99
ИМАНИ ГҮЛ
түскен Құран аяттарын – қазіргі технология мен зертха-
на, жалпы ғылым дүниесі енді ғана түсініп, Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
бас июде. Бүгінде ғылым өзінің сан рет жаңылып, неше
мәрте қателескен жерінде
Құранның әу бастан дөп ба-
сып тура айтқанын көріп таң қалуда. Құрандағы ғылыми
аяттар осы кітаптың
«Кітаптарға иман»
бөлімінде жеке
берілетін болғандықтан,
қазір тек Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған бірнеше
хадисін мысал ретінде келтірейік.
•
Сүндет.
Алла елшісі он нәрсені
адам табиғатына
тән нәрселердің қатарына жатқызады. Соның бірі –
сүндеттелу.
Қазіргі ғалымдар ер кісінің жыныс мүшесінің
аузындағы терінің ластық пен түрлі микробтарды
жинайтындығын, нәтижесінде оның түрлі ауыруларға се-
беп болатындығын дәлелдеуде. Ал одан сақтану жолы –
сүндет жасату.
Бүгін Америка мен Англияда сүндет жасатқандардың
саны миллионнан астам.
«Элефтером Тинос»
грек
газетінің хабарлауынша,
АҚШ-тың педиатриялық ака-
демиясы жүргізген зерттеуге қарағанда,
ұл балалардың
59,5 %-ы сүндеттеледі екен. Осылай істеу арқылы олар
көптеген аурулардан сақтануды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: