Исследование сформированности ценностных ориентаций выпускников школ 7 Анализ полученных результатов


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



бет14/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#36409
түріИсследование
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
жшс «НҰР БАҒДАР»



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАРЛАНУЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН
БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

АЛМАТЫ – 2013
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

27

Құндылыққа бағдарлану түсінігі

29

Мектеп оқушыларының құндылыққа бағдарлануының қалыптасуын зерттеу



31

Алынған нәтижелердің сараптамасы

36

Нұсқаулар
Қосымша

42
44


КІРІСПЕ


Мемлекет пен қоғам үшін өскелең ұрпақ пен жастар мәселесі әрқашан өзекті мәселе болып табылады. Жастарды қолдау, кез-келген қоғамды дамытудағы басым бағыт пен стратегиялық сипат болып табылады.
Жастар өмірі мен іс-әрекеті әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени салаларда қарастырылатыны және басқа да жағдайларда өзін-өзі дамытушы жүйе болып табылмайтыны да мәлім. Сондықтан да кез-келген жеткіншек, бозбала мен бойжеткеннің өзінің өткені мен болашағы бар.
Қазіргі заманғы жастардың құндылыққа бағдарлануын зерттеудің өзектілігі, мемлекеттің қалыптасуы мен қоғам өмірі жас ұрпақтың санасында қандай үлгіде бейнеленгенін осы арқылы анықтай алатынымызбен аяқталады; жас ұрпақ қоғам мен мемлекеттің дамуына қандай жаңалықтар енгізе алады, сонымен қатар, қандай деңгейде қоғам мен мемлекеттің дамытушы факторы бола алады.
Жастардың құндылыққа бағдарлануын бақылау – күрделі, әрі көпқырлы мәселе. Ол өзіне көптеген аспектілер қатарын қосып алады. Бәрінен бұрын, бұл жасерекшелік және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер саны, сонымен қатар жеткіншектерге, бозбала мен бойжеткенге және басқалардың қатарына тәрбиелеу мен білім берудің, жанұя мен топтардың әсер ету мәселесі.
Жастардың құндылыққа бағдарлануын бақылау, олардың психологиялық әлеуметтенуі мен аға буындардың тәжірбиесі мен білімін әлеуметтік қабылдау үрдістерінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты, сонымен қатар жастардың өмір салтындағы алдыға қойған жоспарының қалыптасуы, оған қоса кәсіби, әлеуметтік қолайлылық, әлеуметтік рөлдерді орындау т.б.
Әйгілі педагог Н.К. Березиннің ойынша «рухани дағдарыстан алшақтаудың маңызды алғышарты.... қоғам, жастардың санасында құндылыққа бағдарланудың қалыптасуы болып табылады. Құндылыққа бағдарлану, өмірлік мақсаттар мен жоспарлар, онсыз ол негізгі басқарушы функциясын жоғалтатын өмірдегі перспективалардың ядросын құрайды» [http://www.isras.ru.pdf.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет