4. Ересектер тобындағы жапсырмалау
Бағдарламаларды өту. Ересектер тобында аппликация сабағының саны арта түседі: аптасына 1 сабақтан барлық оқу жылында 39 сабақ өтіледі. Әр-бір сабақта балалардың жұмысының сапасына көңіл бөлу қажет, өйткені бейнелеу тұтасымен осы кию мен жапсырудың сапасына байланысты. Оқу жылының басында дөңгелек формаларды қию бұл дағды естиялар тобында әлі жете меңгерілмегендіктен орнықтырылуы қажет. Сонан кейін әр түрлі заттарды бөліктері бойынша қиюға үйрену негізінде балалар қос қабаттап бүктелген қағаздан бірдей детальдарды көп мөлшерде алу тәсілдерін ұтымды игерулері керек. Симметриялық формаларды қию тәсілдерін үйрену аса күрделі болып табылады, өйткені балалар контурдың жартысын кесе отырып, өзінің еңбегінің нәтижесін болжай алмайды. Осы жастағы балалар тобының жұмыстарының негізгі мазмұны жазықтықта конструкциялау принципіне негізделген заттық бейнелеу болып табылады. Аппликацияда түрлі заттардың бейнесін бере отырып, балалар қиюдың неше түрлі әдістерін меңгереді: тік_сызықты, қиғыш бұрышты, қисық сызықты, дөңгелек, толқынды. Сондықтан бейнеленетін заттарды таңдағанда тәрбиеші оның эстетикалық жағына баса назар аударады. Сонымен бірге балалардың бейнелеу мүмкіндіктерін және оның қайшымен жұмыс істей алуын ескеру керек, өйткені өткен тәжірибелерге сүйене отырып оларды жаңа білім алу мен іскерлікке үйрету қажет.
Дөңгелек формаларды қиюды меңгергеннен кейін оқу жылының басында мынадай тақырыптарды пайдалануға болады: қүзгі жапырақтар, жеміс-жидек саңырауқұлақтар, шөжелер, гүл, қоян, шымшық және т. б. Әр турлі ойыншықтарды бейнелеу үшін самолет, ракета, машина, автобус, троллейбус, кішкентай корабль, аю, чебурашка, жатпайтын қуыршақты ұсына отырып бүкіл жыл бойына заттық аппликацияны әлсін-әлсін қайталап отырған жөн. Қос қабатталып бүктелген қағаздан бірдей формаларды қиюды меңгеру үшін неше түрлі заттық бейнелеуді таңдап алуға болады: жапырақты бұтақ, гүл, елка моншақтары, елка ойыншықтары, қызықты ойыншықтар.
Әсіресе, балаларға бірыңғай көптеген элементтер қажет болғанда декорациялық аппликацияда жұптап қию тәсілі кең қолданылады. Сондықтан жыл бойына балаларға ою-өрнекпен жолақты (ШАҒЫН бөкебай, қол орамал, төсеніш) және квадратты (кілем, орамал, салфетка, дастарқан), шеңбер (кішкентай тостаған, леген, дөңгелек кілемше, салфетка) мен үшбүрышты (үшбұрышты орамал, куыршақтың телпегі) әшекейлеуді ұсынуға бо¬лады. Бұдан басқа олар дайын силуэттерді әшекейлей алады (кішкентай алжапқыш, қол шатыр, шәйнек, құлақшын және т. б.).
Балаларды симметриялық фигураларды қиюға үйрете отырып, симметриялық формаларды таңдай білу қажет: ваза, алмұрт, көбелек, қуыршақ, елка, матрешка, куыршақ көйлегі және баска киімдер.
Заттық және декорациялық аппликациямен қатар сюжет пен пейзажды ұсыну қажет: колобок пен қоянның кездесуі, кыс, қардағы үйшік, жалауша ұстап келе жатқан кішкентай қыз, мерекеге лайықталып безендірілген үй, бұтақтағы торғай, гүл жарған бақбақ және т. б.
Ересектер тобында балалар ойша әр түрлі жұмыстарды орындайды. Олар өздеріндегі білім, іскерлік пен дағдының негізінде өз бетімен түрлі тақырыптарды шешуді үйренеді. Мысалы, жаңа жылдық мерекеге қарсы елканы, залды, топ бөлмесін безендіру үшін балаларға ойыншықтар ойлап табу мен және оны жасауды ұсынуға болады. Әр түрлі мерекеге байланысты құттықтау открыткаларын жасату қажет. Мұндай сабақтарда балаларға әсіресе, олардың есінде қалған және күшті әсер еткен заттарды бейнелеуді тапсырған жөн.
Сабақтарда және күнделікті өмірде балалар әр түрлі сипаттағы ұжымдық жұмыстарды орындай алады: ғажайып құстары бар үлкен әдемі гүлді кілем, вазалы сөре, әдемі ойыншықтар, жолмен зырлап бара жатқан машина, жүзіп жүрген балықтар, үшып келе жатқан құстар, орман алаңқайы және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |