Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Стратификация – әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы.
Барлық қоғамдарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Теңсіздік екі жағдайда:
• теңсіздік әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтікнормаларға сүйеніп, институттандырылса;
• теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелігіне негізделсе (мысалы, үйдің үлкендері немесе «көк жағалы жүмысшылар» деп) - стратификацияга айналады. Шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификацияның қүрылымы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген статусқа негізделген қүрылым таптық жүйелер деп аталады. Касталық жүйелерде адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының мәртебесіне байланысты Егер сіз ер адам болсаңыз, онда әкеңіздің кәсібін меңгеру талап етіледі (егер әкесі болмаса, адам пақыр болып қалуға мәжбүр). Егер әйел адам болсаңыз, анаңыздың жолымен үй шаруасымен айналысу керек,
әйтпесе кедей немесе қара жұмысшы болуы тиіс деп саналады.
Жалпы қоғамдағы Әлеуметтік стратификация деген термин жақында енгізілгенімен,ол баяғыдан қоғамда бар нәрсе.Яғни бай кедейдің арасындағы болсын басқа тесіздіктер ежелден ақ қалыптасқан.
Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын - қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі - кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына
байланысты.
15)Әлеуметтенудің кезеңдерін, түрлері мен агенттерін атаңыз.
Әлеуметтенудің кезеңдерін, түрлері мен агенттерін атаңыз.
Әлеуметтанудың алғашқы кезеңі-баланың әлеуметтенуі.З.Фрейд пікірінше,бұл кезең мыналардан тұрады:
1)Оральдық(туғаннан 2жасқа дейін)
2)Анальдық(2жастан 3жасқа дейін)
3)Фаллигиялық(4жастан 5жасқа дейін)
Әлеуметтану кезеңдері:
-Маргинальды(аралық немесе псевдотұрақты)
Әлеуметтену-жеткіншектің әлеуметтенуі.Жеткіншек шақта жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі.Бұл кезең тұлғаның өзіндің беку,топтық ұқсастықпен,балалықтан жеткіншектікке ауысу жасымен байланысты.
-Тұлғаның әлеуметтену-белгілі бір жетістікке жету және әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.
-Статусын жоғалтуға байланысты әлеуметтану-адамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдайды ауыр сезінуі мен дезадаптацияланумен түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар.
Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.
Әлеуметтендірудің бірінші агенттері:ата-ана,достар,туысқандар,көршілер,тренерлер,оқушылар.
Әлеуметтендірудің екінші кезеңі:Әлеуметтік институттар(армия,саяси ұйымдар,БАҚ және т.б)
Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді.
16)Девиация және әлеуметтік бақылау.
“Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан
ауытқуы.Девиация екі түрлі болады:
Жағымды
(Позитивті мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе
біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.
Жағымсыз
(Негативті) керісінше көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады.
Әлеуметтік бақылау адамдарды өз мәдениеті мен қоғамының нормалары мен құндылықтарын ұстануға ынталандыратын күштер мен процестерден түрады. Біз нормалар мен құндылықтарды балалық шақтан бастап отбасынан, көршілерден және басқа балалардан үйренеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |