Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
▪ жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерлерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
▪ өрт сөндіруде көмек көрсету керек;
▪ электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек
көрсетуді білу керек;
▪ компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын пайдалануға болады;
▪ электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
▪ мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; ▪ жұмыс орнын ретке келтіру;
▪ жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
Көз шаршағанда қолданылатын жаттығулар
Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда мына келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:
1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):
алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;
сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра қозғалыс жасау;
көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру; 2. Басты бұру жаттығуларын жасау:
басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру; - басты жан-жаққа бұру.
Саусақты жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.
5.2. Информатика кабинетіне қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар
5.2.1. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру
Гигиеналық талаптарға сәйкес, оқушылрдың жұмыс орындарына келесілер кіреді: жұмыс аймағы (оқушылардың оқу үстелдерін орналастыру), мұғалімнің жұмыс аймағы, оқу-көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қоюға арналған қосымша кеңістік, оқушылардың жеке оқуына және ықтимал белсенді әрекетіне арналған аймақ.
Оңтайлы орналастыруға қойылатын негізгі талаптар:
оқушылардың, мұғалімнің және жабдықтардың жұмыс істеу
қауіпсіздігі;
оқушыларға арналған жайлылық;
сабақты басқару, оқытудың түрлі формаларын үйлестіру, бақылауды ұйымдастыру жағынан алғанда, мұғалімнің ыңғайлы орналасуы;
қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге ыңғайлылық; 5) кабинет ауданын оңтайлы пайдалану.
Оқушылардың жұмыс орнының (ОЖО) оңтайлы саны, сыныптың толуына байланысты, 9-дан 15-ке дейін болуы керек. Білім беру саласының іс жүзіндегі жағдайын ескерсек, информатика кабинетінде бір немесе төрт-бес компьютер негізінде оқыту технологиясын әзірлеу қажет деген пікір бар.
Достарыңызбен бөлісу: |