4.Құжаттарды талдау:Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай бөлінеді:
1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға – кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа – халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.
2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).
3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).
Құжаттарды талдауға сапалық әдістер қолданылады. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі.
5.Бақылау.Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз.
Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылаудың түрлері:
Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;
Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;
Іштей бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;
Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;
Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;
Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.
6.Эксперимент.Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады.
Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады.
Алғашқы кезең теориялық сипатта болады. Оның барысында социолог айқындап, оның нысаны мен пәнін, зерттеудің тәжірибелік міндеттері мен болжамын белгілейді; проблема негізгі міндеттерге орай анықталады.
Екінші кезеңде тәжірибе жасаудың бағдарламасы оның қалай өтетіндігі, барлық элементтері көрсетілген құжат жасалады.
Үшінші кезеңде тәжірибенің бағдарламасы жүзеге асады. Оның барысында ойластырылған тәжірибе, оның кезеңдері мен барлық жүру тәртібі, яғни экспериментальды жағдай тікелей жүзеге асады.
Төртінші кезеңде тәжірибе жасаудың барысында алынған нәтижелер талданып, бағаланады, алға қойған мақсат орындалды ма, зерттеу болжамы дәлелденді ме деген сауалдарға жауап беріледі.
Сонымен қатар табиғи(бақыланбайтын), зертханалық(лабораториялық), сызықтық (линейный) және параллельді тәжірибелер кездеседі.
Табиғи тәжірибе – зерттеудің қоғамда қалыптасқан, өзінің табиғи қалпын сақтаған қандай да бір ұйым, институттардың төңірегінде болады;
Зертханалық тәжірибе – зерттеудің жасанды жолмен жүргізілуі;
Сызықтық тәжірибе – зерттеуге бір ғана топтың қатысып, нәтижелерін алдыңғы сол топтың нәтижелерімен салыстыру;
Параллельді тәжірибе – зерттеуге екі немесе одан да көп топтың қатысып, нәтижелерін бір-бірімен салыстыру.
33.Әлеуметтанулық ақпарат жинаудың алгоритмін сипаттап беріңіздер.
Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жүйесіне арқа сүйейді,яғни ақпараттары жинау мен өңдеуде және талдаудан өткізуде әртүрлі тәсілдер мен ережелерге бағынып оларды басшылыққа алады.Әлеуметтік ақпарат алудың бірден-бір ұтымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады.Бұл зерттеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты қолданылады.Құжаттарда жеке адамның,ұжымның,халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады.Құжаттармен жұмыс жасаған кезде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет.Осыған байланысты құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу маңызды.Мұндай ережеге мыналар жатады:
-Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс.Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады.
-Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін,мотивін анықтаған жөн.Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады.
-Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді,т.б. іріктеп алу әдісінде білген жөн.
Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальді түрде жүреді.Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.
Ақпарат жинаудың маңызды көзі және әдістемесі-бақылау.Бақылау микроәлеуметтік зерттеулер жүргізгенде шағынн топтарды ,ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын,басшылық етудің тәсілдерін зерттегенде қақтығыс ,шиеленіс жағдайын саралауда жақсы нәтиже беретін тиімді әдіс болып есептелінеді.
Әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және обьект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды.Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:
-нақты зерттеу мақсатында бағындырылады;
-Белгілі бір әдістеме арқылы жүрізіледі;
-бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға,күнделіктерге көшіріледі;
-бақылау жоллымен алынған ақпараттың сенімдіілігі және негізділігі тексерістен өтеді.
Бақылаудың бірнеше түрі бар.Оны жүргізу техникасына,кімді бақылау қажеттігі орай бақылау-бақылаулық,бақылаусыздық яғни спонтанттық түрлерге бөлінеді.
Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
бастапқы ақпаратты жинақтау;
жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау). Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.
34.Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат.
Достарыңызбен бөлісу: |