Жобалар мен рефераттарды қорғау Емтихандық жұмыс ретінде дайындалған жоба мен реферат белгілі бір уақыт мерзімінде орындалады деуге болады. Жоба мен рефераттың орындалу, рецензиялану мерзімі, жобаны қорғауды ұйымдастыру және оны тапсыру мерзімі бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асады. Оқушылар рефератты бағалау өлшемдерімен алдын ала танысады. Жоба мен рефератты қорғау кезіндегі нәтижелері бойынша жалпы баға қойылады. Осы кезде оқушының сайыста, олимпиадада немесе конференцияда алған жеңістері есептелінеді. Жоба мен рефератты қорғау нысанында аттестациялаудың келешегі бар деуге болады, бірақ жобаны дайындау сатысында күрделі мәселелер кездеседі. Материалды қамтудың көлемі жоба басшысының кәсіби деңгейіне байланысты, ол жобада информатиканың ең кем дегенде үш мазмұнды желісін қамтып, көрсетуі керек. Жұмысты бағалау кезінде, мысалы, рецензиялау сатысы мен жобаны қорғау кезінде де субъективтілік кездесіп қалады. Сапалық өлшемдер интерпретацияға күрделі түрде көнбейді, әртүрлі қорытындылар шығарылуы мүмкін.
3.2.2. Қорытынды аттестациялаудың ауызша емтихан ұйымдастыру бойынша нұсқаулар Ауызша емтиханды ұйымдастыру кезінде кез келген мектеп пәні бойынша информатика курсының арнайы ерекшеліктерін есепке ала отырып, емтихан өткізу бойынша қойылған барлық талаптар сақталады. Оқушылардың емтиханға дайындықтарын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең – оқушылардың емтиханның алдын ала дайындалу үшін қажетті сұрақтарымен кем дегенде емтиханға дейін 2 - 3 ай бұрын танысулары керек. Емтихан сұрақтарымен оқушыларды өздері қиналатын тақырыптарды қайталау үшін жылдың басында да таныстыруға болады. Бұндай жағдай сирек кездеседі. Мысалы, оқытушының ауысуы, баланың басқа мектепке ауысуы, мекенжайдың өзгеруі және басқа объективтік жағдайлар информатика пәні бойынша толық білім ала алмауына септігін тигізеді.
Екінші кезең – оқытушының қайталауды аяқтауды ұйымдастыру үшін оқушының жалпы алған білімінің көрінісін анықтау. Информатиканың негізгі тарауларын жылдың аяғында оқушының білімін тексеріп, кемшіліктерін тауып, түзету үшін қайталауға 4-8 сағат бөлуі қажет. Осы кезеңде информатиканың негізгі тараулары бойынша тесттер пайдаланылуы мүмкін немесе әрбір тараудан кейін немесе бірнеше тарауларды қайталағаннан кейін тестілеу кезеңкезеңмен өтуі мүмкін.
Үшінші кезеңді мынадай жағдайда ұйымдастыруға болады. Стендке сұрақтарды және оқытушының түсініктемелері жазылған машықтану тапсырмаларын, емтиханға қалай дайындалу жөніндегі қысқаша нұсқаулар, оқулықтардың тізімін іліп қою керек және соңында информатиканың тестілеу кезінде айқындалған күрделі тараулары бойынша бірді - екілі кеңестер беру керек. Кеңестер беру кезінде нақтылы емтихан сұрақтарының жауаптары бойынша мысалдар келтіріп отыру керек. Оқытушы өз көзқарасы бойынша қандай да бір топқа қатысты күрделі сұрақтарға байланысты түсініктеме беруі керек.