Оқыту әдістерінің жіктеуі
Оқыту әдістерінің саны мен сипаттамасы көп болғандықтан, оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету сипаттамасы бойынша – Лернер-Скаткиннің1 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:
түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс;
репродуктивті әдіс;
проблемалы баяндау әдісі; бөлшектеп іздеу немесе
эвристикалық әдіс;
Мұғалім әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері бойынша – Ю.К. Бабанскийдің 2 оқыту әдісінің үш үлкен топтамадан тұратын әдістер жүйесі:
а) оқыту әрекетін жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері (ауызекі, көрнекі, практикалық репродуктивті және проблемалы, индуктивті және дедуктивті өздік жұмыстары және мұғалімнің басшылығымен өтетін жұмыстар);
б) ынталандыру және білімді дәлелдеу әдістері (қызығушылықты қалыптастыру әдістері: танымдық ойындар, өмірлік жағдайды талдау, жетістік жағдайын жасау; білім алу парызын және жауапкершілігін қалыптастыру әдістері: білімнің қоғамдық және тұлғалық мәнін түсіндіру, педагогикалық талаптар қою);
в) бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері (ауызша және жазбаша бақылау, зертханалық және практикалық жұмыстар, машиналы және машинасыз бағдарламалық бақылау, жаппай және сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды); Жеке дидактикалық оқыту әдістері
Ақпаратты жеткізу көзі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі (Е.Я. Голант, И.Т. Огородников және т.б.): ауызша әдістер (әңгіме, сұхбат, дәріс және т.б.); көрнекі (көрсетілім, демонстрациялау және т.б.); практикалық (зертханалық жұмыстар, шығармалар және т.б.).
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының деңгейі бойынша – айтып беру, баяндау, сұхбат, өздік жұмыс;
Нақты дидактикалық тапсырмаларға байланысты (Б. П.
Есипов) – қабылдауға дайындық, түсіндіру, материалды бекіту және т.б.;
Білімді бөлу және қосу қағидасы бойынша – талдамалы (аналитикалық), жинақтамалы (синтездік), салыстырмалы, жалпылаушы, жіктеуші;
Ақыл-ойдың білімсіздіктен білімге жылжу сипаты бойынша – индукциялық, дедукциялық.
Достарыңызбен бөлісу: |