274
ИМАНИ ГҮЛ
өзгенің көңіліне аз да болса үрей
салудың өзі исламға,
шынайы мұсылманға жат әрекет екенін түсіндірген.
Беліне бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін
өзіне де қол жұмсаған
жанкештілер өздерін
«шейітпіз»
деп есептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды
өлтірумен келетін оп-оңай нәрсе емес.
Өзін-өзі өлтіру – исламда үлкен күнә.
Құранда
«Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»
152
делінген.
Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан әрі оны
түсіндіруші соңғы пайғамбар Мұхаммедтен (с.а.у.)
үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының
қайнар көзі саналған
Құран мен Пайғамбарымыздың
өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандарды қыру бар
ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған
адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай
уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген
бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай
ауыр күнә екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамның пайдасы үшін
болса да исламда қандай
да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Жалғыз ғана
адамның құқы – жалпы қоғамның құқындай қымбат.
Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апара-
тын
жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.
Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге
дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді.
Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған
күрес емес, керісінше, исламға қарсы қиянат.
Кейінгі кезде Ислам
мен терроризмнің бірге айты-
луы – тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары
үшін таптырмайтын олжа болды.
Сондықтан қандай
қиын жағдайға душар болса да мұсылмандар исламның
атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден аулақ болуы
152
Ниса сүресі, 29-аят.