6)«Нұр Отан» партиясы Эволюциялық дамуды қамтамасыз ету мен демократиялық,
өркендеген, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағыт ұстанған
мемлекет құру
7)«Бірлік» партиясы Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика, саяси
жүйенің демократиялық құрылысы, қоғамдық адамгершілік
принциптері негізінде қазақтар мен біздің елдегі басқа да
халықтардың салт-дәстүрлеріне пейіл бұратын, табысты, әділ,
рухани бай және өмір сүруге ыңғайлы мемлекетке айналдыру
60. Қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар мен бірлестіктер.
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.
Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.
Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.
Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:
— әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;
— осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;
— мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;
— басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;
— халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;
— партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;
— заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу. Партия қоғамдьщ құрылысты, билікті ұйымдастыруды және бүкіл
мемлекет өмірін жетілдіру бойынша нақты бағдарламаны ұсынатын саяси топ ретінде көрінеді. Мұндай мақсаттардың негізіне әдетте идеялық ұстанымдар түрінде көрініс табатын әлеуметтік топтардың мүдделері қойылады. Партия идеологиясы — партия мүшелері оны шынайылыққа айналдыруға ұмтылатын рухани қүндылықтар мен бағдарламалық ережелерді білдіреді. Әдетте партиялар өздерінің қызмет бағыттары мен ішкі ұйымдасуын айқындайтын негізгі құжаттарды — бағдарлама мен жарғыны қабылдайды.
Жарғы партияның ұйымдық құрылымын көрсетеді. Әдетте, жеке азаматтардың партия қызметіне қатысуы әртүрлі нысандарда іске аса алады:
1) Партия мүшелігі. Партиялардың көпшілігі қатаң белгіленетін мүшелікпен ерекшеленеді, яғни партия қүрамына жаңадан қабылданған әрбір адам. мүшелік билет алады. Партия рәміздері, төсбелгілер, киім түрі және тағы басқа да заттар адамның белгілі бір партияға мүше екенін білдіретін ерекше белгілерге жатады. Үйымның қызметіне қатысу және оның қатарынан шығу тек ерікті негізде болуы тиіс. Партия мүшелері жиналыстар, шерулер, саяси кампаниялар, қайырымдылық акциялар түріндегі көптеген іс-шаралар үйымдастырумен және өткізумен айналысады, олар сонымен қатар мүшелік жарна төлейді. Бірқатар партиялардың жарғыларында партия мүшелері іс-шараларға қатыспаған немесе басшылықтың идеологиялық бағытын мойындамайтын жағдайда адамды партия қатарынан шығарып тастайтын ережелер де бар екенін айта кету керек. Демократиялық бағыттағы партиялардың көпшілігі идеялық әртүрлі пікірлердің болуына және осының негізінде пайда болатын жеке фракциялардың өмір сүруіне жол береді.
2) Партияда өз мүшелерінен бөлек, оның идеялық ұстанымдарына тілектес және партия лидерлеріне сайлау кезіндегі күрестерде көмек көрсететін жақтастары да болады. Осындай адамдар партияға дауыс берушілердің негізгі бөлігін құрайды. Партия жақтастарының құрамы саяси ортадағы өзгерістерге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Белгілі бір нақты партияны қолдайтын азаматтар тобын электорат деп атайды. Партияның аз да болса тұрақты электоратының болуы аталған ұйымның қоғамда өз орыны бар екендігін білдіреді. Ал электорат ұғымы кең машнада сайлауға қатысу құқығына ие елдің барлық тұрғындарын белгілеу үшін қолданылады.
3) Оның қызметін ұйымдастырумен айналысатын адамдардан тұратын аппарат — партия ядросы болып табылады. Олар осы қызметтері үшін еңбекақы алуы мүмкін. Аппарат партия құжаттарын дайындайды, мүшелік жарналарды жинайды, басқа ұйымдармен және мемлекетпен байланысты жүзеге асырады.
Әртүрлі елдердің партиялық ұйымдары белгілі бір түрде мемлекеттік аппарат, парламент, қоғамдық ұйымдарға кадр дайындайтын ұстахана ретінде көрінеді. Бірлестік ішінде азаматтардың саяси күреске қажетті дағдыларды алуымен, әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерді қорғауда халық бұқарасын өз жағына тарта алатын әдістерді үйренуімен қатар, олардың дүниетанымдарының қалыптасуы жүреді. Партия жұмысы өз мүшелері арасындағы ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке қабілетті адамдарды анықтауға мүмкіндік береді, ал олар өз кезегінде мемлекеттегі маңызды лауазымдарға үміткерлерге айналады.