Қыту әдістемесі



бет36/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

Үш негізгі – формалды, мазмұндық және аналитикалық бөлімнен тұратын конспектіні құрастыру. Г.И. Саранцев 1 атап өткендей, сабақ конспектісін жазудың әртүрлі формалары болуы мүмкін: ерікті мұғалім мен оқушының әрекетін, сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар мен олардың жауаптарын бөліп қарау арқылы құрастыру. Алайда, ұстаздық қызметін жаңа бастаған мұғалімге, оқытушы мен оқушының әрекетін бөліп құрастырылған, неғұрлым толық конспекті ұтымды. Мұндай жұмыс сабақта мұғалімнің жасайтын әрекеттерінде қателіктерден құтқарады.

  1. Формалды бөлім: Күні _______ Сабақ № ____/

Тақырыбы: _________________ Мақсаттары:
білім берушілік ________________________________ дамытушылық _________________________________ тәрбиелік ______________________________________
Сабақ түрі: ___________________
Жабдықтар (көрнекі құралдар, бағдарламалық қамсыздандыру, мультимедиа, Интернет ресурстары және т.б.).
Оқыту амалдары, формалары мен әдістерінің тізбегі көрсетілген сабақтың жеке кезеңдерінің реті; әр кезеңге бөлінген ықтимал уақыт.

  1. Мазмұндық бөлім:

  1. Жоспарланған білім, ептілік пен дағды. Барлық тапсырмалардың мәтіндері, жаңа оқу материалы, тапсырмаларды орындау, үй жұмысын орындауға ұсыныстар.

  2. Әр кезеңде мұғалім мен оқушының атқаратын әрекеті көрсетілген кесте (2.6–2.8 кестелер).

Бастаушы мұғалім сабақ барысын толықтай орындауы керек: а) үй жұмысын тексеру;
б) кім қай сұраққа жауап берді;
в) сыныппен жаппай жұмыс;
г) оқушылардың тірек білімдері мен ептіліктеріне талдау
жасайтын қайталама материал;
д) жаңа материалды жариялау: кіріспе; мұғаліммен ұсынылатын, оқушылармен орындалатын материал; мұғалімнің сұрақтары мен олардың ықтимал жауаптары; оқу құралдарының уақыты мен формалары; қорытынды;
е) сабақта өтілген материалды бекіту, оқушылардың жаңа материалды және бұдан бұрын өткен материалмен байланысын
игергендігін анықтау;
ж) өздік жұмыс, оның мазмұны, оны өткізу нұсқаулығы, тексеру
әдістері;
з) білімді бақылау мен кері байланыстың формалары;
и) үй жұмысы, оған түсініктеме;
к) сабақ қорытындысын шығару (сабақта не жаңалық білді,
сыныптың және жеке оқушының жұмысына сипаттама беру).
Конспектіде тақтаға жазылатын барлық мағлұматтардың мазмұны, тақтада орналасу реті мен дәптерге көшірілетін тұсы; жобалау немесе оқу телевизиялық экранның және оқытушы компьютерлер экрандарының формалары енгізілуі тиіс.
III. Аналитикалық бөлімсабақты өздігінен талдау1.
2.6-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (1-нұсқа)

Әрекет
Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің

Оқушылардың

2.7-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (2-нұсқа)

Сабақтың
кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Тақта/Экран/ Компьютер

830 -835




88 35-8-




  1. 8-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (Г.И. Саранцев бойынша 2-нұсқа)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет