Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен



Pdf көрінісі
бет146/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен 
кейбіреулердің мүгедек, кемтар болып 
туылатындығы яки кейіннен түрлі себептер-
мен мүгедектікке ұшырап жататын жайт-
тары өмірде көп-ақ. Кей адам бұл өмірден 
еш қиналыс көрмей рахатқа батып өтеді де, 
кей жандар өмір бойы тауқымет тартып
қиыншылықтан көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы 
Жаратқанның әділдігі тұрғысынан қалай 
түсінуге болады?
«Таршылық адамды шынықтырады,
Баршылық адамгершілікті ұмыттырады»
Нақыл сөз
Біріншіден, Алла Тағала – бәріміздің Ұлы Иеміз. 
Терең үңілер болсақ, біз денеміздегі ешбір мүшемізді 
өзіміз жаратпадық, еш жерден сатып та алмадық. 
Бұлардың бәрі бізге Ұлы Шебер тарапынан тегін берілді. 
Сондықтан, біз – Ұлы Жаратқанның басыбайлы мүлкі-
міз. Ендеше, Ұлы Иеміздің өз мүлкімен нендей қатынас 
жасауы Өз қалауында. Ауыртады, кейін 
«Шафи»
есімімен 
көмектесіп шипа береді. Құлын ашықтырады да, кейін 
Өзінің теңдессіз 
«Раззақ»
екендігін, яғни рызық беруші 
екендігін сездіртеді. 
Екіншіден, Ұлы Жаратушымыз өте әділетті. Ол 
еш-бір құлына титтей де қиянат жасамайды. Әділдік 
дегеніміз не? Әділдік деп негізінен жүктің қоржынның 
екі жағына тең артылуына айтылады. Яғни, берілген 
нәрсеге қарай қарымының қайтарылуына әділдік 


241
ИМАНИ ГҮЛ
делінеді. Берілген нәрсенің қарымы кем болса, 
«қалғаны 
қайда?»
деп жетпегенін сұрауға қақымыз бар. Бірақ тегін 
берілген нәрсеге аз бердің яки көп бердің деп реніш 
білдіруге, 
«әділдік қайда?»
деп аттан салуға ақымыз жоқ. 
Мысалы, бай адам бір ауылға барып тегін көмір, ұн та-
ратып, екінші бір ауылға барып тек қана ұн таратса, сон-
да еншілеріне тек қана ұн тиген екінші ауыл әлгі адамға 
рақмет айтудың орнына
 «бізге ұн ғана бергенің не?
барып 
тұрған әділетсізсің»
дей ала ма? Әрине, жоқ. Себебі, 
тегін берілген нәрсеге 
«аз»
яки 
«көп»
деп шағым жасау 
әділетсіздіктің нақ өзі болмақ. 
Керек десеңіз, Жаратқанның тегін берген әрбір 
мүшеміздің қайтарымына біз не бердік? Бір ғана мүшенің 
қарымын төлеңдер десе өтей алар ма едік? Ұлы Жарату-
шыны әділетсізге балап, 
«екінші көзімді бер»
деп қатаң 
талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Әрине, егер тілек тілеген сәтте шағымдану емес
Оған деген мұқтаждығымызды сезініп, құдіретіне бас иіп 
сұрасақ, ол басқа мәселе.
Үшіншіден, өмірде кездесетін әр түрлі қиыншылық-
тар, айықпас дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының 
адам үшін дүниелік кішігірім зияны болғанымен, оның 
рухани өмірімізге ақыреттік пайдалары өте көп. Жанын 
құтқару үшін гангрен (іріңдеп, шіріген) болған саусағының 
кесілуіне ешкімнің қарсы шықпасы анық. Яғни кішігірім 
зиян үшін үлкен пайдаларға ешкім тосқауыл болмайды. 
Оттың өртке себеп болуын желеу етіп оттың бар пайда-
сын жоққа шығарып, жалпы от атаулыны 
«жаман»
дей 
алмаймыз ғой. Міне, дүниеде құлдың басына келетін 
әр түрлі қиыншылықтар мен аурулардың да дүниелік 
зияны болғанымен оның ақыреттік пайдасы өте зор. 
Адамның рухы өмірдегі қиыншылықтар арқылы таза-


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет