Ыту теориясы мен технологиясы


Дәріс №8. Тақырыбы: Мүсіндеуге үйрету әдістемесі



бет26/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

Дәріс №8. Тақырыбы: Мүсіндеуге үйрету әдістемесі
1. Мүсін және оның түрлері
2. Мүсін жасауға үйрету
1. Мүсін және оның түрлері


Мүсін өнері. Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. «Sculptura, sculpo»-шекимін, қашаймын деген латынның сөзі.
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін–Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Ежелгі мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар
мен әйелдер мүсінін көре аламыз. Онда киім, қару-жарақ, бас киім,
белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері байқалады. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Көбіне мүсіндер өлген адамдар басына орнатылған. Тас мүсіндердің келесі түрі «Елік тастар»-құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Фигуралардың биіктігі 4 метрге дейін жетеді.Мүсін өнерінің ежелден келе жатқан өнер екенін мынадан білуге болады.Ондағы адам бейнесі стильденген пішінде жасалған, әсіресе бастың пропорциялық өлшемдерінің, жалпы (формасын) пішінін өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласың. Аңыздың айтуынша, Ежелгі Грецияда өте ерте кезде бір мүсінші болыпты. Ол жан баласына жоламай, күні-түні шеберханасынан шықпапты. Оның аты Пигмалион екен. Ол ұзақ жылдар бойы Галатея деген қыздың тас мүсінін жасапты.
Мүсіннің шебер жасалғаны соншалықты, мүсінші өзі қашап салған қызға өзі ғашық боп қалыпты. Ол мәрмәр Галатея тірі адамға айналса екен деп тілепті. Афродита деген құдай, мүсіншіні аяп, тас мүсінге жан бітіріпті-мыс.Бәлкім, бұл аңыздың шығуына ежелгі гректер төңірегіндегі шеберлер қолынан туған мәрмәр мүсіндерді кеудесінде жаны бар тірі кісідей ардақ тұтқаны себепші болған шығар. Мүсін- ең ежелгі өнердің бірі. Мысалы: мынау жеңіс тәңірісі Ника. Ежелгі бір белгісіз автор жасаған бұл мүсін бұрын, бір құз жартастың басында тұратынды. Оның басы да, қолы да сақталмаған, бірақ соған қарамастан біз оның өршелене алға ұмтылған қауырт қимылын қапысыз аңғарамыз. Үстіндегі жел желбіреткен киімінің өзі Ника жанын баурап алған тебіреніс пен шабытты байқатады. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды.
Мүсін өнерінің тарихи ескерткіштері. Бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті де мәнерлі, өз бойына үлкен ескерткіштер.Мүсін өнерітұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әртүрлі, фарфордан, ағаштан, сүйектен,пластмассадан жасалған мүсіндер. Статуяны көріп тұрық, бұл тарих оқулығынан сіздерге таныс. Мирон өз күшіне сенімді ер жүрек дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон өз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды. Атап айтқанда Египеттегі «Аменемхеттің статуясы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет