Ыту теориясы мен технологиясы



бет18/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
kursovaya, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
Дәріс №6. Тақырыбы: Бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
1. Сабақтарды ұйымдастыру және өткізудің маңызы
2. Сабақты және материалдарды дайындау.
3.Кезекшілікті ұйымдастыру.


1. Сабақтарды ұйымдастыру және өткізудің маңызы

Сурет салумен, мүсіндеумен, апликациямен және конструкциялаумен айналысу балабақшада балалардың барлық топтарында белгілі бір уақытта қайсібір жастағы балалардың күн тәртібіне сай ұйымдастырылады.


Бірдей жастағы балалар тәрбиеленетін топтарда өтетін сабақтың барлық үйренушілер үшін біртұтас және тәрбиелік міндеттері болады.
Бірінші кіші топтағы балалар жалпы топтық сабаққа қатысуға бірте- бірте үйрене бастайды.
Жылдың басында сабақ педагог барлық балаларды көріп отыра алатындай шағын топтармен өткізіледі. Бірақ материал барлығына дайындалады, өйткені екінші шағын топтағы кейбір балалар өз тілектермен бірінші сабаққа қосылуы мүмкін. Сабақ біткен соң күтуші бірінші шағын топтың балаларын киіндіреді, ал тәрбиеші басқа шағын топпен сабақ өткізеді.
Жылдың екінші жартысынан бастап сәбилер барлығы бірге дайындалады. Тәрбиеші оларға оң қолымен сурет салуды, ал сол қолмен қағаздың бетін басып ұстауды, столдың үстіне көп еңкеймендұрыс отыруды үйретеді. Бірте- бірте балалар сабақтарға ұйымдасқан түрде қатысу дағдыларына: тыныш отыру, басқаларға кедергі жасамау, қағазға ұқыпты қарау, қарындашты және бояуларды өз орнымен пайдалану сияқты дағдыларға ие болады.
Бірінші кіші топтағы сабақ, жылдың басында 5-7 минутқа созыла отырып, бірте- бірте 10-15 минутқа ұзарады.
Одан кейінігі жас топтарында жалпы сабақ бүкіл жыл бойына жүйелі түрде өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы екінші кіші және естиярлар топтарында 15- 20 минутқа дейін, ересек және даярлық топтарында 25- 30 минутқа дейін өседі.
Бейнелеу іс- әрекеті бойынша жалпы топтық сабақтарда әр баланың столда белглі орны болады.
Столдар 2-3 қатар қойылады. Жарық сол жақтан түседі, тәрбиешінің орны да жақсы жарықтандырылған болу керек.
Екінші кіші топта столдарды таңертеңгі тамақтан кейін тәрбиеші күтушімен бірге, сәбилерді біртіндеп қатыстыра отырып, орын- орнына қояды, ал ересек топтарда балалар өз беттерімен іске асырады.
Алты орындықты столдарға, әйнекке ешкім арқасымен отырмас үшін, 4-5 баладан отырғызған жақсы.
Бойы қысқа немесе көру мүмкіншілігі төмен балалр бірінші столға отырғызылады. Мұнда ерекше көңіл аударуды талап ететін, программаны игеруде артта қалушыларды отырғызу керек.
Жылына 1-2 рет балаларды орын ауыстырып: жарықтан қашық отырғандарды жақынға және керсінше отырғызған дұрыс. Тәрбиешіге сабақ алдында беттерге қол қою кезінде, сондай- ақ балаларды орын ауыстырып отырғызуда көмектесетін, балаларды орналастыру схесасының блғаны жөн.
Екінші кіші топта сабақ, егер олар балабақшаға бірінші рет келіп тұрса немесе сабақ өткізу мақсаты мен методикасы осыны талап етсе, балалардың шағын тобымен өткізілуі мүмкін. Ересек топтарда сабақ әдете балалар мүсін жасау, апликация, конструкциялау бойынша колликтивтік жұмыстарды орындайтын немесе учасуіде натурадан суретін салатын көктемгі- жазғы кезеңде шағыг топтармен өткізіледі.
Жылдың басында бірінші және екінші топтың балалары сурет салуды, мүсін жасауды аяқтауларына қарай столдан шығады. Бірте- бірте олар жұмысты барлығы бірдей бітіруге дағдыланады.
Жүйелі өткізілетін жалпы топтық сабақтармен қатар, балалар балабақшада өз қалаулары бойынша ойын сағаттарында сурет салуға, мүсін жасауға, қиюға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет