Дәріс №5. Тақырыбы:Бейнелеу іс-әрекетіне үйрету әдістерінің дамуына қысқаша шолу 1 Бейнелеу тапсырмаларының шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ)
2 Гректік әдістемесі
3. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға көркемдік білім беру.
1 Бейнелеу тапсырмаларының шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ) Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы – бұл балалардың қиялын байқағышын барынша ерте дамыту тәрбие жұмыстың болатынын түсінген ғалымдардың символы. БТШТ – ның басқа әдістемелермен теориялардың басты айырмашылығы жекелеген тәжірибелер мен тәсілдердің әрекеттердің жинағы емес, көптеген міндеттерді шешуге ықпал ететін әдісті жасаудың әрекеті.
БТШТ –ның негізін 1945 жылы Генрих Саулович Алятшулер қалаған болатын. БТШТ- тұнғыш реет балабақшаға 1987 жылы күзде келді. Бұл Находка қаласында болған еді. Оның өзі кейдесоқтың жемісі болатын. Инженер техник қызметкерлер үшін БТШТ бойынша жүргізілген семинардың жетекшілермен мектеп оқушылармен сабақ жүргізумен сұралған болатын. Бірақ оны ұйымдастыруда қателік жіберіп, БТШТ - лықтарды балабақшаның дайындық тобына әкеледі. Мектеп жасына дейінгі кездесу БТШТ- ні барынша жасартты, оның жаңаша жұмыс істеуіне негіз қалады.
БТШТ сабақтарының барлығы да музыкалық, тіл дамыту сабақтарымен қатар, кешенді түрде жүргізіледі. Сабақ жүргізу принціпі қарапайымнан күрделіге қарай ауысады. Сабақ жүргізу кезінде төмендегі ережелерді атқару керек:
- бала бейнелеу материалдарын – қарындашты, тушты, гуащты, көмірді, пластелинді желімді т.б. таңдау мүмкіндігі иеленуі керек.
- материал баланың қолы жететін жерде тұрғаны жөн;
- бейне түсетін материалды да баланың өзі таңдағаны жөн. Бұл ақ қағаз түрлі түсті түкті қағаз, картон , фанер, шыны, фольга болуы мүмкін. Олардың түрімен өлшемі әр алуан болғаны дұрыс;
- баланы сурет салудың алуан түрлі техникасына үйрету керек.
Іс-әрекеттің табысты болуы үшін жұмыстың төмендегідей жоспары ұсынылады:
1. Санадағы ұғымның түрін өзгертуге, басқа бейнеде елестетуге, оларды қиылыстыра пайдалануға үйрету және осының негізінде мүмкіндігінше жаңа образдармен жағдайлар қалыптастыруға баулу.
2. Оқиғаны оның даму реттілігі бойынша елестетуге, олардың жекелеген бөлшектерінің бір-біріне тәуелділігін орнықтыруға үйрету;
3. Бейнелеу жағдайына «кіруге» үйрету;
4. Бейнені жүзеге асыру үшін тиісті бейнелеу – айқындау құралдарын пайдалануға үйрету;
5. Кейіпкерлерге қиял-ғажайып сипаттағы ерекшеліктер беру;
6. Белгілі ертегі кейіпкерлеріне оларға мүлде тән емес қасиеттер беру;
7. Бейнелерді музыка көркем сөз бейнелеу құралдары арқылы қабылдауға үйрету;
8. Заттардың белгілі бір қасиеттерін қабылдауды, ерекшелей білуді дамыту, оларды белгілері бойынша жинақтап, және қаншалықты ерекшеліктерін анықтау.
9. Қоршаған өмірдегі заттармен құбылыстар туралы түсінікті кеңейту.
10. Суреттерді талдау және живописке деген ынта мен құштарлыққа тәрбиелеу.
11. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, түсті, ырғақты, түрді сезінуін дамыту.
12. Суретті пайдалана отырып, диалогтік және монологты сөйлеуді жетілдіру.
13. кеңістік туралы түсінікті орнықтыру және кеңейту.
14. Суретті дербес құрастыруға үйрету.
15. Жекелеген суреттер бойынша немесе үлкен қағаздың бетіне сурет сала отырып бір ертегінің мазмұнын сипаттауды құрастыруға үйрету.
БТШТ-да бейнелеу техникасының төмендегідей түрлері пайдаланылады.
1. Паралонмен, матамен сурет салу. Бояу ернеуі аласа ыдыстарға құйылады. Паралонды бояуға матырып алып, суреттің бетіне жағады. Бұндай тәсілмен қағазға берілген бояу біркелкі әрі әдемі болады, Осындай тәсілмен ағаштың (жапырақтың) таулардың суретін салуға болады, заттардың өзіндік сипаттарын беруге бұл тәсіл барынша қолайлы.
2. Түтікше болып оралған матаны пайдалану. Матаның қиығы мұқиятты түрде түтікше болып оралып, оның бір ұшы бояуға малынады да одан қағаз бетіне жұғылады.
3. «Саусақты живопись». Бұл техника өте қызықты, қазіргі кезде неміс суретшісі Гюнтер Юкке оны кенінен пайдаланды. Аталған техниканың ерекшелігі мынада: бояу саусақ немесе алақан арқылы жағылады. Бояу жалпақ табақшаға құйылады. Сондай жалпақ ыдыста таза су тұрады. Басты тәртіп – әрбір саусақ бояудың бір ғана түріне батырылады. Жуылған саусақ қолма қол сүртіліп отырады. Егер балалар алақанымен сурет салатын болса, бояуды тереңірек ыдысқа құю керек. Бұл техника ересек балаларға да сәбилерге де қызықты. Сәбилер тобында бұл тәсілмен көйлектерді безендіріп жануарлар ізін бейнелеуге болады. Ересектер тобында әдемі пейзаждар ағаш суеті тамаша көрінісі береді.
4. Монотопия. Техниканың бұл түрінді бояу салафанға немесе шыныға жағылып сонан соң үстіне қағаз қойылып салмақпен жабыладв. Дақтың көлеміне бояудың бағытына қарай әр түрлі бейне алынады. Бұл – тәсіл. Тағы бір тәсіл қағаз екіге бөктеліп бояу парақтың тек қана бір жағына жағылады. Мұнан соң парақ екінші жағына бүктеліп айнала бейне пайда болады. Бір немесе бірнеше түрлі бояуды пайдалануға болады.
5. Сиқырлы сурет. Сурет балауыз арқылы салынады. Ол көрінбейді оны байқау үшін қағазға тушь немесе бояу жағу керек. Бұл техника барынша күрделі сондықтан оны ересектер тобында қолдану керек.
6. Сулы қағазға сурет салу. Қағаз ең алдымен суға батырылады, сонан соң қылқалам немесе саусақ арқылы бейне түсіріледі. Сурет қағыз бетіне жайылып, жаңбыр астына немесе тұман кезіндей болғандай әсер қалдырады. Егер сурет детальдарын салу керек болса қағызын кепкенін күтесіз.
7. Шашырату. Әр түрлі өлшемдегі щеткалар пайдалынады. Сурет салынатын материалдың бетіне трафарет қойылады. Тарақтың немесе щетканың көмегімен бояу шашырылады. Бір немесе бірнеше түсті пайдалануға болады.
8. Щетканы қағаз бетіне болар болмас тигізу арқылы сурет салуға болады
9. Коллаж. Суретті аплиациямен араластыра пайдалану Апликацияны қағаздан, матадан,жіптен жасалуы мүмкін.
10. Түтіктегі бояумен сурет салу. Сурет шығыңқы болып тұрады. Балаға бояуды бірден қағазға жағуды үйрету керек. Бұл үшін түтікті қажетті бағытқа бұрамыз.
11. Ауқымды аппликация. Қағаздың матаның бір бөлшегі ғана жеңілденеді. Қораптарды сығымдалған қағаздың, матаның фонераның,ағаштың бөлшегін желімдеуге болады.
12. Сия тамшысындағы «кляксогафия» қағаз парағына бояу тамызылады. Оның неге ұқсас екенін анықталып жеткіліксіз детальдары салынады.2 түрі- тамшы түскен соң қағаздың бір жағын көтеру арқылы бояудың ағып сол арқылы бейне пайда болуына көз жеткізу.
13. Нүктелі сурет. Сурет қылқаламның саусақтың ұшымен түсіріледі. Нүктелердің көлемі әр түрлі болады. Оның техникасы күрделі болғандықтан ересек жас топтарындағы балалардың қолданғаны жөн
14. Ипалақтанған қағазға сурет салу –Парақ ең алдымен умаждалады, одан кейін оны жазып беіне сурет салады. Мұндай тәсілмен ағаштарды, жартыстарды салу тиімді.
15. Қағаздың бетіне көшуру. Қағаз қойылып таяқша арқылы сурет салынады. Көшіргі қағаз бір түсті немесе әр түсті болуы мүмкін
16. Сурет қою бояумен қағаз бетіне салынады. Бояу кепкейіннен кейін сурет бір екі секунд су құйылған тарелкіге малынады Сурет жаңбыр тұман астындағы бейне тәрізді.
17. Желіммен сурет салу.Қағаз парағына қағаз желімімен долбар сурет салынады. Ол қағыз бетінде шығыңқы болуы тиіс. Желім кепкен кезде қағаздың бетіне суық бояу құйылады. Ол долбарлы пішінді ққуалап бейне түсіреді
18. Жіп арқылы салу 1 Сапасы мен бояу әр түрлі жіптер арқылы түкті қағаздың бетіне сурет салынады.2- тәсіл бояуды батырып алып екіге бүктелген қағаздың бетіне қалдырып, сығынмен қысады. Ептеп қағазбен жазып жіпті алмыз. Оның бетінде бір бірінен аумайтын суреттер пайда болады.