Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет20/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
жансыз элементтерден өз-өзінен жанды нәрсе пайда бол-
майтынын дәлелдейді.
Батыстың белгілі ғалымы Макс Планк материяның 
қалай пайда болғандығы жайлы былай дейді:
«
Материя белгілі бір күш-құдірет арқылы тіршілік 
бетіне шығып, пайда болады. Материяның ішінде 
кішкентай-кішкентай күн жүйесі тәріздес жүйелер бар. 
Атом және электрон деп аталатын бұл жүйелер ма-
терияны ыдырап кетуден қорғайды. Ғарышта мұндай 
керемет күш-қуат болмағанына қарағанда күллі жа-
ратылысты белгілі бір жүйеде ұстап тұрған керемет 
ілім, шексіз құдірет иесі болуға тиіс. Міне, материяның 
бастауы – осы құдірет. Бұл құдіреттің Ұлы Жаратушы 
екені күмәнсіз».
Ескі қаңқалар дарвинизмнің
қателігін әшкерелейді
Эволюция теориясы бойынша, барлық жан иелері бір-
бірінен тараған. Ертерек пайда болған белгілі бір жан иесі 
уақыт өте келе екінші бір жан иесінің түріне айналған. Міне, 
осылайша барлық жан иелерінің түрлері пайда болған. Бұл 
теория бойынша, жан иелері түрлерінің бір-біріне айналула-
ры миллиондаған, тіпті миллиярдтаған жылдарда сатылай-
сатылай жүзеге асқан-мыс. Олай болса, осы жан иелерінің 
бір-біріне айналған жүз миллиондаған жылдар ішінде екі 
түрдің бір-біріне айналу кезінде сансыз 
«аралық түрлердің»
пайда болуы және өмір сүрулері тиісті. Мысалы, судағы 
балықтың бірден бауырымен жорғалайтын жан иесіне ай-
налуы мүмкін болмағандықтан, екеуінің арасын жалғайтын 
жартылай балық, жартылай бауырымен жорғалайтын 
«аралық түр»
жан иелерінің немесе бауырымен жорғалай-
тын жан иелерінің құсқа айналу кезінде жартылай бауыры-
мен жорғалайтын, жартылай ұшатын құстардың ерекшелік-


42
ИМАНИ ГҮЛ
тері бар 
«аралық түрі»
пайда болып, өмір сүрулері керек 
еді. Бұл аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру, 
кемшілікке толы болуға тиіс. Егер шынымен-ақ аталмыш 
аралық түрлер өмір сүрген болса, олардың өмір сүргенін 
дәлелдейтін миллиондаған, тіпті қазір өмір сүрген жан-
жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері табылуға 
тиіс еді ғой. Бірақ табылмады. Чарльз Дарвиннің өзі де 
«Түрлердің түбірі»
атты кітабында былай дейді: 
«Егер те-
ориям дұрыс болса, түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз 
аралық түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің 
өмір сүргендіктерін дәлелдейтін жалғыз дәлел – аталмыш 
аралық түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо-
лар еді».
Бірақ Дарвин өзінің теориясын дәлелдейтін аралық 
түрлердің қаңқаларын терең зерттеулердің нәтижесінде де 
таба алмағанын былай деп мойындайды: 
«Егер шынымен-ақ 
барлық жан иелерінің түрлері бір-бірінен сатылай-сатылай 
дами отырып пайда болса, неге сансыз аралық түрлердің 
қаңқаларына кезікпейміз? Неліктен жалпы жаратылыс 
кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!»
4
.
Дарвин: 
«Қазір бұл аралық түрлердың қаңқалары 
табылмағанымен келешекте міндетті түрде табылуға 
тиіс»
деген үміті арқылы өзін-өзі жұбатты әрі оңбай 
қателесті. Үмітсіз шайтан деген эволюционерлер Дарвиннің 
бұл үмітіне сенім артып, 19 ғасырдың ортасынан бастап 
осы күнге дейін дүниенің әр-әр жерінде өте қызу түрде 
аралық түрлердің қаңқаларын іздеу жұмысын жүргізді. 
Бірақ осыншама қызу зерттеулердің нәтижесінде үміттері 
босқа шығып, ешбір аралық түрлердің қаңқасын таба ал-
май діңкесі құрыды. Керісінше, жүргізілген зерттеулерден 
табылған қалдықтар, эволюционерлердің күткеніндей емес, 
барлық жан иелерінің тіршілік бетіне сатылай-сатылай емес, 
бірден кемшілік, қатесіз түрде пайда болғандығын тайға 
таңба басқандай дәлелдеді. Осылайша эволюционерлер өз 
4
Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет