2 Гректік әдістемесі Кез келген әдістемедегі тәрізді БТШТ да әр түрлі сурет салу техникасымен қатар белгілі бір әдістемелер болады.В.А Гректің әдістемесі. Владимир Александрович Грек балалармен екі бағытта жұмыс істейді. Сурет салу және құрастыру Біз тек сурет бойынша жүргілетін жұмыс әдістемесін қарастырамыз. Сурет салу бойынша жұмыстың екі түрі ерекшелеуге болады: Штрихпен сурет салу және геометриялық линейка бойынша сурет салуды сәбилер тобынан бастауға болады. Бұл балаларда сурет салу дағдысы да шығармашылықдық қиял да көріністі есте ұстау қабілеті жоқ. Бірақ қандай да бір образды жасау деген құштарлық өте үлкен. Бұл жағдайда геометриялық линейка көлеңке келеді. Сабақ ең қарапайым тапсырмалардан басталады. Балалар қағаз бетіне геометриялық фигуралар салады сонан кейін әр түрлі түспен бояйды.Балалар көп жұмыс істеген сайын құрылыс та күрделі болғаны жөн.
Балалар әр түрлі фигураларды меңгеріп геометриялық линейкамен қарындашты еркін игергеннен кейін оқытудың келесі кезеніне ауысады. Ең қарапайым бірнеше геометриялық фигуралардан тұратын жануарлардан бастап тұтас картиналарда салумен аяқталады. В.А Грек ересек тобындағы балаларға штрихпен сурет салуды ұсынады. Ол балаларды «Графо» елімен таныстыруды бастайды. Бұл қандай ел? Балалар штрих, сызық, дақ деген геометриялық фигуралармен танысады. Балалар тек тілмен ғана емес сонымен бірге осы елдің заңдарымен де танысады. Ең басты заң- сұлулық заңы. Сурет әдемі болу үшін ол белгілі бір заңдарға бағыну керектігін балалар біле бастайды. Бұл ырғақ, тепе –теңдік , симметрия түстердің қарсыластығы, жаңалық сюжетті композициялық орталық тәрізді ұғымдарды біріктіретін композиция заңы.
Штрих- бұл қысқа да ұзын түзу де қызық, бұлыңғыр да айқын, кейде толқын кейде шеңбер бойымен қозғалатын сызық екендігін балаларға түсірінділеді. Штрихтің көмегімен заттың сипаты, материалдардың ерекшеліктері туралы әңгімелеуге болады. Балалар штрихтың мүмкіндігін білгеннен кейін алғышқы барлау жаттығуларының сериясы жүргізуге кірісіп алғашқы қадам жасайды. 1 Салмақ бірте –бірте күшейеді. 2. Штрих қағазға сәл ғана тиеді. .3 Қысқа және ұзын штрихта. 4 Штрихтың көлбеулелігі өзгереді. 5 Толқынды штрих- ирек. 6 Бірнеше қатар штрих 7. Шеңбер бойымен жүргізілетін штрих.