Дәріс №9. Тақырыбы: Жапсырмалауға үйрету әдістемесі
1. Жапсырмалау — бейнелеу өнерінің декорациялық және мектепке дейінгі жастағы балалар іс-әрекетінің бір түрі.
2. Екінші кішкентайлар тобындағы жапсырмалау
3. Естиярлар тобындағы жапсырмалау
4. Ересектер тобындағы жапсырмалау
5. Мектепалды тобындағы жапсырмалау
1. Жапсырмалау — бейнелеу өнерінің декорациялық және мектепке дейінгі жастағы балалар іс-әрекетінің бір түрі.
Аппликация - жапсырмалау (латынша applicatio — салу) дегеніміз кез келген материалдан кесіліп алынған әр турлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отыра тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі.
Аппликацияға неше түрлі материалдар пайдаланылады: былғары, киіз, шұға, ағаштың қабығы, тері, мата, ши, қағаз.
Біздің көп ұлтты еліміздің әр түрлі халықтары аппликацияны ұлттық костюмдерді, тұрмыс және үй заттарын безендіруге қолданады.
Аппликация — бейнелеу іс-әрекетінің балалар сүйетін бір түрі: балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығушылық тудырады.
Балалар аппликациялық жұмыстарды орындай отырып, жаңа нәтижелерді игереді, басқа сабақтарда алған ұғымдарын қалыптастырады. Бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлері, сонын ішіне аппликация да кіреді, балаларда белгілі бір білімнің қалыптасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасуына бағытталады. Аппликацияның өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралы білімді белсене менгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формаларды әрлі-берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстырура аппликацияның мүмкіндігі мол. Бұл композициялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмектеседі, ол тек сюжетті және декорациялық аппликация жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |