Девинаттымінез-құлық деп біз ресми қабылданған немесе белгіленген қоғамдық нормаларға сай келмейтін, оғам тарапынан мақұлданбайтын мінез-құлықты айтамыз.
Девиантты мінез-құлықтың негізгі белгілері:
Девиантты мінез-құлық пен оны көрсететін тұлға өзге тұлғалар тарапынан айыпталады (әлеуметтік санкциялар);
Ол тұлғаның өзіне немесе оны қоршаған тұлғаларға нақты залал келтіреді. Осылайша, девинатты мінез-құлық деструктивті әрекет жасайды;
Ол айқын даралықты және жас ерекшелікті-жыныстық сипатқа ие болады.
Аддикция - бір нәрсеге деген құштарлық, құмарлық (клептомания);
Криминогендік - заң бұзу нормаға айналатын жағдай;
Аномия - бұл девиацияның ең жоғарға формасы. Ол мүлдем нормалардың болмауы, жаппай психоз жағдайында туындайды. Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:
• қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;
• әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы, қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;
• адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
• мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбеюi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917). Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.
Аномияның ең жоғарғы формасы - суицид. Э. Дюркгейм суицидтің үш түрін атайды:
Қазіргі қоғамдағы девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б. жатады. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім бойындағы девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік зияны ең алдымен қоғамға ғана емес өзінің жеке тұлғасына да зияны тиеді. Тек өзі ғана өзгеріп қоймай, қоршаған достары мен жолдастарын өзгеріске ұшыратады, яғни бір-біріне әсер етеді. Бұл нәтижесінде көше бұзақыларының, педофилдердің пайда болуына алып келеді. Қоғамға ғана емес кішкентай балаларға да қауіп төндіреді. Өздерінің қоғамдағы алар рөлдерін таба алмай немесе жат жолға түсуі де осы девиациялық мінез-құлықтың нәтижесінде болады.
18. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және этникалық иденттілік.