Қазақ тіліндегі мектепте оқитын оқушылар құндылықтардың келесі түрлеріне таңдау жасады
А. Мәнді құндылықтар: Бақытты жанұялық өмір (2028 таңдау немесе 78% оқушылардың жалпы санынан бастап);
Жақсы және адал достар (1903 таңдау немесе 73% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Физикалық және психикалық денсаулық (1830 таңдау немесе 70% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Білімділік (1560 оқушы немесе 60% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап).
Б. Орташа мәнді құндылықтар: Қызықты жұмыс (1481 оқушы немесе 57% таңдау);
Өз-өзіне сенімділік (1404 таңдау немесе 54% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Таным (1376 оқушы немесе 53% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Белсенді әрекетті өмір (1372 оқушы немесе 52% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап) және махаббат (1363 оқушы немесе 52% таңдау);
Еңбек (1339 оқушы немесе 51% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап).
В. Мәнсіз құндылықтар: Абзалдық (1271 оқушы немесе 49% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Қанағаттанушылық (1145 оқушы немесе 44% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Еркіндік (1017 оқушы немесе 39% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Қоғамдық үстемдіктер (909 оқушы немесе 35% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Материалдық қамтамасыз етілу (935 оқушы немесе 36% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Өзбеттілік (590 оқушы немесе 23% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Сұлулық (905 оқушы немесе 35% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап);
Шығармашылық (803 оқушы немесе 31% сұрақтамадан өткендердің жалпы санынан бастап).
1 және 2 кестелердекөрсетілген мәліметтер, жалпы құндылықтарды көрсетеді, бірақ оқыту тіліне байланысты емес.
Оларға: жанұялық құндылықтар (бақытты жанұялық өмір), достық және қарым-қатынас құндылықтары (жақсы және адал достар), денсаулық (физикалық және психикалық) және білімділік (жақсы білім алу) құндылықтары жатады.
Құндылықтардың ішінде ең жоғары көрсеткіш көрсеткен жанұялық құндылықтар, өйткені көптеген жеткіншектер жанұя құру мен оны сақтаудағы өзекті мәселелерді субьективті түрде басынан өткереді.
Достық және қарым-қатынас құндылықтары, сұрақтамадан өткендердің жасөспірімдік-психологиялық ерекшеліктерімен анықталады, өйткені бұл кезеңдегі ең басты әрекет қарым-қатынас болып табылады.
Мектеп оқушыларының таңдаған мәнді құндылықтарының бірі - интеллектуальді білім құндылықтарына қатысты жақсы білім алуына ерекше назар аудара кету шарт. Бәрінен бұрын, алынған нәтижелерді жақсы біліктілік пен мамандық алу үшін интерпретациялауға болады.
Осыдан, мектеп оқушыларының шығармашылық құндылықтарының төмен екендігі байқалады, еңбектің шығармашылық және ақыл-ойлық сипатының төмендігі туралы куәләндіруі мүмкін. (орыс мектептері үшін – мәнсіз құндылықтар рангінде 7 орында, ал қазақ мектептері үшін – мәнсіз құндылықтар рангінде 5 орында).
Бұдан басқа орыс мектептерінде оқитын оқушылардың белсенді әрекетті өмір (мәнсіз құндылықтар рангінде 1 орында) мен еңбек (мәнсіз құндылықтар рангінде 2 орында) құндылықтарының төмендеу тенденциясы алынды, бұл өскелең ұрпақтың еңбек қызметіне деген белсенділігінің төменділігі туралы растайды.
Қазақ және орыс мектептерінің оқушыларына еркіндік (орыс мектептерінде – рангтегі 1 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 2 орында), материалдық қамтамасыз етілу (орыс мектептерінде – рангтегі 2 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 3 орында), теңдік (орыс мектептерінде – рангтегі 3 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 1 орында), өзбеттілік (орыс мектептерінде – рангтегі 4 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 6 орында), қоғамдық үстемдіктер (орыс мектептерінде – рангтегі 5 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 4 орында),, сұлулық (орыс мектептерінде – рангтегі 6 орында, қазақ мектептерінде – рангтегі 4 орында). сияқты құндылықтар мәнсіз болып табылды.
Көріп отырғанымыздай, адамгершілік және эстетикалық құндылықтар сұрақтамадан өткендердің арасында ерекше қолданбайды.
Адамгершілік-эстетикалық құндылықтар балада ерте кезден бастап қалыптасады. Жоғары мектеп жасында өзіндік сананың дамуы мен оған байланысты моральді-этикалық және эстетикалық даму үрдісі жалғасады. Қазақстандағы қазіргі мектеп түлектері – 90 жылдардың балалары. Ал бұл кезең біріккен мемлекеттердің құлдыраған кезі, яғни өтпелі кезең тұғын. Бір формацияны ауыстыруда әлемге басқа көзқарас ұстанымын талап ететін екінші формация келді. Әлеуметтік-саяси өзгерістер өскелең ұрпақтың моральді-адамгершілік және эстетикалық ұстанымдарына өзгеріс енгізе алмады.
Қоғамда бұрынғы әлеуметтік бағалар мен өлшемдерден тіптен басқа мәдениеттану басталды. Осындай бағалар мен өлшемдерді салыстыру нәтижесінде қазіргі мектеп түлектерінің ішкі жоспарындағы (психологиялық) құндылықтар мазмұнының өзгерісі пайда болды. Осындай үлгімен жеткіншектердегі құндылық ұстанымдары мен бағдарлары және әрекеттің жан-жақтылығын ойша меңгеру, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық құрылымды толық бейнелейді.
Осы зерттеудің салдарынан педагогтар мен тәрбиешілерде (әсіресе жоғары сыныптардағы) бозбала мен бойжеткеннің арасындағы қарым-қатынаста түрлі моральді – адамгершіліктік, этникалық және этникалық сұрақтар бойынша қиындықтар мен мәселелер туындауы мүмкін.
Өскелең ұрпаққа үлкендердің әлеміндегі құндылықтарды меңгеріп, олардың әлеміне сыпайы, биязы және сауатты түрде енуіне көмектесу өте қажет. Әйтпесе, бозбала мен бойжеткен басқа да үлкендер әлеміне кіретін көмекші серіктес референттер тауып алады. Қауіптілік есею әлеміне енудің үнемі әлеуметтік қолайлы тәсілі бола бермейді.