1. Сурет теориясының негіздері
Бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы (кеңес үкіметі кезінде) басқа ұлттық мәдениет түрлеріне қарағанда айталықтай дәрежеде даму жағынан артта қалып отырды. Бұл қазақ халқының революция кезіне дейін қондырғылы (станокты) өнерден хабардар болмауы себепті еді.
Шоқан салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болып, өзінің көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге жатпайды.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауы 1877 ж. Алматыға келген орыс суретшісі Н.Г. Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер оны қатты тебірентті. Ол осының бәрін асқан бір іждақаттылықпен, құштарлықпен қағазға, кенепке түсірумен болды.
Ол Алматыдағы тұңғыш көркемсурет студиясын басқарған. Бірінші ұлттық қылқалам шебері Ә.Қастеевте Хлудовтың шәкірті болған.
Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл жылдарда көркем шығармалардың көрмесі маңызды оқиға болып есептелді.
Көрме 1928 жылы Семей қаласындағы, кейінен басқа қалаларда (Петропавл, Қорған, Лениногорск, Қызылорда, Қарсақбайда) болып өтті:
Бейнелеу өнерінің дамуына негізгі қозғалыс 1937ж. әдеби - көркем ұйымының қайта құруы туралы шешімінен кейін басталды.
Одақ төңірегіне барлық шығармашылық белсенді топ бірінші суретшілер Н.Крутильников, Ф.Болкоев, Ә.Ысмаилов, Ә.Сарсенбаев, Қ Қожықов, И.Савельев, Н.Тимофеев, З.Назыров, Ә.Қастеев және т.б. жиналды.
1940ж. Республика сутетшілерінің 1-ші сьезі өтті. Қазақстан көркемөнерінің П кезеңінде 50-60 ж. натураға, яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу соны бейнелеу тән болса 60 жылдары бейнелеу публицистикасына бой ұру «Қатаң стильді» ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерлерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 жылдары көркем өнер- бұл анағұрлым күрделі кезең болып есептеледі.
Қазіргі белгілі таланттың бірі республика жұртшылығының назарына іліккен суретші Ағымсалы
Дүзелханов. Ол Алматы көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының графика факультетін бітірді.
Суретшінің «Момынбай мен жеті қарақшы» атты халық ертегісіне арнап салған суреттеріндегі кейіпкерлердің айқын мінездемелері оқырмандарды өзіне еріксіз тартады.
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру,оқу материалынан ең бастысын бөліп алу, классификациялау, сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады.
Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.
Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті-нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат-ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.
Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді
Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.
Мектепке дейінгі мекемелерінде сурет салуды үйрету 2 жастан басталады. Педагог балалардың бұл іс әрекетіне басшылықты іске асыру үшін, оған баланың сурет сала бастауын, оны меңгеруге қандай кезеңдерден өту керек екендігін білуі керек.
Бала 1 жаста, ал кейде біраз кейінірек қолына қарындаш алып, қағаз бетін шимайлай бастайды. Осы кезде тамақ ішірде қасықты, ойыншықты алу үшін таяқ тәрізді заттармен әрекет ете бастайды.
Қарындаш пен қылқаламды басқа құралдар сияқты бірден меңгеріп кете алмайды. Әдетте бала қарындашты барлық саусақтармен жұдырығына қысып алады да, шынтағымен тіпті иығына дейін барлық қолдарымен қозғалыс жасайды. Ол қарындашпен қағаз бетін қайта-қайта ұрғылай береді. Әуелі баланы қолдарымен қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш қайталанған өз қозғалыстары еліктіреді, ал кейде қағаз бетіне қарындаш ұшының соғылуы да оны сүйсіндіреді.
Алғашқыда сәби әрекет нәтежесінде не шығып жатқанына көңіл аудармайды. Бірақ тез арада қарындаштың қағазға із қалдыратынын байқайды да, соны тағы да көру үшін қайта-қайта шимайлай береді. Алғашында сол сызықтардың бағыты мен сипаты белгісіз кейдесоқ ретсіз болады. Бала қарындашқа түскен күшті игере алмай, кей жағдайда да қағазға түскен сызық әрең көрінеді де кейде қарындаштың ұшы қағазды тесіп кетеді.
Бала нүктелер мен сызықтар түсіре отырып, қағаз бетінің кеңістігін қимыл арқылы меңгереді.
Бірте бірте қол қимылы қарындашпен үйлесім таба бастайды. Баланың көзбен бақылауы әлі шамалы болса да, біркелкі қимылдарды қайталай беруге ыңғайлы келеді, көбіне қимылды іс жәрдемдеседі. Бала қол серпілісін дұрыс реттей алмағандықтан сызықтар қағаздың көлемінен асып кетіп отырады. Алдағы уақытта қозғалыстар (ары – бері) күрделене түседі де, олардың бағыты өзгереді, доға сияқты қозғалыстар айналмалы қозғалысқа айналады да, қағаздың бетіне толық тарап, шиыршықтар пайда болады да, орама, линиялар тәрізді айналмалы сызықтардың күрделенуіне ауысады. Қол мен қарындаштың осындай дүркін-дүркін қайталануы ырғақтылық береді де, бала сүйсіне түседі.
Баланың екі жасында қағазға түскен сызықтарға қызығушылығы пайда болуының нәтежесінде бірнеше парақ қағазды қозғалмай отырып сызуы мүмкін. Сурет салудың осы кезеңі, әдетте, шимай жазу деп аталады. Бейнелеу іс әрекетінде осы сияқты сурет салу болып өтеді: ол қарындашпен қолдың үйлесімді, ырғақты қимылдарын дамыту мен қимылдарды көзбен бақылауды дамыту үшін пайдалы.
Түрлі түсті қарындашпен сурет салу баланың зейінін ашық түске тартады. Бояу баланы қуантады және ол қарындашты қаттырақ басып, сызықтарын жиілетіп,түсін қоюлатып салуға тырысады.
Бұл жаста әдейілеп бейнелеу әлі жоқ. Бала бір нәрсені толық етіп бейнелеп сала алмайды. Бірақ осы кезде бала материалдардың қасиеттерін тани бастайды: қағаздарды, қарындаштарды олардың түсін, өзінің қолындағы қарындаштың қимылынан қағазға түскен іздерді таниды да, оларға қызыға қарай бастайды.
Осы кезең қол қимылы мен көрудің дамуына әсерін тигізеді. Бала өзі үшін құралдармен танысады, үлкендердің бағыт беруінің нәтежесінде осы құралдарды қалай пайдаланудың қарапайым түрін меңгере бастайды, көрнекті із алу үшін оны қолына дұрыс ұстап, қағаз бетіне жүргізеді. Бұл кезеңде баланың өз бетінше кетпеуін қатты қадағалап, қарындашты қалай ұстауды көрсету, бұл үшін оны сәбидің қолына ұстату (өйткені ол өзі қарындашты дұрыс ұстай алмайды); қолмен қағазды қалай ұстауды көрсету маңызды. Сәбидің сызықтармен штрихтарға зейінін аудара отырып не салғанын, оны неге ұқсайтынын сұрау керек. Баланы ойлануға тарта отырып оның не істеп отырғанын, қандай құбылыстар мен заттарға ұқсастығын іздеуге, ойлануға итермелеу керек.
Бұл уақытта жалпы топтық үйрету сабақтары «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасында» ұсынылмағынымен, балаларға олардың қалаулары бойынша столға отырып, сурет салуына мүмкіндік беруге болады. Бұл бейнелеу іс әрекетіне қызығушылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Яслиде балаларға 1,5 жаста қағаз бен қарындаш беріледі. Егер балабақшаға бармаса, үйде сурет салмаса, 2- 2,5 жасқа дейін іс әрекеті дамуы едәуір кешігеді.
Сондықтан балаларды қарындаш ұстаған қолдың бейне жасау кезендегі қимылын түсінуге алып келу бірінші кішкентай топқа келгеннен қолға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |