Басшы қызметінің этикасы
Ұйымның этикалық нормалары және басшы этикасы.Бүгінгі қоғам
талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени
өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды
қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» –
адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік»,
«имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында
мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-
құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік
белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау,
имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік,
қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.Адамгершілік принциптері
әлеуметтік- мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да,
жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше
әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына
қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық,
әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу,
келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-
қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы
махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап,
құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет
жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім,
әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-
қатынасынан көрінеді.Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ
та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы,
жағымды
қарым-катынаспен,
ал
адамгершілікке
жат
қылық,
тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі.
Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық
қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын
сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік
көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік
белгісін танытады.Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата
білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды
мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан
бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет,
қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау
керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты
байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол
ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі.
Сондықтан да балаларды жағымды қарым- қатынасқа бағыттап, үйрету жөн
болады.
2.Ұжымдағы өзара тұлғалық қатынастардың этикалық нормаларын
басқару. Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар,
ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-
қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп
қарастырылады. Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде
ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі:
солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы,
екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы. Ұжым
жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік
қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға
қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты
бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.Ұжымның
негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың
кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге
араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру. Ұжымның дамуына
ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету
атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың
дамуы, саналы дисцеплинаның болуы. Профессионалды білім алу саласында
ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап
жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер
азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен
бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы
уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға
тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана
педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ. Оқушылар ұжымына деген жоғарғы
талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға
тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып
табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі
жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр
педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие
жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының
педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен
педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын
нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни
кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Әрбір педагог оқушылар
ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған,
сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай
жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог
оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың
қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген. Ең мақсаты
деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады: - жалпы талаптар -
теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын
талаптар. - шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар. -
Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар. Аталмыш талаптарды
орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы
мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен
жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ .
Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды
категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана
мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң
талабын түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы
оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс. Қойылар талаптардың
орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік
арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп
ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды
түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл
жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі
болмақ . Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі
бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп
отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп
отыруы тиіс. Ұжымның түрлері. Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым
және ұжым мүшелерінің құрылымы туралы хабардар болуы маңызды
болмақ . Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және
тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және
уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды
ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар);
жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.);
тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан
жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай
алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да
болуы мүмкін. Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт
көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады. Бұл ұжым өзінің
уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша
ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары,
қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан
жүзеге асады. Профессионалды оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан
өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек
қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнімі шығару
болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификацияся ондағы
оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым
құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері
және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады. Ұжым
құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс
таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік
және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу
шеберлігі жатады.Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына,
дамытуына зор үлес қосады. Оқыту ұйымы басқа әлеуметтік ұйымдарда
оқитындарға тәрбие әсерін ескере алмайда. Олардың ішінде әншілер,
суретшілер, спортшылар т.б. маңызды орынды иеленеді.Ұйымдар өмір сүру
уақытымен (уақытша және тұрақты) басқару формасымен ( формалды емес
ұйымдар) , кәсіпкерлік мазмұнымен ( қоғамдық – политикалық, потриоттық,
танымдық т.б.) классификацияланады. Мұндай шағын ұйымдар оқушылар
мен мұғалімдердің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру
үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар оқушылардың
сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын
жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Қортынынды шығару,
ұжымдық рефлекция ұжым мүшелерінің кезең- кезеңімен ұжымдық
қызметтің бірлесе отырып жасауға жаңа мақсат қоюына әкеледі. Өзін-өзі
басқару оқушылардың кез-келген қызметтері түрінде дамыды. Тез дамыған
сайын қызығушылар көлемі де кеңейе түседі.Өзін-өзі басқарудың
спецфикалық қызметтерін мақсатты түрде бөлу Соларға өзін-өзі реттеу,
ұжымдық өзін - өзі бақылау. Өзін-өзі активациялау - әртүрлі сферадағы
істердің жүйелі орындалуына жііне басқару мәселелерінде шешім
қабылдауда
мүшелер
санын
көптеп
кірістіруді
қарастырады.
Ұйымдастырудың
өзін-өзі
реттеу
-
ұжымның
өзінің
құралын
ұйымдастырудың мәселелерін шешуде одан әрі жақсарту үшін және
ұйымдастыру қызметтерін шешуде ұжым мүшелерінің табандылығы мен
белсенділігі және авторитеті дегенді ұғындырады. Ұжымдық өзін-өзі
бақылау – жеке ұйымдастырушы мен өзін-өзі басқару органдарының өзінің
атқаратын іс-шараларына өзін-өзі таңдау, үнемі анализ жасап отыру –
басқарудағы мәселелерге қолайлы шешім табуға жол іздеу үшін
қолданылады. Өзін-өзі басқарудың дамуында өндірістік оқыту шеберінің
ролі
міндетті.
Оның
оқушыларға
олардың
мүмкіндіктері
мен
жауапкершіліктерін түсіндіріп отыру өте маңызды. Шебердің басты мақсаты
– оқушылардың белсенділігін арттырып, іскерлік түрі мен ұйымдастыру
формасын таңдауға көмектесу. Ұжымдағы өзін-өзі басқарудың дамуындағы
жетекші факторлардың бірі - бұл оқушылардың іскерлік белсенділігін
арттырып қана қоймай, қарсыластық рухпен жігерлендіретін топаралық
бақталастық қарым-қатынас. Тек мұндай қарым-қатынастарды барынша
адамгершілік құндылықтармен толықтыру керек, бұл оларды адалдыққа
баулиды. Педагогтар өзара көмекке бағытталған іскерлікті қолдануы керек.
Барлық оқу орындарындағы ұжымындағы оқушылардың өзін-өзі
басқарудағы дамуы топтағы өзін-өзі басқарудағы дамуымен салыстырғанда
өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарындағы өзін-өзі басқару олардың
алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Топ ұжымы өзінің
өспелі және тұрақты құрамымен олардың әрқайсысы үшін қоғамдық
іскерлікке араласу мүмкіндіктерінжасайды. Сондықтан оқу орындарындағы
өзін-өзі басқару топтық ұжымдардың инциативасы мен дербестігін
шектемеу керек. Педагог оқу орындарындағы өзін-өзі басқару қалай жүзеге
3.Басшының этикалық мінез-құлық нормалары. «Қиын» басшымен өзара
қарым-қатынас этикасы.
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен
тәжірибелік талап- тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы.
Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-
қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық,
сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының
бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда
адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды.
Демек, басшылар осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені
журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.
Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз
ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен
азаматтық парыздан туындайды.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Ұжымның түрлері дегенді қалай түсінесіз?
Басшының этикалық мінез-құлық нормалары?
Этика – адамгершілік пен мораль туралы түсінік?
Достарыңызбен бөлісу: |