Бағдарламаларды өту. Жоғарыда аталған іскерліктің барлығын балалар әр түрлі құрылысты жасау процесінде игереді, кейде ол тақырыптар алдыңғы жас тобындағыларға ұқсас болуы мүмкін, алайда конструкция күрделене береді.
Детальдарды пайдалануды түрлендіру іскерлігін балаларға үйрету мақсатында кез-келген тақырыптар алынуы мүмкін: үй,тра нспорт, көпір және т. т. Сонымен бірге тәрбиеші сабақтың тақырыбын хабарлап, құрылыстың дайын үлгісін көрсетеді және олардың қолдарындағы бар материалдарды пайдалана отырып дәл солай жасауды ұсынады. Мұндай сабақ үйренуде үлкен тиімділік береді — балалар конструктивті міндетті олардың қолдарындағы материалға сәйкес шешуді өз бетімен үйренеді. Балалардың жазықтықтағы бағдарлау іскерлігін қалыптастыру үшін болашақтағы құрылыстың сипатын белгілеу керек, өйткені ол жоспарланатын іс-әрекеттің қалыптасуына елеулі түрде ықпалын тигізеді. Осы жас тобындағы балалармен алаңды әр түрлі конфигурациямен қоршайтын қащаны салуды үйрету сабағын жүргізуге болады.
Бірінші сабақта балаларға қарапайым тапсырмалар беріледі — тәрбиешінің көрсетуі және үлгісі бойынша қаша соғады, өйткені балалар алдыңғылардан елеулі түрде ерекшеленетін жаңа әдісті игереді. Тәрбиеші жұмысты дұрыс орналасуы маңызды бағаналарды орнатудан бастау керектігін көрсетеді (бұрыштары бойынша, үйге бағдарлап), ал сонан кейін олардың арасына кірпіштерді қояды.
Екінші сабақта балалар екі үйшікті қашамен коршайды. Тапсырма үлгісіз орындалады, ал сонан кейін әрбір балаға 3—4 үйшікті столдың үстіне әр түрлі қойып (қатарлап емес), негізгі принцип — бағаналарды орнатудан бастай отырып қашамен қоршауды ұсынады.
Міндеттің мұндай вариациялығы мен оның біртіндеп күрделенуі әрекеттің жаңа әдісін балалардың игеруіне ықпалын тигізеді балалар әр түрлі жағдайда еркін пайдаланатын бұл әдісті жинақтаушы етеді.
Балаларда конструкцияның оның міндетіне байланысты түсінігін калыптастыру мақсатымен «Сырғанақ кұрылысы» тақырыбына сабақ жүргізуге болады. Басында балалар тәрбиешінің үлгісі бойынша негізгі конструктивті бөлік-тіректі бөлшектей отырып сырғанақты жасай бастайды. Басқа бөліктерінің орналасуы сол тірекке байланысты және дайын сырғанақтың үстінен машинаны (шарик) сырғанатып ойнай бастайды.
Бұдан кейін тәрбиеші алдын-ала балаларға сырғанақтың әр түрлі биіктігінен шарик қалай сырғанайтынын көрсетіп, балаларға өздерінің сырғанақтарын одан машина тез жүретіндей немесе баяу жүретіндей етіп қайта жасауды ұсынады. Балалар осындай тапсырманы өз бетімен орындай отырып тіректің биіктігіне сырғанақтың биіктігінің байланыстылығы туралы алынған білімді бекітеді және сырғанақ биіктігіне машиналар (шарик) қозғалысы жылдамдығының байланыстылығы туралы түсінікті қалыптастырады.
Балаларда ойша конструкция жасау іскерлігін дамыту мақсатымен тәрбиеші құрылыстың тақырыбын балалардың өздері таңдайтын, қажетті материалды өзі іріктеп және оны жүргізудің жүйелілігін белгілейтін сабақты ұйымдастыруы керек.
Қағаздан, құнсыз және табиғи материалдардан конструкциялау. Бағдарламаларды өту. Алғашқы бір-екі сабақты өткен материалдарды қайталауға арнау тиімді (қағазды қақ ортасынан бүктеу іскерлігін бекіту). Осындай мақсатпен балаларға альбом, жазба кітапшасын жасауды ұсынуға болады. Дайындау әдісін балалардың өздерінің зейініне сай таңдайды.
Конструкциялаудың жаңа әдісін игеруге конструкция бұйымдарының әрқайсысының біртіндеп күрделенетін, бір-бірінен кейін келетін бірнеше сабақ арналады.
Мысалы, бір шаршы парақ қағазды 16 кішкентай шаршыларға бөлуді үйрену мақсатымен алғашқы сабақта тығыз қағаздан кішкентай кәрзеңке жасау ұсынылады. Балалармен дайын үлгіні зерттегеннен кейін (бөліктерін бөліп көрсетеді, олардың пішіні мен мәнін анықтайды) тәрбиеші үлкен шаршыны қалай бүктеу керектігін, оны қалай қиып және алынған үлгіні қалай орналастыруды және оны жапсыруды көрсетіп түсіндіреді. Кішкентай кәрзеңкеге баулығын қалай жапсыруды балалардың өздері ойлап табады. Екінші сабақта (гараж бұйымдары) балалар бұл іскерлікті нығайтады және шаршыны диагональ бойынша бүктеп салуды үйренеді. Бір парақ қағазды 16 бөлікке бөлу тәсілі бүлдіршіндерге көрсетілмейді, оның орнына дайын, бөлінген және екі жағынан кесілген квадрат пайдаланылады.
Үйшікті дайындау кезде балалар алдыңғы сабақтарда алған іскерліктерін пайдалана отырып, үлгіні өздері жасайды және оны жапсырады. Сабақтың басында тәрбиеші дайын үлгіні көрсетеді және оны зерттеу процесінде балаларға орындаудың керекті әдісін табуға, оларға алдыңғы сабақ бойынша таныс жұмыстың жүйелілігін белгілеуге көмектеседі.
Қағаздан бұйымдар дайындаудың бұл әдісі біраз уақыттан кейін қайталанылуы мүмкін (мысалы, ашық қораптар жасау кезінде), бірақ ол балалардың еске түсіруімен тәрбиешінің көрсетуінсіз қолданылады.
Дайын формалардан жапсыру жолымен конструкциялауды балаларға үйрете отырып, тәрбиеші бірінші сабақта сіріңке қорабынан автобусты қалай жасайтындығын балаларға көрсетеді (қораптарды бір-біріне қалай жапсыруды және оларды қағазбен қалай орап жапсыруды, дөңгелектерін қалай бекітуді және т. б), әрине көрсету мен түсіндірудің ізінше балалар тапсырманы орындайды.
Екінші сабақта негізгі міндет конструкцияның пішініне байланысты бір-біріне қатынастары жөнінен қораптардың орналасу ерекшелігін балаларға көрсету керек, тәрбиеші әуелі автобусты қалай жасағандарын естеріне түсірулерін сұрайды, және сонан кейін оларға мебельдердің дайын бұйымдарының үлгілерін көрсетеді. Осы бұйымдарды зерттей отырып балалар олардың әрқайсысы қанша қораптан жасалғандығын, олар бір-бірімен қалай жапсырылғандығын және т. б. белгілейді және сонымен бірге тиісті материалды таңдай отырып олар конструкция жасайтын заттарды іріктейді.
Алдыңғы- екі сабақтардағы алынған іскерлікті нығайту мақсатымен, тәрбиеші сабақты ойша ұйымдастырады (қораптан, картоннан, қағаздан), онда не жасау керектігін, қандай материалдан және калай жасау керектігін балалар өз бетімен анықтайды. Алайда келесі сабақтарда қораптан, картоннан және қағаздан бұйымдардың күрделі конструкциясын жасау кезінде (жүк машинасы, шана, корабль) тәрбиеші балалармен бірге дайындаудың барлық процесін тағы да ақылдасып алады. Сабақтың мұндай циклдері конструкциялаудың жинақталған тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді, оны балалар өздерінің бұдан кейінгі іс-әрекетінде дербес және шығармашылдық тұрғыдан пайдаланады.
Іскерлікті қалыптастыру мақсатымен диаметр бойынша шеңберді беттестіруді, контурды қиюды, конусты жапсыруды үйретеді, тәрбиеші әуелі балаларды парашют, сонан кейін ұзын көйлекті матрешканы жасауға үйретеді. Содан соң билеп жүрген матрешканы дайындауда бұл іскерлік нығайтылады. Сонымен бірге балаларға арналған тапсырма біршама күрделенеді - егер бұрын олар сарафанды дайын жарты шеңберден жасаса, енді оны шеңберден жасаулары керек. Бұл процесті тәрбиеші түсіндіреді, ал қалған бөліктерін балалардың өздері жасайды. Жылдың аяғында балалар бұл іскерліктерін вьетнам телпегін жасау кезде пайдаланады, оны олар әдемі аппликациямен безендіреді. Бұл сабақтарда үлгілерді зерттеуде тек бұйымдардың бөліктері көрініп қоймайды, сондай-ақ дайындаудың жалпы әдістері де көрінеді.
Балаларды диагоналы бойынша квадратты формаларды бұрыштары мен жақтарын дәл беттестіріп қоюды үйрету үшін пе¬дагог қайықша мен қызықтырғыш ойыншықтарды жасау бойынша сабақты ұйымдастырады (кұлағын қимылдатып тұрған қоян, қанаттарын қағып тұрған шымшықтар, көбелектер).
Сабақтарда балалар сондай-ақ қарапайым чертеж бойынша, дайын үлгі бойынша, алмалы-салмалы кубиктерді, үйшіктерді, шлемдерді дайындай отырып жұмыс істеуді үйренеді.
Әр түрлі конструкцияда цилиндрлерді біріктіру іскерлігіне балаларды үйрету және балалардың ойлауын, шығармашылдығын, фантазиясын дамыту мақсатымен тәрбиеші цилиндрлерден әр түрлі фигуралар дайындау сабағын өткізеді, олар соңынан шағын композициям біріктіріледі: түлкі мен коян, бала мен ит, екі қонжық және т. б.
Басқа материалдардан (поролон, пенопласт, тығындар және т. с.) бұйымдар дайындауды балаларға үйрете отырып тәрбиеші балаларды бәрінен бұрын сол материалдың қасиеттерімен, оны балаларға колдарымен ұстап көруді және осы касиеттері туралы айтып беруді ұсына отырып таныстырады. Мысалы, по¬ролон — жұмсақ, жеңіл сығымдалады және өзінің формасына қайтадан келеді. Поролоннан балалар таңдаулары бойынша аққала, жатпайтын қуыршақ, қоян, балапандар және т. т. жасайды.
Бұйымдарды жасау жүйелілігін түсіндіре отырып тәрбиеші жеке бөліктердің біріктірілу әдісінін, көрсетілуіне айрықша көңіл бөледі және бұған бүкіл сабақтық өн бойында қайтып соғып отырады.
Жаңа жыл мерекесінің алдында балалар елкалық ойыншықтар тізбегін жасайды, қағаз жолағын катпарлап бүктейді де және одан бірнеше бірыңғай симметриялық формалар қияды.
Алынған білімдерді қолдануда балалардың дербестігін тәрбиелеу үшін олардын, шығармашылдығын, фантазиясын дамыту үшін қағаздан, картоннан және басқа материалдардан балалардың ойы бойынша конструкциялау сабағы жүргізіледі.