Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет104/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
лып, Құранның тілімен айтқанда
«түтілген жүндей»
болды. Таулар көшіп, сынаптай толқып, әр жерден 
атқылап шыққан жанартаулар сай-сайды қуалап, алдынан 
шыққанды өртеп, жұтқан күйде ағып барады. Әшейінде 
отты сумен өшірсек, бүгін, міне, су атасы теңіздер де өртке 
айналып, жалын шашып тұр. Жай уақытта аз ғана жер 
сілкінуден үрейі қашып, жүрегі жарылатын адамның бұл 
күнгі жағдайын бір ойлаңызшы?! Жер беті қап-қараңғы. 
Тек әр жерден аққан жанартаулар мен теңізден шыққан 
қалың өрттің қорқынышқа толы қызғылт түсті жарығы 
ғана бірде сөніп, бірде жанып, бірде күшейіп, бірде 
әлсіреп тұр. Бұл көріністерге куә болған тау-тастағы, ну 
ормандағы жай уақытта бір-бірінен үрке қашатын жабайы 
аңдар да қорқыныштан бір-біріне үйездеп, бүріскен бойда 
шоғырланып әр жерде топ-топ боп, шыңғыра шыққан әр 
түрлі дауыстарымен қорқынышқа қорқыныш қосқан.
Иманнан нәсібін ала алмаған 
«шығайбайлардың» 
бір-бірімен бәсекелесіп, жарыса соққан ұзын-ұзын, қабат-
қабат үйлері күлдей үгітіле құлап, ішіндегі адамдар 
«ой-
бай» 
деген үйреншікті сөзді ғана айтуға шамалары келіп, 
жермен-жексен болып, бетондардың астында мыж-тыж 
боп жаншылған бойда көміліп жатыр. Қорқыныштан 
не істерін білмей, жүректері аузына келіп, өне бойы 
қалтырап, не болып кеткенін түсінбей абдырап қалған 
адамдар. Ары-бері сабылып шырқырай жүгірген жандар 
бір-бірін танымайды. Бұл күні қорқыныштан аяғы ауыр 
жүкті әйелдер де түсік тастайды.
Күн-түн демей тер төгіп қол жеткізген байлықтарға 
да, асыл, құнды дүниелерге де бұл күні ешкім пысқырып 
та қарамайды. Бұл сәтте асыл тастардың да, алтын-
әшекейдің де ешкімге керегі жоқ. Хадисте айтылғандай 
«масаның сынық қанатынан да құнсыз».
Кедей, жарлы-
жақыбайларға соқыр тиынын да қимаған 
«шығайбайлар»


172
ИМАНИ ГҮЛ
бұл күні амалсыз артта қалып бара жатқан мал-мүлік, 
дүниелеріне қараған бойда 
«неліктен бұл күн келіп жет-
пес бұрын Алла жолында жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?»
деп өкініштен бармақтарын шайнайды. Бірақ оларға осы 
сағатта жасаған бұл өкініштерінен не пайда? Не қайыр?
Айқайлаған құлындағы дауыстар, түсініксіз сөздер. 
Әшейінде тәкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы-
ғып, бұл күнді ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға 
да жалған деп, намаз оқып, ораза ұстап дінге бас иіп, 
осы күннен қорыққан құдайшыл жандарға мысқылдай 
күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар» 
лақабын тағып, менсінбей қарайтын кәпірлер де бұл күнде 
тілі келсе де келмесе де 
«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-
расулуллаһ» 
деу үшін аузындағы қызыл етті алай да бұлай 
да бұрап көріп, жанталасып, бір өліп, бір тіріліп қылғынып 
жатыр. Бірақ, олардың Құдіреті шексіздің осындай 
дүниедегі сынақ уақыты біткен сәтте, әр нәрсенің Оны 
ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары-
нан не пайда?! Не үміт?!
Бірақ осы күн келмес бұрын Ұлы Жаратушысына 
иман етіп, өмірлерін ізгі істермен кестелеген адал жандар 
бұл қорқынышты оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен, 
Рахман Иелері тарапынан жіберілген ғажайып хош иісті 
иіскеген бойда жан тапсырады. Иә, шынайы мұсылмандар 
осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес, хадисте бұл жай-
лы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет