Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет32/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Іріктеу әдісі - объектінің потенциалды жиынтығының (негізгі жиынтықтың) бір бөлшегін зерттеуге арналған және нәтижелері объектінің барлық жиынтығына тарайтын ақпарат алудың әдісін айтады. Іріктеуді жобалау: негізгі жиынтықтың құрамы мен шекарасын анықтау (тұтастай немесе іріктеулі зерттеу); іріктеудің түрін анықтау (кездейсоқ, квоталы, ұялы, қарапайым және көпсатылы); іріктеудің көлемін анықтау; іріктеудің шектеулі қателерін есептеу (репрезентативтілік); объектіні таңдау технологиясын анықтау. Репрезентативтілік (өкілеттілік) - негізгі жиынтықтың мазмұнын көрсететін іріктеудің қасиеті. Heгізгі жиынтық — бұл зерттелуге жататын адамдардың кез-келген топтары.
Әдістері:
Механикалық ipiктеу әдісі — бас жиынтықтан тең арадан кейін қажетті респонденттер саны ipiктелініп алынады. Сериялық ipіктеу әдісі — бас жиынтық 6ipкелкі бөлшектерге бөлінеді және әр бөлшектен пропорционалды зерттеу 6ipліктері теріліп алынады. Ұялық зерттеу әдісі - терілу бірлігі ретінде дара респонденттер емес, одан әрі тұтастай сауалнамаланатын топтар болады.Heгізгі массив әдісі - бұл бас жиынтықтың 60-70%-ын сауалнамалау.
Квоталық ipiктеу әдісі — ipi бас жиынтыққа қолданылатын неғұрлым күрделі әдіс.Квоталық ipiктеу — бұл берілген пропорцияға сәйкес накты сипаттамалар жиынтығы бар адамдарды ipiктey.Квоталық ipiктey әдісі — респонденттерді таңдап алудағы 6ipнеше белгілерді анықтауды қажет етеді (мысалы, төрт — жынысы, ұлты, жасы, білімi, әлеуметтік-кәсіптік статусы). Бұл әдіс зерттеу басталганға дейін негізгі жиынтықтың бақылану белгілері жайында статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады.
32.Әлеуметтанулық ақпарат жинақтаудың негізгі әдістерін атаңыздар.
Әдістері:
1.Сауалнама:Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.Сауалнама әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат жатады.Сауалнама тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
2.Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.Анкетаның мазмұны зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді. Заттық мазмұнына қарай сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады:
Стандартты анкета үш бөліктен тұруы керек:• Алғысөз;• Негізгі бөлім (сұрақтар);• Паспорттық бөлім (респондент туралы мәліметтер: жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы т.б.)
3.Сұхбат - әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.
Әлеуметтік сұхбат жүргізгенде сұхбат алушы социолог пен сұралушы арасындағы байланыс тікелей болады; зерттеуші сұхбатты ұйымдастырады, сұрақтар қояды, әңгімелеседі, оны бағыттап отырады, алынған жауаптарды жазып алады. Яғни, сұхбаттың анкетадан ерекшелігі: зерттеуші сұралушы сұрақты түсінбеген кезде түсіндіреді, сұралушының көзқарасын нақтылай түседі, сұрау парақшасына толығырақ мәлімет жазу үшін қосымша сұрақтар сұрайды. Сұхбат мынандай түрлерге жіктеледі:Түрлері:
• Еркін – нақты жоспары мен бекітілген сұрақтары болмайды;
• Мақсатты – нақты бағдарламадан шықпайтын сұхбат;
• Терең – мәселені анықтап қоймай, себебін де анықтаушы сұхбат;
• Арнайы – белгілі бір мамандықтың ерекшелігі бойынша.
Социологиялық мағлұматтар жинауды аяқтаған соң сұхбат алушы зерттеу орталығына сұхбаттың толтырылған бланкілерін, маршрут парақшаларын, жұмысы туралы есепті тапсырады.Барлық сұрақтар тексеріліп болған соң сұхбат бланкілеріне арнайы талдаулар жасалады.Жалпы сұрақ алу әдісі – жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет