Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.
Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындалуының екі түрі болады: бірінші – қатынастағы бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшін міндетті түрде іс-әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші – оның іс-әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.