Қыту әдістемесі


Білім, біліктілікті және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы



бет29/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

Білім, біліктілікті және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:

  1. сабақтың басталуын ұйымдастыру (оқушылардың

психикалық дайындығы);

  1. сабақ тақырыбы мен оның мақсатын хабарлау;

  2. біліктіліктерді қалыптастыру үшін жаңа білімді игеру;

  3. бастапқы ептілікті қалыптастыру, бекіту және оларды, стандартты жағдайда ұқсастық бойынша қолдану;

  4. білім мен біліктіліктерді өзгертілген жағдайларда қолдану және жаттығу;

  5. білім мен біліктіліктерді шығармашылық түрде қолдану;

  6. дағдыларды өндеу жаттығулары;

  7. үй жұмысы;

  8. оқушылар атқарған жұмыс бағаланатын сабақты қорытындылау.

Аралас сабақтың құрылымы:
(бұл сабақ екі немесе бірнеше дидактикалық мақсатты қамтиды): 1) сабақтың басын ұйымдастыру (оқушылардың психикалық дайындығы);

  1. сабақтың мақсатын хабарлау және үй жұмысын тексеру;

  2. жаңа материалды меңгеру үшін оқушыларды дайындау, яғни білімнің, практикалық және ойлау қабілеттерінің өзектілігі;

  3. жаңа материалды оқыту және түсіндіру;

  4. сабақта өтілген жаңа тақырыпты және онымен байланысқан өтілген материалды бекіту;

  5. білім мен біліктіліктерді жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ жаңа материалдың қалыптасқан, меңгерілген білімімен байланысы;

  6. сабақтың нәтижесін қорытындылау;

  7. үйге тапсырма беру;

  8. мына жаңа тақырыпты оқыту үшін оқушыларды дайындау.

2.4.4. Сабақтың үшбірлік мақсаты
Сабақтың үшбірлік мақсаты (СҮМ) – сабақ соңына қарай мұғалім мен оқушылардың әрекеттестіктерінің арқасында қол жеткізілетін, алдын ала мұғалім ойластырылған нәтиже.
СҮМ – бұл үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік аспектілерінен тұратын күрделі құрамдас мақсат. Сабақтың мақсатында мұғалім мен оқушылар ұмтылатын басты нәтиже тұжырылымдалады.
Сабақтың үшбірлік мақсаты – оған бағыт беретін, мұғалімнің және оқушылардың әректтерінің негізі. Ол мұғалім мен оқушылардың сабақтағы әрекеттестіктерін айқындайды, сондықтан ұстаздың әрекетімен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың да әрекетімен жүзеге асады. Екі жақ бірдей ұмтылған жағдайда ғана мақсатқа жету мүмкін болады. Сондықтан сынып алдында мақсат оқушыға икемделіп қойылуы қажет [27].
СҮМ-ң үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік аспектілерінің әрқайсысын жеке қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет