3. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға көркемдік білім беру.
«Өнер» атты арнаулы ұғымды әр қырынан талдауға болады. Нақты бір болмысты не затты өнер түрінде әр бағытта алып қарастыруға болады. «Өнер» түрлерін тарихи тұрғыда тұрғыда қалыптасқан желілеріне орай-әдебиет, мүсіндеу, кескіндеме, саз, театр, хореография, би, кино т.б. түрде тармақтауға болады.
Өнердің қоғамдағы атқаратын ең басты қызметі- қоғамды эстетикалық құралдар арқылы тәрбиелеуге ұласады. Өнердің ықпалымен адамдардың эстетикалық қабілеттері мен талғамдары
ғана қалыптасып қоймайды, адамдар арасындағы қоғамдық қарым- қатынастар, көзқарастар, пікірлерде дамиды.
Адамның күнделікті тұрмысын безендіретін заттарды да бейнелеу туындысы ретінде қарастыруға болады. Бейнелеу өнерінің түрлері сан алуан; кескіндеме, графика, мүсін, сәндік- қолданбалы, сәулет өнері т.б.
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.Оқулық–оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап."Бейнелеу өнері" пәні оқу-тәрбиелік үрдісінің ұйымдастыруына ерекше тәсілді қажет етеді. Оқушыларда белгілі бір дағдылар мен ептілікті қалыптасытру ғана емес, сонымен қатар оларға дүниеге деген эмоционалды–құндылықты қатынастың тәжірибесімен шығармашылық әрекеттің тәжірибесін жеткізу маңызды. Өнер баланың тұлғасын қалыптасытруға үлкен ықпал етеді, қоршаған ортаны көріп, естуге көмектеседі, өнер туындыларының көркемдік құндылығын бағалап түсінуге үйретеді.
Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен рөл жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И.П.Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі–көркемдік және ойшылдық (ақыл-ой) туралы жазған болатын.
Бірінші-көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді.Екінші-ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі да, абстракциялы да болып келеді.
Балалардың бейнелеу өнеріне деген қабілеттін дамыту педагог сурет салуға үйрету ісін жоспарлы да жүйелі жүзеге асырған кезде ғана өз жемісін береді.
Заттардың саналы түрде бейнелеудің пайда болуымен бірге қабілеттілікті дамытудағы бейнелеу кезеңі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |