Қыту әдістемесі


Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру



бет86/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

5.3.3. Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру
Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) информатиканы оқыту құралдары жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, олардың минималды топтамасы информатика кабинетінің құрамдас бөлігі болуы тиіс (5.2-кесте).
Информатиканы оқытудың бағдарламалық қамсыздандырылуы мынаған бағытталуға тиіс:

  • курсты оқытуға (теориялық сұрақтарды оқыту, ЭЕМ-мен тілдесу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қолдау көрсетуге;

  • оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруға;

  • оқу әрекетінің мәдениетін арттыратын және оқушылардың жалпы дамуына ықпал ететін (мәтіндік редактормен, ақпараттық-іздеу жүйесімен, электронды оқыту кестесімен, алуан түрлі графикалық және әуенді редакторлармен жұмыс істей білу) арнаулы ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға [27].

Педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бағдарламалық қамсыздандырудың ішінде ерекше орын алады. Олар білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып, мына мүмкіндіктерді береді:

  • оқыту үрдісін саралауға, дербестеуге;

  • оқушының қателіктерін анықтай отырып, интерактивті бақылауға;

  • оқу әрекетінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етуге;

  • компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартуға;

  • оқу ақпаратын визуалды көрсетуге;

  • үрдістер мен құбылыстарды модельдеуге және

имитациялауға;

  • визуалды шындық жағдайында зертханалық жұмыстар,

эксперименттер мен тәжірибелер өткізуге;

  • оңтайлы шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыруға;

  • ойын элементтерін пайдаланып, оқу үрдісіне деген қызығушылықты арттыруға;

  • таным мәдениетіне үйретуге және ақпараттық мәдениет дағдысын қалыптастыруға.

  1. 2-кесте. Информатика кабинетін бағдарламалармен қамсыздандыру жіктемесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет