3. Орта ғасырдағы өнердің көркемдік ерекшеліктері Орта ғасырдағы өнердің көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік сипатын атап көрсететін көптеген кітаптар жазылған. Бұларды талдау, бейнелеу өнерінің негізін, суретті меңгерудегі кемшіліктер болғандығын, сонымен бірге суретті оқыту мәселесінің дамуының тоқтап қалғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің теориялық талдаулары мен нақты оқыту әдістемесінің болмағандығын айқындайды. Бұл істі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бастап, оны алға алып барды. Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихы мен суретті оқыту әдістемесі саласында жаңа дәуірді ашты. Бұл кез сурет салу оқу пәні ретінде мектеп курсына ендірілмесе де, сурет салуға оқыту әдістемесінің дамуына белігілі дәрежеде үлес қосты. Сурет салу мен оны оқыту мәселелерімен бейнелеу өнерінің белгілі шеберлері Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дьюрер және басқалар айналысты.
Суретті оқыту саласында қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бағалы пікірлер айтты. Олар суретті салуға үйретудің негізі – нұсқаға қарап сурет салу екендігін көрсетті. Ченнини Ченнино мұғалімге әдістемелік басшылық көрсетуге үлкен мән берді. Ол «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде «егер сен кітапты күн-түн оқығаныңмен, практика алуға мұғалімге бармасаң, шеберлер қатарына қосыла алмайсың» - деп көрсеткен. Альберти оқыту әдістерін ғылыми негіздей отырып, сурет салу механикалық жаттығу емес, ол ойдың жаттығуы екендігіне мән берген. Бұл ойды кейіннен Микеланджело да дамыта отырып, «Суретті жай салмай, ой арқылы салу керек» деген пікір айтқан. Альберти өзінің «Сәулет туралы 10 кітап» еңбегінде суретті оқытудағы өзіндік жүйені ұсынады. Ол ең алғаш шәкірттерге нүкте мен түзу сызықтарды көрсетіп, онан соң әр түрлі бұрыштармен, ең соңында көлемді заттармен таныстыруды қарастырады. Альберти мұғалімнің жеке көрсетуіне үлкен мән берді. Сонымен қатар, оның көзқарасында уақыт жағдайына байланысты кейбір кемшіліктері де болды. Ол Альбертидің нұсқаға қарап сурет салуға қарсы суретті жазықтық бетіне механикалық проектілеу идеясы. Бұл әдіс бойынша нұсқа мен суретші арасына мөлдір калька керілген жазықтық орнатылып, нұсқаны сол арқылы көріп салу әдісі қолданылды. Басқа жағдайда мөлдір калька орнына тор керілген жазықтық орнатылды. Бірақ бұл әдіс баланы перспективаны бейнелеуге үйреткенімен, сурет салуды механикалық көшіріп салуға алып келетіндіктен өз мәнін жойды.
Грек тілінен аударғанда «Архитектура» -ең басты құрылыс деген ұғым береді. Өте ежелгі өнер түрі болып саналады. Адамдар әлі жазу, сызуды білмей тұрып, суық пен қатерден қорғану үшін өздері паналайтын үйлер сала бастайды. Ежелгі құрылыс түрлері сан алуан еді. Көшпелі тайпалада өте оңай жеңіл күркелер болса, тұрғылықтыларда берік тас үйлер еді.
«Әлемнің жеті кереметінің бірі «Хеопс пирамидасы». Пирамида Египет өнерінің қайталанбас салтанаты. Шөл далада бой көтерген, пирамидалар түрі қатал да заңғар лып пирамидалар аса ірі бөлшектерден құралған. Хеопс пирамидасының биіктігі 146,6м, ұзындығы 233 м. Ол 2 млн 300 бөліктен құралған. Мыңдаған адамдар 10 жыл бойы плита тасуға жол салса,, 25 жыл пирамиданың өзін салған. Гиздағы пирамидалар өздік ансамбль құрып, Нилмен ұзын коридормен байланысады. Тастан ойылған сфинкс храмның ажырамас бөлігі.