Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек?”
«Он сұрақ!» әдісі
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның басына негізгі сөз жазылған қалпақшаны кигізеді. Қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.