305
ИМАНИ ГҮЛ
артта қалып, сауатсыздықтың шыңырауына құлады.
Ендеше, мұсылмандардың артта қалуы Ислам дінінің
керітартпалығынан емес, керісінше олардың өз діндерінен
алшақтауында, Құранның
өміршең қағидаларын жаңа
өмірге сай дұрыс түсіне алмауларында жатыр. Содан
барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос пен
дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Өз
құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына,
өзгелердің жылтырақ мәдениетінің алдында бүгежектеп
өздерін төмен санаудан аса алмады. Ынтымақ-бірліктеріне
сызат түсті. Талқыланатын қаншама маңызы зор мәселелер
бола тұра түймедей жайттар түйедей етілді. Сол бол-
машы нәрселерге бола бір-бірімен қызыл кеңірдек боп
айтысып-таласып, жаға жыртысуға дейін барудан тайын-
бады, береке-бірліктен айрылды. Ал береке-бірлік кеткен
жерде
даму емес, тек кері кетушілік қана болады.
Иә, бұл айтылғандар мұсылмандардың артта
қалуының негізгі себептері. Бұған қоса, кешегі тарих
беттеріндегі шытырман
оқиғалар да мұсылмандардың
сергелдеңге түсіп, сансырауына себеп болды. Бұған
орта Азияның ғылым мен мәдениет ошағы Отырар-
ды, сан ғасырлар бойы мұсылмандарға ғылым-білімде
орталық болған Бағдат шаһарын
жалмап жұтқан
моңғол-татар шапқыншылығын, бүкіл батыстың
шоғырланып мұсылмандарға ес жиғызбай неше қайтара
жасаған
«крест жорығын»,
ғылым мен өнерде күллі
адамзаттың мақтанышына айналған
«Андалусияның»
мұсылмандардың
уысынан
шығуын,
«Осман
империясының күйреуін»
жатқызуға болады.
Андалусияны (қазіргі Испанияны)
христиандар
жаулап алған уақытта, мұсылмандардың мәдениетін,