Қыту әдістемесі


Информатика пәні бойынша жобаларға қойылатын талаптар



бет54/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

Информатика пәні бойынша жобаларға қойылатын талаптар. Оқушы жобаны орындау кезінде, қазіргі кездегі ақпараттық және қарым-қатынастық технологиялық құралдары арқылы орындалған ақпараттық өнім жасайды. Пайдаланылатын технологиялар бойынша дайындаманы шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

  • web-сайттар (мәселелік, тақырыптық және имидждік);

  • бағдарламалық жүйелерді пайдалана отырып жасалған бағдарламалар (модельдеу, ойындар, сервистік, өңдегіштер, конструкторлар, тренажерлар, деректер топтамасы);

  • ақпараттық және оқыту бойынша тұсаукесерлер (мәселелік, тақырыптық);

  • анимациялық фильмдер және жобалар (бос уақытында, көрсететін, үйрететін).

Ұсынылатын ақпараттық өнім төмендегі белгілерге сай болуы керек:

  • нақтылы мақсатты міндеттері және тиісті қызметтік

мүмкіндіктері болуы керек; аяқталуы керек;

  • өңдегіштік және жаңарту, даму мүмкіндіктері болуы керек;

  • әртүрлі ақпараттық объектілердің мақсаттылық байланысын көрсетуі керек;

  • іздеу және навигациялық құралдары (қажетілікке байланысты) және сезімділік интерфейсіне, логикалық құрылымға ие болуы керек;

  • анықтама жүйесін енгізуі керек;

  • бірыңғай стильдік шешімі болуы керек;

  • Жобаның құрамына, ұсынылған ақпараттық өнімнен басқа:

  • түсініктемелік жазба (теориялық бөлімі) – көлемі жағынан кішірек, жобаның мәселелерімен байланысты, құрамында ақпараттық материалдары бар немесе зерттеулік сипаттағы және пайдаланылған

технологиялардың негіздемесі бар реферат кіруі керек; - жұмыс жөніндегі нұсқаулық кіреді.
Біріктірілген жобалар мен рефераттарға қойылатын талаптар. Біріктірілген реферат екі немесе бірнеше пән саласындағы объектілерді (пән, үрдіс, көріністер) зерттеуге негізделген дайындама болып табылады. Компьютер және ақпараттық және қарым - қатынастық технологиялық құралдар ақпарат көздері, тану және іздену құралдары, ақпаратты ұсынатын құралдар ретінде пайдаланылады.
Біріктірілген жобаның негізін, ақпараттық және қарымқатынастық технологиялық құралдарымен орындалған мәселелік - ақпараттық өнім құрайды. Осындай жобалар мен рефераттардың белгілі бір ерекшелігі, информатика мен ақпараттық технологиялар сол пәндік саланың бірі болып табылады.
Интегралдық рефераттар келесі мәселелік салаларға сыныпталады:

  • әлеуметтік;

  • табиғаттану; - гуманитарлық.

Біріктірілген жобаларды ақпараттық өнімнің қызметтік міндеттері бойынша бөлуге болады:

  • пән бойынша оқытылатындар (тесттер, есеп шығарушылар, тренажерлар, репетиторлар және т.б.);

  • ақпараттық (көрсетулер, модельдеушілер, тұсаукесерлік

және т.б.);

  • конструкторлық (пәндік саланың объектілерін реттегіш).

Интегралдық жобалар мен рефераттар иформатика пәні бойынша жұмыстарға тиісті талаптар қойылады:

  • екі жетекші немесе әр пәндік саланың жетекшісі мен кеңесшісі (сарапшы) болуы керек;

  • тиісті пән салалары мамандарының рецензиясы болуы керек;

  • пән салалары мәселелерінің аспектерін (жайларын) сипаттаған кезде тұтастық (интеграция) қамтамасыз етілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет