6. Мектепалдытобындағы сурет салу Тәрбиелеу және үйрету бағдарламасы. Жетіге аяқ басқан балалар 5 жастагы балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрыннан алып келе жатқан қабілеттерінің сапасы дами түседі.
Бәрінен бұрын балалардың өз беттерінше заттарды қарай білулерін қадағалап, қабілетін дамыту аса қажет. Бұл процестің ең бастысы — балалардың қалыптасқан тәжірибесіне сүйену. Тәрбиеші балаларды заттардың, қоршаған құбылыстардың шын-дығын суретте шешімін табатындай етіп талдай білуге жетілді-руі тиіс. Педагог балаларды әрбір заттьщ тән қасиеттерін мү-шелей білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнін. ғажаптығына балалар-дың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, кегілдір аспанның, көктердің түсін көрсетеді. Бұл негізінен бояу түстерінің жас, қанық екендігін сезінуді арттырады. Бұл топта натураға қарап сурет салу негізгі мақсат емес, дегенмен кейбір өзгешеліктері бар. Бұрын балалар заттар-дың құрылысы мен түстерінің тобын, белгілі бір формаларды меңгерген болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы: сурет салуға таңдап алынған бұтақтың тармақтары және көптеген жапырақтары т. б. бар. Балалар осы қасиеттерін байқап, бейнелеулері керек. Сабақтың басында балалардың затты дұрыс талдап,, қарап алғанына қарамастан, жасалған бейнені олармен салыстыру, оны қабылдауға қайтып оралу кажеттігі туады.
Табиғатпен таныстыру сабактарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табигат құбылыстарын қадағалап оты-рады, балабақша немесе топ учаскелерінде өсімдіктердің өскен-дігін, бойларының ұзарғандығын байқайды да, соларды өздері-нің суретіне енгізеді.
Балалардың еңбекпен, техникамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен танысуы олардың салған суреттерінде, мүсіндері мен аппликацияларында кеңінен бейнеленуі керек, мүнда әсіресе бейнелеу енерінің аса зор танымдық мәніне назар аударған жөн. Егер бүрынырақ балалардың назары заттың, құбылыстың сыртқы әдемілігіне аударылып, осылайша олардың эстетикалық тәрбиесінің баюы мен эстетикалық қабылдауы дамытылса, ал енді құбылыстың эстетикалық жағы онша ескеріле бермейді, әрі мұ-ны балалардың білуі тиіс. Бейнелеу өнерінің шығармаларымен тереңірек танысуға балалардың ез бетінше өмір құбылыстарына эстетикалық талдау жасай алуы көп көмектеседі.
Педагог 6 жастағы балаларды әр түрлі тақырыптағы суреттерді, шағын скульптураларды, декорациялық-қолданбалы өнер, бұйымдарын түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды, қуаныш сезіміне бөленеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжиды; сонаң кейін педагогтың кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бұйымды тандап алады.
Мектепке даярлық тобындағы балаларда үйренуге деген қабілет анағұрлъш алғыр келеді. Балалар тек- тәрбиешінің айтқанын істеп қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттыруға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар кояды. Балалардың білуге әуестігі белгілі бір бағытта дамиды, білуге құштарлығы артады, өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді.
Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнердің әрбір түріне деген білуге құштарлығын жеке-жеке дамытуы тиіс, ейт-кені бұл құштарлық олардың салған суреттеріне, мүсіндеріне, аппликацияларына эсер етеді.
Сурет салу кезінде педагог балаларды өз жолдастарының жұмысын әділ де жұмыла бағалай білуге бағыттайды, олардың өз пікірлерін айтуын дамытады. Ол балаларды өз білгенін түгел езгеге үйретуге, өз жолдастарына көмектесуге үйретеді. Мәселен, сабақ үстінде балалар түрлі элементтерді қолдана отырып, декоративті ою-өрнек жасады делік. Олардын біреуі топқа тек жақында ғана келгендіктен өрнектің композициясын түсіне алмады. Мұндай жаңадан келген балаға өрнекті салудың тәсілін педагог жақсы сурет салатын бір балаға тапсырады.
Ұжымды түрде жұмыс істеген кезде 6 жастағы балалар тәрбиешінің көрсеткен жұмысын ғана істеп коймай, осы жұмысты тәрбиешінің таңдауына ықпал жасайды. Кейбір жағдайларда бір столда отырған балаларға тәрбиеші ұжымдық жұмысты атқаруға келісуді, өзара міндет бөлісуді ұсынады. Ол жұмыс барысын бақылап отырады, бірақ олардың өз бетімен жұмыс жасауына көбірек еркіндік береді.
Тәрбиеші балаларды жұмыстың жоспарын өздері жасауға, яғни алдымен ойланып, болашақ суреттің мазмұнын көз алдына келтіріп, содан кейін сурет сала бастауға үйретеді. Сондай-ақ балаларға жұмысты орындау процесінде де жоспарлауды үйрету қажет: бұл баланың барлық іс-әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін-өзі қадағалауына игі әсерін тигізеді.
Педагог балаға оның өзі салған суретіне сын кезбен қарауды үйретеді. Бірақ әрқашан сынап-мінеп отыру баланы қанағаттан-дырмауы, оның суретке деген ынтасын кемітуі, өзі жасаған дү-ниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан да балаларды өз қатесін тек байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуын, бейнені кәркем етіп толықтыра білуін қалыптастыру керек, олар-дың қабілеті, іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің арақатынасын байланыстыру керек, ездері салған суреттің өзге-ге түсінікті болуын, езін қуанышқа белеуін қадағалау қажет.
Бізді қоршап тұрған ортадан ерекше, айқын, ашық заттарды таңдай білуге үйрету керек. Тәрбиеші бөліктеріне дейін айқын, бедерлі (мысалы, ойыншықтар), сондай-ақ силуэті айқын көрі-нетін заттарды (керамикалық заттар, вазалар) таңдап алады. Балалардың осы бүйымдардың түрлі варианттарын өздері ой-лап салуы үшін тәрбиеші бұл бұйымдармен жете танысуды әрі зерттеуді ұйымдастырады, ал сонаң соң оларды бейнелеуді ұсынады.
Мектепке даярлық тобында балаларды алуан түрлі түстік. гаммаларды (контрасты, бір-біріне жақын) өз бетімен пайдала-нуға, оны жасай білуге үйрету кажет. Сонда балалар тек бір түстің бірнеше реңкі - болатынын біледі, түстерді айыруға және оларды бере білуге үйренеді, реңктерді алу үшін бірнеше түс-терді араластыру қажет екендігін сезеді.
Педагог балаларға түстердің атын өздері атауды ұсынады: сұрғылт көгілдір, сарғыш кек және т. б. Ол балаларға заттар мен құбылыстар түсінің құбылмалығын, өзгергіштігін түсіндіреді, әрі соларды суретте, аппликацияда бере білуге үйретеді. Мысалы, балалармен күн шұгыласына беленген ашық күнгі айналадағы заттарды бақылай отырып, тәрбиеші назарды түстердің қанықтылығына, контрастылығына (алқызыл гүл күн түскенде жанып түргандай болатынына) аударады. Ал енді күн бұлтқа жасырынғанда әлгі ашық түстердің барлығы күңгірт тартады.
Бір реңкі алу үшін түрлі түстерді араластыруға үйрену баланың түстік палитраны еркін әрі әрқалай пайдалануына мүмкін-дік береді. Тәрбиеші мұндайда балаға көмектесуі тиіс. Бала көбіне түнеріңкі аспанды бейнелейтін күңгірт түсті немесе нәзік қызғылтым түсті, сондай-ақ ағаштың күңгірт жапырағын, гүлдің көгілжім сұр сабағын бейнелейтін түстерді іздейді.
Балалардың балабақшада алған білімі мен шеберліктері олардың ешбір қиындықсызақ сурет салуларына, қол еңбектеріне, жазуға үйренуіне және өзінің күш-жігерін топтың көпшілік жұмыстарына жұмсауына, графикалық және аппликациялық жұмыстарды жүргізуіне қабырға газеттерін шығаруына үлкен септігін тигізеді.