Қарым-қатынас және оны басқару
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық категория ретінде.Қарым-
қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық
дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты. Қарым-
қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады: 1. “Бет-перделердің
байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру
ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер
қолданылады, әігімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын
біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы. 2. Басқа адамды қажет
немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым- қатынас;
егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі
келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді
қолдана отырып ызаланады. 3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде
әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл
аударылады. 4.Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының
ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы
басым. 5.Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-
келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану
міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір- бірін ымынан, бет
әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады. 6. Манипулятивті қарым-
қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты
түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау,
арбау, мейірімділікті таныту). 7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның
затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол
жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті
құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. Өзінің және басқа
адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі – рефлексия, яғни кері
байланыс құбылысы. бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен
қалай қабылданатындығын түсінуі. Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік
психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша
жүзеге асады: сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз
каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар
ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді. Басқа адамдармен
қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлеуметтік рөлдері бар.
Алайда қандай рөлді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне,
әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-
құлқының икемділігіне байланысты. Адамның даралық психологиялық
ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен
темперамент қасиеттерінде көрініс табады. 2.Іскерлік қатынастағы
коммуникативті мәдениет.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым- қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Қарым-
қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,
тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі
қабылдауы
жүзеге
асады.
Қарым-қатынастың
интерактивті,
коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро,
рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-
коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен
байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу
және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік
(адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Адамдар арасындағы
қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-
қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы
зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс
жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-
жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің
орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен
жағымпаздықсыз қарым- қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін
сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа
адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас
мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен
қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-
қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
3.Іскерлік қатынастың түрлері және оны басқару. Қарым – қатынастың
іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі Адамдар арасындағы қарым-қатынастың
басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда
қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа
адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік
береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,
түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды
болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға
мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең
дәрежеде,
дөрекілік
пен
жағымпаздықсыз
қарым-
қатынас
жасау;сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш
деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және
тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға
өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді.
Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі
болып табылады. Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет
қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан
да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат,
тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым- қатынас тұлғалар мен
топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас
барысында
адамдардың
танымдық
хабарлармен,
ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара
түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген
үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.
Негізгі қызметі: Қарым-қатынастың жетекші түрі Қарым-қатынастың
жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым- қатынас түрі,
бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық
қасиеттер қалыптасады. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр
сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын
өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi
байланысты
сезiнедi.
Қарым-қатынас
психологиясы
мынандай
құбылыстарды зерттейдi - адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi,
елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-
әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр
түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар
арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.Егер қарым-қатынас
болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге
көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды
жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi,
жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта.
Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi
кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн
сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық
өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың
өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз
өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның
негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың
басқа
түрлерi
пайда
болды.
Мысалы;
жазбаша
қарым-қатынас
жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң
әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-
келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-
қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны
байқаймыз: • басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз
және бағалаймыз. • Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен
қабылдаймыз. • Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк
тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. • Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға
елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. • Шешiм қабылдағанда көп
жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнед:
1. ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң
көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым
дайындық. Ал жабық қарым- қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын
қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы. 2.
Монологты стратегия. 3. Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы,
үлкен-кiшi). Қарым-қатынастың түрлерi: 1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр
күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым- қатынас, яғни мұнда
маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп
ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы
сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында
көрсетпейдi. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының
тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-
қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi,
жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы
мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-
қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз
арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5.
Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға
бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты
түрлi әдiстер пайдаланады. Бақылауға арналған сұрақтар: Іскерлік
қатынастағы коммуникативті мәдениет дегенді қалай түсінесіз? Формальды
рөлдік қарым-қатынас деген не? Тақырып 5. Вербальды қарым-қатынас,
Вербальды емес қарым- қатынас Негізгі сұрақтары: Мәдениетаралық қарым-
қатынастағы вербалды қатынас. Вербальды емес қарым-қатынас негіздері.
Вербальды емес қарым-қатынастың кинесикалық ерекшеліктері.Визуалды
қатынас. Қарым-қатынас классификациясы. 1.Мәдениетаралық қарым-
қатынастағы вербалды қатынас. Вербалды және вербалды емес қарым-
қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты
түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар
алмасу.Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 1.Информативтi –
адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2.Интерактивтi –
адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып
сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi
қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4.Экспрессивтi –
эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. Хабар беру мына
бағыттармен жүзеге асады: -жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық
беру. -төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек. 1. хабар
берушi 2. мәлiмет 3. арнайы ақпарат беру құралы 4. ақпарат алушы Туризм –
жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейінгі аралықта, не 24
сағаттан аз уақытша болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты емес
мақсатта түнеп өтетін саяхаты. Туризм түрлері: Экологиялық Танымдық Іс-
әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-
қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар
теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д.
Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д.
Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл
келіс Г. Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай
арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған
еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың)
психологиялық
ерекшеліктерін,
коммуникатор
мен
аудиторияның
сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б.
зерттеуге бағытталған. Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу
компоненттері (жалпы түрде: бастау - хабар - арна - алушы) мен аймақтары
қарастырылады (коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары,
ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы,
ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.).
эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде
аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері
байланыс
әсеріне,
аудиторияның
өзінің
сипатына
және
де
коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне,
мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат»,
«жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып
табылады. 3.Қарым-қатынас классификациясы. Классификация – бұл
ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне
қарай қайта топтасуы. Қандай да бір топқа жататын объектінің белгісіне
қарай топ болуын классификацияның негізі деп атайды.Шиеленістердің
классификациясы дегеніміз – салыстырмалы түрде олардың мән –
мазмұнына қарай белгілерін, байланысын, функцияларын, қарым –
қатынасын, деңгейін анықтау үшін қажет.Классификация бұл – тек қандай
да бір ғылым объектісін сипаттау ғана емес, бұл ғылым объектісі туралы
пайда болу жаңалықтарын шиеленіс ұғымын кең мағынада түсіну тболып
табылады. Классификацияның негізгі міндеті – көп жерде кездесетін
шиеленістің жүйелік белгілерін анықтау. Егер классификацияға негіз
ретінде көзге көрінетін шиеленістің белгісін алатын болсақ, онда ол табиғи
белгі деп аталады. Мұндай классификациялар танымалдық мазмұнға ие.
Мысалы, мұндай классификациялар топтық шиеленісті тудырады.
Тәжірбиелік мақсатта зерттеуге қажеті жоқ шиеленістерді жасанды
классификация деп аталады. Классификацияның мынандай негізгі түрлері
бар: 1. Типологиялық 2. Систиматикалық 3. Таксоманиялық 1. Типологиялық
классификация дегеніміз – егер шиеленісте маңызды белгі бар болса, онда ол
типологиялық классификация деп аталады. Мұндай түр типологиялық
классификацияға қарағанда, әлде қайда қиын түрлерге жатады.
Типологиялық классификациядан көптеген шиеленістердің түрлері пайда
болады. 2. Биологиялық тілмен айтқанда систиматикалық классификация
бұл – ғылымның жеке бір саласы, ол басқа классификацияларымен
араласпайды. 3. Таксономиялық классификация бұл – классификацияның
негізін құрайды. Ол иерархиялық қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Биологияда және ботаникада таксономия систиматиканың бөлімі болып
табылады. Ол таксономиялық жүйені зерттейді. Қандай да бір топтың,
объектінің
қоса
бағынуды
қарастырады.
Ал
конфликтологияда
таксономиялық шиеленістер әлі кездескен жоқ, бірақ 1.маскалар
байланысы-ресми
қарым-қатынас,
адам
басқа
адмның
тұлғалық
ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды,ғ әр түрлі
маскаларды қолданады. Басқаша айтқанда, бұл басқа адамға деген шынайы
эмоция мен қарым- қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-
ишара жиынтығы. 2. қарапайым қарым-қ- басқа адамды қажетті не кедергі
объект ретінде бағалау. 3. ресми рөлдік қарым-қатынаста қатыр-қатынас
мазмұны мен құралы көрініс табады. Мұнда адамның рөлін білеу жеткілікті.
4. кәсіби қарым-қ-та тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері
есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып таб. 5.
рухани қарым-қатынасы достар арасындағы тұлғааралық қарым-өқатынас,
олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады. 6. манипулятивті қарым-қ.с-
адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байл.әр түрлі тәсілдерді қолдану
арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады. 7. ауқатты қауым
қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген
нәірсе жайлы айтады. Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынастарды 3
түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым-қатынас-ата-ана, туған-туыс.2. міндетті
қарым-қатынас- студент пен мұғалім. 3. Ынтымақты қарым-қатынас-достар,
жолдас, т.б.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Визуалды қарым- қатынас дегенді қалай түсінесіз ?
Қарым- қатынас түрлерін атаңыз?
Классификацияның қандай негізгі түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |