Қыту әдістемесі


Информатика сабағының құрылымы



бет26/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

2.4.2. Информатика сабағының құрылымы
Сабақ бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).
Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек.
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен жинақылығының кезеңі.
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден мысалдарға көшу және т.б.).
Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.

2.2-сурет. Сабақтағы уақытының бөлінуі
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Сабақтың құрылымы бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.
Сабақтың құрылымы – сабақтың негізгі компоненттерінің дидактикалық жағынан өзара дәлелденген байланысы, олардың нысаналы жүйелілігі мен қарым-қатынасы (М.И. Махмутов).
Элементтердің алуан түрлі үйлесімділігі, сондай-ақ оқу пәнінің және білім беру мекемесінің ерекшеліктері сабақтың көптеген формалары мен типтерін тудырады, сабақтың басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты.
Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік береді, бұл жадының дамуына және есте сақтауға, меңгерту сабақтарында білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу әрекетінің формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Дегенмен, құрылымның аталған бөлшектерінің ешқайсысы білімді меңгерте отыра, оқушылардың дамуын қамтамасыз етпейді, өздігінен атқаратын оқу әрекетінде оны көрсетпейді.
Аралас сабақтың әртүрлі құрылымы, соған байланысты бірқатар артықшылықтары болуы мүмкін: кері байланысты қамтамасыз етеді, педагогикалық үрдісті басқарады, бағаларды жинайды, оқу кезінде дербес амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет