5. Ересектертобындағы сурет салу Тәрбиелеу және үйрету бағдарламасы. Бес жастағы балалардың сурет салуы белгілі ниетте және саналы сипатта бола бастайды. Педагог балалардың түпкі ойының қалыптасуына мүмкіндік жасайды, оларды алдын ала суреттің мазмұнын ойластыруға, негізгі ойды ерекше бөлуге, оны түсінікті етіп көрсетудін жолын табуға үйретеді. Ол балаларды өздерінің салған суреттерімен қатар, қүрдастарының жұмыста-рына да дұрыс баға беруге үйретеді, оларды жан-жақты талдауға әр түрлі жұмыстарды әрбір суреттердің өзіне тән ерекше сипаттарына негіздей отырып салыстыруға баулиды, суреттің мәнерлілік жағы: формасыньщ колоритінің, түрлі түстердің үйлесуінің, композициясының ерекшеліктерін бөле көрсетуге бағыттайды.
Педагог бағалаудың деңгейін көтере отырып, суреттердің сапасының одан да жоғары дәрежесіне жетуге қызығушылық, іскерлікті игеруге қажеттілік туғызады. Балалар қиындықты жеңуге, жіберген қателерін байқауға және түзетуге қабілетті бола бастайды. Сурет салу процесінде өзін-өзі бақылауы арта түседі. Тәрбиеші сабақ уақытындағы тапсырма балалардың күші мен мүмкіндігіне сай, бүкіл бөлінген уақытта олардың қолының бос болмауын қамтамасыз етуі керектігін есте сақтауы керек. Кейбір балаларда баскаларды үйрету, оның да жақсы, дұрыс жасай алатындай ету ниеті пайда болады. ¦жымдық жұмыстарды орындау процесінде педагог балаларды жүмысты ұйымдастыру және жоспарлау кезінде үлкен дұрыстыққа, әрқайсысына неме-се кішігірім балалар тобына тапсырылған жалпы композициялау бөлігін жақсы орындауга жауапкершілікке тәрбиелейді.
Дербестіктің көрінуі барған сайын өзінің жекелей тәжірибесін, бұдан бұрын көрсетілгеннен гері ерекше әрекеттің белсендірек түрін көрсетумен байқала бастайды. Творчество элемент барған сайын айқын көріне түседі.
Алдындағы жылдардағы алған эстетикалық даму жаңа кең сипат алғандықтан, тәрбиеші 5 жастағы балаларда декорациялық өнер шығармаларын қабылдау және саналы бағалауын дамытуы қажет. Өрнектерді салуда ол балаларды бейненің мәнерлілігіне, түр үйлесімділігінің әсемдігіне және форманың гармониялығына, бейнелердің орналасуының ырғақтылығына талпынуға үйретеді. Байланысқан мазмұн, сюжет суретте толық та айқын бейнесін табады. Балалар формасы жағынан аса курделі заттарды бейнелей бастайды, формаларды жалпылама бейнелеуден, негізгі сипаттағы формалары олардың ерекшеліктерімен қоса бейнелеуге өте бастайды. Педагог балаларға бейнелеудің сапасының сол затты білуден тәуелділігін түсінуді дамытады, суретін салатын затты өз қалауынша қарауға, орындалу жүйелілігі ережесін игеруге үйретеді. Бұл жеке өзінің әсері мen қарым-қатынасын әкеле отырып, өз алдына бейне жасауға мүмкіндік береді, әрі айналасын қоршағандардың әсерін суретте бейнелеуге кең мүмкіндік ашады.
Педагог сабақ үстінде балалардың кажетті істерді өздерінің атқаруына, кезекшілікті жүйелі орындау талабын күшейтеді. Кезекшілердің міндеттерінің ауқымы ұлғая түседі, олар орындаған міндеттерінің орындалуын бағалау қатаң болады. Олар қандай іс-әрекетке қандай құралдардың керектігін, күні бұрын не туралы қамдану керектігін біледі. Балаларда еңбек пен ұйымдастыру қабілеті дамиды.
Ересектер тобында тәрбиеші балаларды заттың өзіне тән формасын анықтай білуге, ал егер зат бірнеше бөліктен тұратын болса, оның ең үлкен құрамдас бөліктерін белгілі геометриялық фигуралармен салыстыру жолымен және олардың арасындағы ұқсастық және айырмашылықты табу арқылы үйрету керек.
Ол балаларды заттардағы бір-бірінен биіктігі және енімен өзгешелене отырып, тек шамасы жағынан ғана емес, пропорциясы жағынан да әр түрлі болатынын білуге үйретеді: ағаштар биік және аласа, жуан және жіңішке, үйлер биік және аласа, олардың терезесі тар немесе кең болады.
Балалар әр түрлі пропорциялы заттарды салуды үйренеді. Олар заттардың тігінен тұратындығын, жататындығын, геометриялық фигуралардың әр түрлі орналасатындығын, тұруы, жатуы, көлбеу тұруы, төңкеріліп жататындығын біледі. Мұны аса күрделі емес құрылыстар жасайтын кірпіштен, қағаздан ойылған тікбұрыштар мен ұшбұрыштардан оңай көрсетуге болады.
Сурет сабақтарында тәрбиеші балалардың бірнеше бөліктен тұратын заттардың құрылысы туралы түсінігін анықтайды, бөліктерінің орналасуын жоғарыда, төменде, бүйірінде, ортасында жатқан жағдайын, бұрынғыдан гөрі дәлірек зат бөліктерінің салыстырмалы шамаларын анықтауға, заттарды құрылысы жағынан салыстыруға үйретеді. Мәселен, балалар әр түрлі машиналардың құрылысындағы, гүлдердегі, құстардағы т. б. ұқсастықты табады, олардың өзіне тән ерекшеліктерін береді.
Педагог балаларға зат бөліктерінің орналасуы, құстың, жануардың кеудесі қозғалыс кезінде, өзгеретіндігін түсіндіреді. Ол оларды қозғалыстың кейбір қарапайым формаларын суретте бере білуге үйретеді. Мәселен, бала құстың басының иілуін, аюдын кеудесінің бұрылуын т. б. бейнелеуі мүмкін.
Тәрбиеші балаларға спектр түстері туралы білімді рет-ретімен (кемпірқосақтағыдай) беруі, ақ түсті қосу жолымен ашық өң алуды үйретуі тиіс. Қара мен ақтан басқа, бейтарап түрден сұр: қою мен ашық түсті балалар білетін болады. Олар саналы түрде әсем түр үйлесімін іздеп және жасау мүмкіндігін алады.
Тәрбиеші балалардың естиярлар тобында танысқан ою-өрнектер элементтерін күрделендіруі тиіс. Балалар жана доға, толқынды сызықтар салудың әдістерін игереді. Олардың элементтері ретінде өсімдіктердің бөліктері — жапырақтарды, гүлдің тажы мен гүл жапырақтарын, жидектерді пайдалануды үйренеді.
Педагог балаларды ою-өрнектегі элементтердін, квадратта, шеңберде, көпбұрышта симметриялы орналасу ережелерін таныстырады.
Қағаздан ойылған әр түрлі заттарды, киімдерді мәселен көйлектің кескінін, шағын костюмін, шыны-аяқ, құмыра, ваза т. б. ұсынады. Педагог ересектер тобы балаларын түс үйлесімі мен элементтер қиылысымының әр түрін жасай отырып, өз бетінше ою-өрнек композициясын табуға үйретеді.
Ересектер тобында алғаш рет акварель бояуымен сурет салу енгізіледі. Гуашьпен жұмыс істеу әдістері тиянақталады. Және де ба¬лаларды түрлі түсті балауыз борлармен, график карындашпеи сурет салу әдістерімен таныстыру тиіс.
Педагог балаларды түзу сызықтарды әр түрлі бағытта, түрлі қалыңдықта жүргізуге, доға, шеңбер, овал формалы фигуралар, толқынды сызықтар салуға жағындылар алу үшін қылқаламды жалпағынан салуга үйретеді. Қарындашты, қылқаламды тым күш салмай, жеңіл қозғауды, қаламды қағазға тым баспауды және басуды реттеу арқылы әр түрлі рең алуды, қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтар, жалпақ жолақтарды түк жағымен салуға дағдыландырады.