Құқықтық қатынастың объектілері Субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші – қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші – көрсетілген іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші – көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші – егерде дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау; 2) Құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) Құқықтық тәртіпті қатаң орындау.