ҚҰҚЫҚТЫҚ Қатынастар қоғамдық қатынастар



бет9/9
Дата02.03.2022
өлшемі20,37 Kb.
#133888
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кукыктык катынастар
5-зерт.жұмыс.ЭТМжәнеЭЖМТ.АШЭҚ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы құрылымы міндеттері мен функциялары, КЕҢІСТІКТЕГІ ВЕКТОРЛАР ЖӘНЕ КООРДИНАТАЛАР, 902031
Заңды себептерҚоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері мен негіздері бар. Бұл объективтік процесс. Заңды себептер құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.
Оқиғалы себептер – табиғаттың объективтік даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.).
Оқиға құқықта – азаматтық құқықтар мен міндетгің пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп – адамның тууын, өлуін, стихиялық апатты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсіздендіруші ұйым (госстрах) қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобиль иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бұліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер – адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс-әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс. Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет