175
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыздың хадисінде:
«Періштелер нұрдан
жаратылған...»
86
– делінген.
Періштелер адамнан бұрын жаратылған. Олардың
өздеріне тән денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп-
жеуге, ұрпақ көбейтіп, көбеюге,
шаршап-шалдығып,
ұйықтауға мұқтаж емес. Жынысқа бөлінбейді. Қызғану,
ашулану, ренжу, тәкаппарлану сияқты жаман сипаттар
олардың пәк дүниесінен аулақ. Олар үнемі Ұлы Жа-
ратушыларына ғибадат жасайды. Ғибадат – олардың
қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін
бұлжытпай, айна-қатесіз орындайды.
Олар ешқашан
күнәнің кішісін де, үлкенін де жасамайды. Барлық күнә
атаулыдан қорғалған. Құранда:
«Оның жанындағылар
(періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасау-
дан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жа-
саудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан
күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп)
тәсбих етеді»
87
. «Періштелер Алланың бұйырған
нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса
соны қалтқысыз орындайды»
88
,
– делінеді.
Періштелер Алланың рұқсатымен әр түрлі бейне-
пішінге кіре алады. Періштелер пайғамбарларға негізгі
бейнелерімен және басқа да бейнелерімен көрінген.
Мысалы, Жебірейіл періште Пайғамбарымызға және
жанындағы сахабаларға
жолаушы кейпіндегі адам
бейнесінде көрінген
89
. Ибраһимге қартайған шағында
Алла тарапынан сәби берілетінін сүйіншілеп келген
періштелер де
адам бейнесінде келгендіктен, Ибраһим
(а.с.) оларды қонақ етпек болып арнайы тамақ дайында-
тады. Бірақ олардың тамақ жемей отырғандарын көрген
86
Муслим, Китабуз-зуһд/2996
87
Әнбия сүресі/19-20.
88
Тахрим сүресі/6.
89
Муслим, Иман.
176
ИМАНИ ГҮЛ
уақытта жүрегіне үрей ұялайды. Кейіннен барып олардың
сөздерінен періште екенін аңғарады
90
.
Алла Тағала періштелерге адамның қолынан
келмейтін қабілеттер мен мүмкіншіліктер берген. Олар
аз ғана бір мезеттің ішінде ұзақ жерлерге жылдам барып
келе алады. Таудай ауыр жүктерді көтеретіндей күш-
қуатқа ие.
Құранда және пайғамбарымыздың хадистерінде
періштелердің қанаттары жайлы әңгіме қозғалады.
Бірақ олардың қанаттарының
қандай қанат екені бізге
беймәлім. Періштелердің жаратылысы мына дүниедегі
жаратылыстарға ұқсамағандықтан олардың қанатын
дәлме-дәл құстардікіне, яки басқа нәрселерге ұқсайды
деп айта алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: