- Алған білімдерін әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда қолдана алады.
Оқытушыларға ұсыныс:
- Сабақты түрлендіріп өткізіп, оқушының өз бетімен меңгеріп, өз ойын еркін айтуына мүмкіндік беру керек;
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Оқушыларға өз білім деңгейлерінің қай жерде екенін анықтау үшін бағалау жүйесін өзгертіп, бәсекелестік орта қалыптастыру;
- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімдерін қолдана алуы үшін, белсенді оқыту стратегияларын тиімді қолдану.
Әдіс түрлері:
Ойын түрлері; Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері; Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау; Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету); Оқыту мәселелері.
Белсенді оқу
Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:
оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;