Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет46/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Мемлекет – белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар өте көп, олардың ішінде кең таралғандары мыналар болып саналады:

  1. Діни (теологиялық) теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

  2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

  3. Шартты теория – XVII-XVIII ғасырларда кеңінен тараған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Лок пен Т.Гросс, Францияда Ж.Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтежесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

  4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін соған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

  5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттілігімен еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

  6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Сперанский, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндірді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни мемлекет биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары болады.

  7. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық бөлінумен, яғни, жеке меншіктің пайда болуы мен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс,В.И.Ленин – мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды

52 Саяси және мемлекеттік билік. Биліктің делегациялануы мен бөлінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет