Қыту әдістемесі


Ақпаратпен жұмыс істеудің жалпы оқулық және жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру



бет13/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

2. Ақпаратпен жұмыс істеудің жалпы оқулық және жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Мұнда ақпарат көздерін сауатты қолдану икемділігі, ақпараттың дұрыстығын бағалау, ақпарат пен білімнің байланысы, ақпараттық процесстерді дұрыс ұйымдастыру икемділігі, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау туралы. 3. Оқушыларды мамандыққа дайындау.
Мамандыққа көзқарастың өзгеруіне және экономикадағы ақпараттық сектор үлесінің өсуіне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен шұғылданатын іс-әрекеттің әртүрлі саласына дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеруді өзіне қосып алады. Басқару саласында алғашқы дайындықтың қажеттігін ерекше атап көрсеткеніміз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер мұнда мемлекеттік және экономикалық дамудың табысты кепілін көретіні белгілі.
4. Ақпараттың және коммуникациялық технологияларды меңгеру үздіксіз білім беру жүйесіне өтудің қажетті шарты ретінде.
Мұндай дайындықтардың қажеттілігі үздіксіз білім беру ерекшеліктерінен: жекелей білім беру бағыттарының жүзеге асуынан, білім беру процестерінің саралануынан, оқыту құралдары рөлінің күшеюінен шығады. Оқушыларға информатикалық білім беру мақсатына неғұрлым толық түрдегі қазіргі көзқарастар ғасырлар тоғысында қаралған 12 жылдық мектеп тұжырымдамасының [2], [22] [26] негізделуімен байланысты жарыққа шықты.
Информатиканың және ақпараттық процестердің табиғат пен қоғам дамуындағы орнын философиялық қайта болжау жүзеге асырылуда, ақпараттық ыңғайдың ғылыми таным тәсілі ретіндегі жалпы ғылыми мағынасын түсіну өсіп келеді.

1.6. Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар


Жалпы білім берудегі оның ішінде информатиканы оқытуға қажетті нормативті құжаттарға мыналар жатады:

  • ҚР «Білім туралы» Заңы – бұл білім берудегі ең басты нормативті құжат;

  • Мемлекеттік білім стандартында – жалпы білім берудің негізгі бағдарламасының мазмұнынының міндетті минимумын анықтайтын мөлшер мен талаптар, білім алушының оқу жүктемесінің максимальды көлемі, білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейі, сондай-ақ, білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар (оның ішінде оның материалдықтехникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік, кадрлық жабдықтау) айқындалады.

Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:

  • барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;

  • Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;

  • білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;

  • білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;

  • білім алушының әлеуметтік қорғалуын;

  • педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік стандартпен айқындалып берілетін жалпы білімнің қолжетімділігіне және ақысыздығына кепілдік береді.
Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты:

  • базистік оқу жоспарын дайындаудың, бастапқы, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, білім беру мекемелерінің оқу жоспарларын, оқу пәндерінің

бағдарламаларын жасаудың;

  • білім беретін мекемелерді бітірушілердің дайындық деңгейін объективті бағалаудың;

  • білім беретін мекемелердің қызметін объективті бағалаудың;

  • ҚР аумағында жалпы білім беру туралы құжаттың

эквиваленттілігін (нострификация) орнатудың;

  • білім беретін мекемелерде оқу процесін айқындайтын, оқу бөлмелерін жабдықтауға қойылатын талаптарды орнатудың негізі болып табылады.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет