Ыту теориясы мен технологиясы


Мектепалды тобындағы жапсырмалау



бет32/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

5. Мектепалды тобындағы жапсырмалау
Бағдарламаларды өту. Мектепке даярлық тобындағы сабақтың саны 19 сабакқа дейін кысқарады. Аппликация сабағы екі аптада бір рет жүргізіледі. Оқу жылының басында балалардың ересектер тобында меңгерген кию тәсілдерін бекіту және қайталау қажет. Сонан соң балалар силуэтті қиюдың жаңа күрделі тәсілдерін меңгерулері керек.
Сабақтың такырыпшаларын таңдау балалардың байкаған маусымдық оқиғалары мен құбылыстарына, сондай-ақ олардың техникалық іскерлігіне байланысты болып келеді.
Пәндік мазмұнды аппликацияны орындай отырып, балалар қарапайым қозғалысты бейнелеуді үйренеді, сәтті қалпын таба біледі. Олар әр түрлі ойыншықтарды, тұрмыстық заттарды, жануарлар мүсіндерін қиып және жапсырады. Затты бөліктері бойынша қию тәсілдерін колдана отырып, балалар машинаны, самолетті, корабльді, күшікті, аспазшыны, Буратиноны, Ақша қарды, Аяз Атаны, әтешті бейнелей алады.
Екі бүктелген кағаздан симметриялық формаларды қию тәсілдерін бекіту үшін балаларға мынадай тақырыптар ұсынылады: «Қуыршақ», «Капюшонды қыз», «Космонавт», «Шаңғышы», «Матрешка», «Чиполлино». Пәндік аппликацияда силуэттік қию тәсілдерін қолдануға болады (балық, әтеш, қоян, жеңіл машина, кептер, аю, түлкі).
Кейбір заттық бейнелеуді ұсақ фигуралармен безендіру үшін және детальдармен толықтыру үшін балалар кос қабаттап бүктелген қағаздарды қию тәсілін меңгеруі керек. Мысалы, балалар петрушканы, матрешканы, капюшонды қызды декоративті элементтермен безендіруіне болады.
Осы жас топтарындағы сабактарда балаларға сюжетті және пейзажды мазмұнды аппликациялар көп ұсынылады. Бүкіл оқу жылында балалар әр түрлі тақырыптық композицияларды орын¬дай алады: «Алтын күз», «Мереке күнгі көше», «Теңіз түбінде», «Жаңа жылдық хоровод», «Қуыршақтар билейді», «Қыс келбеті», «Қыстағы көңіл көтеру», «Зоопарк», «Космодром»; сюжеті таныс ертегілерден мынадай тақырыптарды алуға болады «Колобок», «Түлкі мен қоян», «Теремок», «¦рланған күн», гүлдеген ағаш, мұздағы мұз жарғыш кеме, ұзақтардың келуі, гүлді шабындық. Балалар көлеңкелі театрда қойылатын ертегілерге арнап әр түрлі силуэттерді ықыластана жасайды.
Сабақтарда және күнделікті өмірлерінде балалар жұмысты жеке де әрі ұжымды түрде де орындайды.
Декорациялық аппликация бұл топта қолданбалы сипатта болады. Конструкциялау сабақтарында балалар қағаздан әр түрлі бұйымдардың моделін жасайды — қорапшалар, жебе, әмиян, үй, елка ойыншықтары. Бұл ойыншықтарды олар сонан кейін өздерінің қалауынша аппликациялық өрнектермен безендіреді. Мерекеге арнап балалар ата-аналарына, жолдастарына, балабақшаның қызметкерлеріне құттықтау открыткаларын дайындайды. Балалардың тәжірибесіне сүйене отырып, оларды топ бөлмесін мерекелік безендіруге, веранданы және учаскедегі құрылыс орнын әшекейлеуге тарту керек.
Аппликация жасау үшін қайшымен қиюдың әр түрлі тәсілдері және қағазды жыртып алу әдістері пайдаланылады (такырыпқа сәйкес)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет