Балабакшада балалар конструктивті іс-әрекетті үйренген кезде құрылыс материалдарын, конструкторларды, қағазды, (құнсыз) және табиғи материалдарды пайдаланады. Материалдың түрі конструкциялаудың түрін анықтайды – құрылыс материалынан конструкциялау, қағаздан конструкциялау, табиғи материалдан конструкциялау және т. б.
Құрылыс материалы әр түрлі геометриялық денелер жиынтығынан тұрады (куб, цилиндр, призма және т. б.). Ол ұсақ (стол үстіне қоюға болатын) және ірі болып бөлінеді.
Балалардың конструктивті іс-әрекетін құрылыс материалдарынан ұйымдастыра отырып, тәрбиеші адамдарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді, транспортты т. б. бейнелейтін әр түрлі ұсақ ойыншықтарды пайдаланады. Мектепке дейінгі жастағы балалар айналасындағы заттарды жасай отырып нақты (жалпы емес) мақсатпен қоянға үйшік, транспорт пен жаяу адамдарға арнап көпір және т. б. тұрғызады. Конструкциялауда ойыншықтарды пайдалану баланы ойлы және ізденімпаз болуға баулиды, балалардың іс-әрекетінің одан әрі дамуына мүмкіндік туғызады.
Құрылыс материалдарын детальдардың түріне, формасына карай салынатын қуысы бар арнаулы шкафта сақтау ыңғайлы, өйткені балалар кез келген уақытта оларды тез тауып алатындай болуы керек.
Материалдарды формасы бойынша салу олармен жұмыс істеуді жеңілдетіп кана қоймайды, сонымен бірге бұл формалардың атын еске сақтауды тездетуге мүмкіндік береді.
Конструкторлар. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар сабақтан тыс уақытта әр түрлі конструкторларды пайдаланады (ағаш, пластмасса, металл, қыш). Олар детальдарын бекіту әдісі едәуір күрделі қозғалмалы конструкциялар жасауға мүмкіндік береді.
Тәрбиешінің басшылығымен балалар жаңа бекіту әдістерін меңгереді, картинка және чертеж бойынша әр түрлі қозғалмалы конструкциялар жасауды үйренеді. Мұнда балалардың детальдарды гайка және гайкалық кілтпен бекіту іскерлігіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бұл мектепке дейінгі балалардың колының жетілмеген майда бұлшық еттерінің қатысуын қажет етеді.
Құрылыс материалы мен конструкторлар ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ барлығын бірден бермей, балалардың оларды игеруіне карай біртіндеп беріп отырган жөн. Содан кейін балалар тәрбиешінің басшылығымен түрлі конструкторларды құрастырғаннан кейін оны қол еңбегімен және стол үстінде ойналатын ойыншықтармен бірге бұрышқа қояды және балалар оны өзінің дербес іс-әрекетіне пайдаланады. Қағаз, табиғи және құнсыз материалдар. Бұл материалдар балабақшада (жеке; бір-бірімен үйлесімді түрде де) әр түрлі ойыншықтар және бұйымдар жасау үшін кең қолданылады, бұл балдырғандарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге олар үшін қызықты сабақ болып та табылады. Балаларға қағаздың тығыз, қалың, жылтыр, жартылай жылтыр, сондай-ақ жұқа картон сияқты әр түрлі сорттары беріледі.
Табиғи материалдың әр түрлілігі (емен жаңғағы, бүршік, бұтақ, дән, шөп және т. б.) және өңдеудің жеңілдігі мектепке дейінгілермен жұмыс істеуде оны кең пайдалануға көп мүмкіндік береді.
Тәрбиеші балалармен бірге табиғи материалды дер кезінде дайындайды және оның қорын бүкіл жыл бойына толықтыра түседі. Мысалы жазда шалғыға оратылып қалатын ұзындығы бірдей өлең шөпті, теқ болып буылған сабанды жинайды, карағай, шырша, қандыағаш, саз карағай, самырсын, бал қарағайларды да жинайды да, соңынан ағаш желімімен өңдейді (олар кыста кеуіп жарылып кетпес үшін). Жанғақтар мен талшындар ағаштан үзіліп түсісімен дайындалады (кеуіп қурап кеткен жаңғақ пен талшын сынып, майдаланып жұмысты қиындатады). Жемістердің дәнектерін (өрік, алхоры, шабдалы) жақсылап жуып және кептіріп кез келген уақытта, ал шаған мен үйеңкінің тұқымын тек қыста ғана жинайды. Материалдың әр түрі жеке қорапта немесе пакетте сақталады. Бұйымдарды жасау кезінде қосымша материалдар: қағаз, картон, пластилин, сым, сіріңке, казеинді, синтетикалық, декстриндік желімдер және пышақ, қайшы, біз, ине сияқты құралдар пайдаланылады.