Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан



Pdf көрінісі
бет70/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   237
Байланысты:
имани гүл

Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан 
жіберілгендігінің кейбір дәлелдері
44
.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың 
ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына 
жеткені соншалық – ақындар бір шумақ өлеңдерімен 
бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын 
қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді 
татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз 
өнерінен арналған сайыстар ұйымдастырылып, алғашқы 
жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін
алтынмен әшекейлеп қағбаға іліп қоятын. Ақындарды бы-
лай қойғанда, жалпы халықтың өзі бір-бірімен өлеңдесіп 
сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен 
уақытта Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір 
шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) 
«Құранды өзің 
ойдан жазып жатырсың»
деген жалаларына қарсы Алла 
Тағала: 
«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адам-
дар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін 
жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да 
оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»
(Исра/88) – деп аят 
түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап 
етеді. Алайда араб ақын-шешендері Құранға ұқсас бір 
кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына құм 
құйылып, үн-түнсіз қала берді.
44
 Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран 
кімнің сөзі?, Алматы 2004.


122
ИМАНИ ГҮЛ
Алла Тағала басқа бір аятта: 
«Жоқ, әлде олар 
(кәпірлер) Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр 
ма? (Мұхаммед (с.а.у.) оларға айт: Егер айтқандарың 
рас болса Алладан басқа шақыра алатындарыңды 
(жәрдемге) шақырыңдар, (бәрің бірігіп) сендер де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет