96,2% құрады.

Төмендеу метталургиялық өнеркәсіп өнімдерінің төмендеуімен байланысты - 94,7% (өңірдің жүйе құраушы кәсіпорыны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС), резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар – 70,8% («Карагандарезинотехника» ЖШС), машина және жабдықтан басқа, дайын металлдан жасалған бұйымдарды өндіру – 81,8% («Қарағанды металл құрылымдар зауыты - Имсталькон» ЖШС), басқа металл емес минералдық өнімдерді өндіру («Nord Пром НС» ЖШС).

2. Электр энергиясын өңдеуді арттыру 100,3% жоспар кезінде, факт – 98,9%.

2014 жылы электр энергиясын өңдеу 12,8 млрд.кВт/сағ құрайды (1,1%-ға төмендеу).

Төмендеу жұмыс істеп тұрған жабдықтың құрамының өзгеруімен және трубиналардың жиынтық жүктемесінің азаюына байланысты.

3. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ жоспар кезінде 101,5%, 99,4% құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 142,8 млрд.теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығының өнімдері (қызметтері) өнімдерінің НКИ төмендеуі ауа-райының жағдайларынан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруды азайтумен байланысты.

Нәтижелер көрсеткіштері:

1. «Өнеркәсіптік өнім көлемі» 1461,7 млрд. теңге жоспар бойынша 1411,4 млрд. теңгені құрады.

Төмендеу өңдеуші өнеркәсіптегі өнім көлемдерінің төмендеуімен байланысты – 96,2%: оның ішінде метталургиялық өнеркәсіп - 94,7% НКИ ( «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС), резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар – 70,8% («Карагандарезинотехника» ЖШС), машина және жабдықтан басқа, дайын металлдан жасалған бұйымдарды өндіру – 81,8% («Қарағанды металл құрылымдар зауыты - Имсталькон» ЖШС), басқа металл емес минералдық өнімдерді өндіру («Nord Пром НС» ЖШС).

2. «Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі» 93,0 мың АҚШ долл. жоспары бойынша 82,5 мың АҚШ долл. құрады.

Жоспарды орындамау кәсіпорын қуатын жүктеу проблемасына байланысты.

3. «Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі» 4082 млн.теңге жоспар бойынша 4065,2 млн.теңгені құрады.

4. «Текстиль өнімдері мен киім өндірісі көлемі» 703,8 млн.теңге жоспар бойынша 554,3 млн.теңгені құрады.

Жоспардың орындалмауы текстиль өнімдері мен киім өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты.

Тапсырыс портфелінің төмендеуіне байланысты «Galex Plus» ЖШС трикотаж киімдердің, шағын кәсіпорындарда ақшалай көрсетілімдегі текстиль өнімдері өндірісінің көлемі төмендеді.

5. «Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі» 10,5 мың АҚШ долл. жоспары бойынша 8,1 мың АҚШ долл. құрады.

6. «Фармацевтика саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі» 18,5 мың АҚШ долл. жоспары бойынша 15,1 мың АҚШ долл. құрады.

7. «Басқа да металл емес минералды өнімдердің өндірісіндегі еңбек өнімділігінің өсуі» 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 4,3 есе өсу жоспары бойынша өсім 3,6 есе құрады.

Жоспарды орындамау кәсіпорын қуатын жүктеу проблемасына байланысты.

8. «Қара металлургия өнім өндірісінің НКИ» 120,2% жоспар бойынша 112,7% құрады.

Жоспарға қол жеткізбеу ДП №3 іске қсуды 2015 жылға ауыстыруға байланысты.

9. «Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл өнімдері өндірісінің НКИ» 85% жоспар бойынша 81,8% құрады.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу сұраныстың төмендеуі себебімен «Қарағанды металл құрылымдар зауыты - Имсталькон» ЖШС, "Техол KZ" ЖШС құрылыс жиынтықтағы металл құрылымдарының өндірі көлемінің төмендеуіне байланысты.

10. «Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінің НКИ» 110,4% жоспар бойынша 93,9% құрады.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу сұраныстың төмендеуі себебімен тапсырыс портфелінің төмендеуіне байланысты «Nord Пром НС» ЖШС бетоннан құрылыс жиынтықтағы металл құрылымдарының өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты.

11. Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім өндірісінің (қызметтерін) НКИ 100,8% жоспар бойынша 92,5% құрайды.

12. Ауыл шауашылығында еңбек өнімділігінің өсімі 111,1% жоспар бойынша 98,7% құрайды.

