12. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындау барысында мынаған назар аударыңыз: реферат – бұл қарастырып отырған тақырыптың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау. Әдетте рефератта автордың тақырып бойынша өз ойы мен цитатасы беріледі. Сондықтан да рефератта сіздің өз көзқарасыңыз да болуы қажет. Реферат құрылымы: титульдық бет, жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Оның көлемі: кем дегенде 5-7 бетті құрау қажет, форматы - А4. Кем дегенде 5 дерек көздері қолданылуы тиіс. Әр рефератқа баяндамашы мен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, пікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. СОӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.