Төмендеу себебі өсімдік шаруашылығында өнімдерді шығаруда ауа-райы жағдайларына 7,5% азаюына байланысты болды (2013 жылға НКИ 92,5%).

Ауа-райы жағдайларына байланысты 650,8 мың тонна астық жиналды (төмендеу 20,4% немесе 166,7 мың тонна).

13. «Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел инвестицияларының үлесі» 4,1% жоспар бойынша 2,0% құрады.

14. «Шетел инвестициялары» 15 597,9 млн. теңге жоспар бойынша 8 049,3 млн. теңгені құрады.

15. «Сарыарқа» ЕЭА инвестицияларның жалпы көлемі 6000,0 млн. теңге жоспар бойынша 3320,0 млн. теңгені құрады.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу кәсіпорынның өз қаражаттарын үнемдеуге байланысты шетел инвесторларының қатысуымен жобалардың іске қосылуын түзетуге байланысты.

16.«Сарыарқа» АЭА қатысушылар саны жоспар бойынша 15 жобалаушыға учаске берудің орнына нақты алғанда 12 жобалаушыға учаске берілген.

Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы берілген жобаларды өзектендіруге байланысты болды.

«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша 4 индикатор және 1 көрсеткіш нәтижесіне қол жеткізілген жоқ.

Нысаналы индикаторлар:

1.Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және білім алумен қамту 98,5% жоспар бойынша 98% құрайды.

Жетіспеушілік себебі болып 2011 жылдан 2013 жыл аралығында мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі жобасы аясында 4760 орындық 15 балабақшаны іске қосуы жоспарлану табылды. Оның ішінде, Қарағанды қаласында 3520 орындық 11 балабақша және Теміртау қаласында 1240 орындық 4 балабақша.

Алайда, келісім-шарт бұзылды, мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы тек республикалық және жергілікті бюджеттерден құрылыс және босату есебінен жоспарлануда. Сондай-ақ, туылу көрсеткішінің өсуі салдарынан кезекте тұрған балаларды саны жыл сайын артуда. Мысалы, қарағанды қаласында 20 мыңнан астам бала, Теміртау қаласында 4 мыңнан жоғары бала тіркелген.

2. (14-24 жастағы) жас аралығындағы жастарды техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі демографиялық жағдаймен, оның ішінде 90- жылдардағы туыл көрсеткішінің төмендеумен байланысты игерілмеді. Қамту үлесі өткен жылғы деңгейде қалып тұр.

3. Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қвлмыстың деңгейін төмендету (10 мың халыққа) 52 құрады жоспарда 50, бұл болжанғаннан 2 промиллге үлкен.

Себебі өткен жылда (2009-дан 2013 жж. бойынша) нақты жасалған қылмыстар бойынша жаңадан ашылған міндеттемелерге байланысты 102 қылмыстық істі қайтадан қозғау болып табылады.

4. Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық деңгейді төмендету (10 мың хылыққа) 0,44 промиллді құрады, жоспарда 0,40, бұл 2014 жылы аталған қылмыстарды тіркеудің 13%-ға өсуімен (54-тен 61-ге дейін) байланысты.



Нәтижелер көрсеткіштері:

1. Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстың үлес салмағы 0,28%-ды құрайды, жоспардағы қатынасында 0,25 және 2014 жылы аталған көрсеткіштер тіркеудің 13%-ға өсуімен 54-тен 61-ге дейін) байланысты.



«Инфрақұрылым» 3 бағыты бойынша 1 индикаторға және 1 нәтиженің көрсеткішіне қол жетікізілген жоқ.

Нысаналы индикатор:

1.Құрылыс жұмысының НКИ 100,3% құрайды жоспарда 107%.



Нәтижелер көрсеткіштері:

1.Құрылыс жұмысының көлемі 224 млрд.теңгені құрады жоспарда 228,6 млрд.

Төмендеу күрделі жөндеу есебінен болды – НКИ 2013 жылға 78,4%-ды немесе 17 млрд.теңге.

«Ауылдық аумақтарды, экология және жер ресурстарын дамыту» 4 бағыты бойынша 1 нысаналы индикаторға, 2 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.

Нысаналы индикатор:

1. Зиянды заттардың қалдықтарының үлесін төмендету 22,4 құрады жоспарда 15 мың тонна.

Қалдықтар үлесінің өсуі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ СД өнімдерін шығарудың ұлғаюымен байланысты: агломерат 21,3%-ға, кокос 15,7%-ға, шойын 23%-ға,болат 19,2%-ға, илек 3,2%-ға. Бұдан басқа «Арселор Миттал Теміртау» АҚ СД бойынша қалдықтардың көлемі 13,9 мың тоннаға өсті. Балқаш «Kasakhym Smelting» ЖШС мысты шығару көлемдерін 1,4%-ға ұлғайту, 6,1 мың тонна атмосфераға ластайтын заттардың қалдықтарының көлемдерін ұлғайтуға алып келеді.

Нәтижелер көрсеткіштері:

1.Білім беру мамандарын ауылға тарту 123 адмды құрады, жоспарда 175 адам.

2.Денсаулық сақтау мамандарын ауылға тарту 26 құрады, жоспарда 46 адам.

Жетіспеушілік себебі болып тартылған мамандарға ұсынылған шарттар жасалынбайтындығы табылады.



3. Орындалған және орындалмаған жоспарлы шаралар және олардың орындалмау себептері туралы ақпарат

2014 жылы 247 іс-шараларды іске асыруға жалпы сомасы 158,6 млрд.теңге қарасытырлды, олар бойынша игеру 155,5 млрд.теңгені құрады (жоспардан 98,1%). Оның ішінде:



«Экономика» 1 бағыты бойынша барлығы 52 іс-шараны іске асыруға жалпы сомасы 45634,1 млн.теңге қарастырылды, 44637,4 млн.теңге игерілді.

«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша барлығы 134 іс-шараны іске асыруға жалпы сомасы 51028,5 млн.теңге қарастырылды, 50539,5 млн.теңге игерілді.

«Инфрақұрылым» 3 бағыты бойынша барлығы 19 іс-шараны іске асыруға 61431,8 млн.теңге қарастырылды, 59824,7 млн.теңге игерілді.

«Ауылдық аумақтарды, экология және жер ресурстары» 4 бағыты бойынша 326,4 млн.теңге сомасына 9 іс-шаралар қарастырылды, 326,4 млн.теңге игерілді.



«Мемлекеттік қызметтер» 5 бағыты бойынша 33 іс-шараны іске асыруға 141,3 млн.теңге қарасытырлды, 113,6млн.теңге игерілді.

2014 жылы іске асыруға қарастырылған 247 іс-шаралардан 4 іс-шара орындалған жоқ, оларға:

«Экономика» Бағдарламасының 1бағыты:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау» жоспарда 2115,7 млн.теңге, 1867,1 млн.теңге игерілді.

ҚБШ (қолма қол ақша бақылау шотында) қаражаттың жоқтығына байланысты 248,6 млн.теңге игерілмеді.

2. «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» жоспарда 2012,5 млн.теңге, 1863,3 млн.теңге игерілді.

ҚБШ (қолма қол ақша бақылау шотында) қаражаттың жоқтығына байланысты 149,2 млн.теңге игерілмеді.

«Инфрақұрылым» Бағдарламсының 3 бағыты бойынша:

3. «Облыстың мердігерілік жұмысының өсімін қамтамасыз ету» 224 млрд. теңгені құрады жоспарда 228,6 млрд.теңге.

Төмендеу күрделі жұмысты азайту есебінен болды – НКИ 2013 жылға 78,4% және 17 млрд.теңгені құрады.

«Мемлекеттік қызметтер» Бағдарламаның 5 бағыты:

4. «ҚР мемлекеттік органдарының Бірыңғай көліктік саласының облыстық сегментін құру және пайдалану («Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ қоландыстағы заңнама нормаларына сәйкес ұйымдастырылған және қолдау көрсетілетін IP VPN технологиясы бойынша қойылған жүйе) жоспарда 64 850,0 мың теңге, нақты – 33020,2 мың теңге.

ҚР мемлекеттік органдарының Бірыңғай көлік саласына жергілікті атқарушы органдардың қосу нүкетесін жандандыру есебінен шығындар сомасы жиналды, сондай-ақ жеткізушілермен бұрын өзіне алған коммерциялық ұсыныстағы міндеттерді орындамауға байланысты болды.

4. Облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына әсер ететін орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына әсер ететін орындалмаған іс-шаралар жоқ.


5. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына құжаттарды жүзеге асыруға ықпал ету құжаты бағытталған шешімге мәселелер мен тапсырмаларды шешу дәрежесі туралы ақпарат.

Облыстың 2011-2015 жылдарға араналған Даму бағдараламсын іске асыру аясында өңірді дамытуды енгізумен облыс «өңдеуші өнеркәсіптің орталығы болады».

2014 жылы облыстың алдында экономика өсімін 3,8%-ға өсіру міндеті және өңірлік өнімінің үлесі көлемін -273,1 млрд.теңгеге жеткізу тұрды.

Бірақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы қорытындыларын талдау 2014 жылдың ішінде өңдеуші өнеркәсіпте жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу бойынша тәуекелдердің мүмкіндіктерін сақтау көсетілді.

Әлемдік нарықты мыс қорлармен толтыру және мысты экспорттаушы негізгі тұтынушылары болатын Қытай экономикасының дамуын баяулауы әлемдік нарықтағы мысқа бағаның төмендегеніне ақпал етті (2014 жылы мысқа ортақ баға – тоннаға 6872,5$, 2013 жылы – 7526,5 АҚШ долл. немесе 2013 жылға 91,3%). Бұл жағдай мыс шығару көлемдерінің төмендеуіне сөзсіз ықпал етті.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкімен шығарылған теңгеге түзету 2014 жылдың ақпанында ҚР коридорында жоспарланғандар аясында 106-108% инфляция өсімін ұстаудың болмауына қауіпін қойды.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, облыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ жобаларды іске асыруға жоспарланған және өнім түрлерін, салалар қимасында экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары қамтамасыз етілген болатын.

Жыл ішінде оларға қол жеткізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді.

2014 жылы 44,3 млрд.теңге инвестициялар көлемімен Индустриаландыру картасының 10 жобасы енгізілді, 1184 жаңа жұмыс орны құрылды.

Индустриаландыру картасының енгізілген жобаларымен (4,5 мың адам жұмыс орнын құруымен 122 млрд.теңгеге 59 жобалар) 73,8 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірлді немесе жалпы өнеркәсіп өнімінен 5,2%.

Индустриаландыру Картасынан тыс 1,7 млрд.теңге жалпы өндіріс көлемімен 12 жоба енгізілді.

2012 жылдан бастап өз қызметін жаңартқан тоқтап тұрған 6 кәсіпорындардан, 2014 жылы 2 реанимирленген.

«Сарыарқа» АЭА инфрақұрылым құрылысының ұзақтылығы (жалпы құн сметасы – 25,4 млрд.теңге) және «Бемер Арматура» ЖШС, «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС 2 жобасы енгізілген болатын.

2014 жылы қарашадан қабылданған шаралар есебінде Жезқсзған мыс балқыту зауытын енгізу және мыс тауар катодын шығару қымтамасыз етілген болды.

№3 Арселор МиталлТеміртау домна пешін қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2014 жылдың 25 желтоқсанында Мемлекет басшысының қатысуымен Жалпыұлттық Телекөпір барысында пайдалануға енгізілді. 19 кг Доре құймасы өндірілді немесе жоспарға 100%.

«Тау-Кен Темір» ЖШС (Силициум Қазақстан) кремнии зауытын іске қосу жүргізілді. 2014 жылдың 15 қазанында металлургиялық кремнидің бірінші балқыту жүзеге асырылды. 1963 тонна металлургиялық кремнии 636 млн.теңге сомасына өндірілді (2014 жылғы жоспарға 196,3%).

2014 жылға өнеркәсіптің НКИ нәтижесі – 103,7%.

Облыста инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында тұрақты негізде тауарлар мен қызметтерге бағаның өсіміне жол бермеу бойынша шаралар қабылданды:

-халықтың аз қамтылған халық қатарын қолдау мақсатында43 әлеуметтік павильондар жұмыс істейді;

- апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тауар өндірушілермен, ауыл өнімдерінің қатысуымен нарықтағы бағадан 15-20% төмен баға бойынша өткізіледі. Барлығы 2014 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына 355 жәрмеңке өткізілді;

- азық-түлік тауарларының қорын тұрақтандыру және тауарлық түгендеуге келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта тұрақтылық қорында 500 тонна картоп (килограммына 55 теңге бойынша), ормажапырақ – 30 тонна (55 теңге), қызылша – 34 тонна (55 теңге), сәбіз – 68 тонна (50 теңге), пияз – 130 тонна (65 теңге), қарқұмық – 55 тонна (120 теңге), қант – 45 тонна (158 теңге), күріш – 224 тонна (185 теңге), өсімдік майы – 147 тонна (литріне 201 теңге ) бар;

- елімідің оңтүстік өңірлерінен жасыл кереуендкр ұйымдастырылады. 30 тонна орамжапырақ және 25 тонна пияз жеткізілді.

-нарықта жеіңлдік сауда орындары ұсынылады. Ірі сауда орындарында, супермаркеттерде және қаланың нарықтарында әлеуметтік қатарлар делдалдарсыз нарықтағы бағадан 10-15% төмен баға бойынша өнім өндірілді;

-көтерме жеткізушілермен, тауар өндірушілермен және сауда объектілерімен 3 мыңнан астам меморандумдар жасалды;

-негізгі азық-түлік тауарларына, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша штаб жұмыс істейді;

-халықты ет, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы 210 жұмыс орынын құрумен 5,6 млрд. теңге сомасына 3 жоба пайдалануға енгізілді:

«Қазіргі заманғы жылыжай кешенін құру» («Топар жылыжайы» ЖШС Абай ауданы), жоба құны 4 500 тонна көкөніс өнімі. Жобалық қуаттылыққа шығаруы 2015 жыл.

«Бордақылау алаңдарын, сүт, ет өнімдерін және қымыз өндірсін ұйымдастырумен мал шаруашылығын дамыту» («Қайрат-2» ШҚ Жаңаарқа ауданы). Жобалық қуаттылығы 3000 бас ІҚМ. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2015 жыл.

«Көкөніс сақтаумен жылыжай шаруашылығын құру»( «Ұлытау-Флора» ӘКК). Жобаның құны 182,4 тонна көкөністер, 460 мың дана гүлдер. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2016 жыл;

-облыстың аймақтарында жұмыртқаға бағаны тұрақтандыру үшін 4 құс фабрикасы және орындарындағы опреаторлар анықталды, нәтижесінде жұмыртқаға баға 20-30% төмен;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыстың әкімдіктері және Азық-түлік корпорациялары арасындағы қол қойылға меморандум және белгіленген баға бойынша мемлекеттік өткізілетін ресурстардан астықты жіберу туралы қабалданаған шешім аясында нанға баға өсімін тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Сауда орындарында бір бөлке формалы нанға баға 45 теңгені құрайды.

Қабылданған шаралар негізінде ҚР Үкіметімен жоспарланған коридор ұсталды және 2014 жылдың желтоқсанына тұтынушы баға индексі 108% құрайды.
6. Игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулердің деңгейі туралы ақпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 27.11.2014 жылғы №38 және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 25.11.2004 жылғы №181 бұйрықтарымен бірлесіп бекітілген мемлеккетік қызметтерді көрсету сапасын бағалау Әдістемесін өзгертумен байланыст» «Қызмет көрсету сапасымен халықты қанағаттандыру деңгейі» Бағдарламада жоспарланған жоқ.

Жоғарыда көрсетілген Әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агентства) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілген қоғамдық мониторингтік қорытынды бойынша есептеледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бұйрығымен бекітілген, «2015 жылы облыстың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қызметі тиімділігін бағалау кестесі» 2015 жылдың 6 сәуіріне дейін Агентік бағаланатын мемлекеттік органға бағалау нәтижесі туралы қорытындыны ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.05.2014ж. №553 қаулысымен бекітілген) облыста мемлекеттік қызмет көрсетудің 130 түрі көрсетіледі.

2014 жылдың ішінде облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 4 млн. астам қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің саны 5,3% (3,9 млн.қызмет).

Облыста мемлекеттік қызмет көрсету ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» №88 Заңына сәйкес көрсетіледі.

Тұрақты бақылауда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі баөқылау жүйесін ұйымдастыру жетілдіріледі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бақылауда болады.
7. Бөлінген қаржылық қаражаттың игерілуі туралы ақпарат

Бағдарламаны іске асыру Іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен 2014 жылы 158,6 млрд.теңге жоспарланды, нақты игерілгені 155,5 млрд.теңге (жоспардан 98,1%), оның ішінде:

Қаржыландыру көздері бойынша жағдай келесідей көрініске ие:

-республикалық бюджет есебінен 60946,7 млн.теңге қарастырылды, 59128,9 млн.теңге игерілді немесе жоспардан 97%;

-жергілікті бюджет есебінен 43207,6 млн.теңге қарастырылды, 41967,6 млн.теңге игерілді немесе жоспардан 97,1%;

-басқа көздер есебінен 54407,9 млн.теңге қарастырылды, 54407,9 млн.теңге игерілді немесе жоспардан 100%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет