Ыту теориясы мен технологиясы


Мектеп алды тобында конструкциялауды үйрету



бет38/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

6. Мектеп алды тобында конструкциялауды үйрету


Бағдарламаларды өту. Бұл топта балалардың транспорттың әр түрлі түрімен, үйлермен және басқа мақсатты да ғимараттармен таныстығына үлкен мән беріледі. Сонымен бірге олардың тек жалпы құрылымына ғана емес, сондай-ақ бір құрылыстың әр түрлі варианттарына да көңіл аударады, олардың көркемдік қасиеті және практикалық атқаратын қызметіне сәйкестігі атап көрсетіледі. Балалар осындай таныстықтың нәтижесінде алынған түсінігін сонан кейін өзінің құрылысында іске асырады. Зат формасы мен оның қолданылуы арасындағы байланыстылықты анықтай білу іскерлігін балаларға үйрету мақсатымен сабақ өткізуге болады. Онда балалар кемені жасайды. Бұл тақырыпты ұсынбастан бұрын балаларды транспорттың осы түрімен таныстыру керек. Балалар кеменің әр түрлі (үлкен және кіші, жүк, адам таситын және әскери) болатынын біледі. Қемелердің әр түрін салыстыру негізінде тәрбиеші кемелердің атқаратын кызметіне қарай әр түрлі негізінің болатынын түсіндіреді, тез жүретін корабльдің негізі енсіз ұзын, олардың тұмсығы үшкір болады; жүк таситын кемелердің (баржалар) негізі кең және тұмсығы доғал болады; адам таситын кемелердің негізі баржаға карағанда енсіздеу, ал әскери корабльге қарағанда кеңдеу. Бірінші сабақта балалар әскери корабль, ал екіншіде баржаны, үшіншіде баржадан тезірек, ал әскери корабльден баяуырақ жүзетін — адам таситын теплоход жасайды.
Осындай мақсатпен «Қалалық транспорт» тақырыбына сабақтар жүргізуге болады. Балаларда бақылаудың нәтижесінде қалалық транспорттың түрлерінің сан алуандығы туралы және оның атқаратын қызметі түралы түсінік нығаяды. Сонымен бірге тәрбиеші әр транспорт түрінің конструкциясы оның атқаратын қызметіне байланыстылығын атап көрсетеді. Бірінші сабақта балалар жүк транспортын, келесі сабақта адам тасуға арналған қалалық транспортты жасайды. Балалардың әр түрлі ауыл шаруашылық транспорт түрлерін конструкция жасайтын сабақтарын осылай ұйымдастырура болады: сүт машиналары, жинағыш машиналары және т.б. Одан әрі заттың конструкциясын оның атқаратын қызметіне байланысты бөліп көрсету іскерлігін нығайту керек. Әсіресе конструкцияны және заттың жеке бөліктерінің салыстырмалы шамасын өз бетімен анықтау іскерлігіне тәрбиелеуге көңілді аудару керек. Осы бағдарламалық міндетті жұмыс барысында, мысалы, көпір салуда шешуге болады. Балаларды алдымен көпірлердің бірнеше конструкциясымен таныстырады және әр бір бөліктің өлшемі оның атқаратын қызметіне қарай анықталатынын көрсетеді: кеме жүретін кең әрі терең өзендегі көпір биік тіреулерде ұзын арқалықпен және биік қанатпен жасалу керек; ал енді транспорт пен жаяуларға арналған көпір кең арқалықпен, жүргіншілерге арналған жолымен және берік тірекпен жасалу керек және т. б. Сабақта тәрбиеші әрбір балаға өзінің көпірінің конструкциясын ойлауды және ол неліктен дәл осындай болатынын айтуды ұсынады. Мектепке даярлық тобында балалардың әр түрлі үйлер жасау тәжірибесі байиды: көп қабатты түрғын үйлер, басқа әсем үйлер, ертегі үйшігі, театр, вокзал. Сонымен бірге бала-ларды кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу мен осының негізінде конструктивті шығармашылдықты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Осындай мақсатпен қаланың (селоның) алаңдарын, көшелерін жасау бойынша сабақ ұйымдастыруға болады. Сабақтың алдында балалармен қалаға (селоға) экскурсия жүргізіледі. Сабақтарда балалар шағын топтарға бөлінеді және әрқайсысы бүкіл үйлерді орталыққа фасад жасай отырып бір алаң (көше) түрғызады. Осындай сабақтарда тәрбиешілер сонымен бірге эстетикалық және адамгершілікке тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Балаларды заттың негізгі бөліктерін бөліп көрсету іскерлігіне үйретуді және таныс келемді геометриялық денелермен ұқсастығы бойынша олардың пішінін анықтауды әр түрлі құрылыстарды, оның ішінде үйлерді (кинотеатр, клуб) жасау кезінде іске асыруға болады. Экскурсиядан кейін кинотеатрда (клуб) балалар көрермен залы мен фойенің әр түрлі пішінде куб, призма, жарты шар және т. с. с. болатындығын біледі, олардың әрқайсысы кино-театрды (клуб) өзінің конструкциясымен жасайды; тәрбиеші тек фойе мен көрермен залының жасалу әдістерін көрсетеді.
Балаларды ұжымшылдық іскерлікке үйрету мақсатымен тәрбиеші, олар бірігіп істейтін құрылыстардың әр түрлі тақырыпшаларына сабақтар ұйымдастырады; көше, темір жолдың вокзалы, сүт фермасы, құс фабрикасы, зоопарк. Қағаздан, құнсыз және табиғи материалдардан конструкциялау. Бағдарламаны өту. Балаларда қағазды сызылған сызық бойынша бүктеу, қиын және көлемді пішінге желімдеу яғни үлгі, чертеж бойынша жұмыс істеу іскерлігін орнықтыру мақсатымен, тәрбиеші мебель жасау сабағын ұйымдастырады. Онда, үлгілер мен өздерінің жасаған жобаларын зерттей отырып, бұлардан не істеу керектігін балалардың өздері анықтайды (педагог стол үстін мысалға алу арқылы тек үлгіні желімдеу принципін көрсетеді). Бір столдын, басында отырған балалар жұмысты өзара бөлісіп алады (біреуі диван, екіншісі кресло және т. т. жасайды) және стол мен орындықтардың аяқтарының биіктігі туралы келіседі. Осы тақырыпқа тағы бір сабақ өтіледі (жыл бойына), онда балалар үлгілерді керекті пішінге салып өздері жасайды әр түрлі мебельдерді дайындайды. Сонымен бірге балалар кағаз сызғышын қолдануды, енін, ұзындығын, өлшей отырып, онымен сызықтар жүргізуді үйренеді. Тәрбиеші тік сызғышты қолдану тәртібін көрсетіп және түсіндіреді (қалай оны салу керек, қаламды тік ұстай отырып түзу сызықты қалай жүргізу керек және т. б.), ал жұмыстың қалған бөліктерін балалардың өздері орындайды. Сабаққа дейін бір столдың басында отыратын балалар бір-бірімен қандай мебель жасайтыны туралы келісіп алады да соған сәйкес материалдарды таңдап, өзінің столына қоя береді. Мұндай сабақтар тек қолдың іскерлігін дамытып қоймайды, сонымен бірге еске сақтау қабілетін, ойлауын, шығармашылдығын, алдағы жұмысты жоспарлау іскерлігін жетілдіруге ықпал жа¬сайды. Жана жыл мерекесінің алдында балалар сабақта гирлянда тізбегін жасайды. Олар үлгіні өздері таңдайды (үлгілерді сабаққа дейін тәрбиеші бір күн бұрын іліп қояды), күні бұрын қажетті материалдарды тандайды және бүкіл жұмысты өз беттерімен орындайды. Бұл сабақтарда балалар аппликация сабақтарынан алған іскерліктерін қолданады: бүктегенде қағаздан бір типтес формаларды қиюға ( квадраттарды, тікбүрыштарды бойлай және кесе-көлденең, жолақтарды — қат-қабаттап) болады. Балалар айналма диірмен жасау кезінде тек дайын үлгімен жүмыс істеуді ғана емес (оны дұрыс қиып және орын-орнына қоюды), сонымен бірге детальдарды шегемен біріктіруді үйренеді; детальдар арасындағы белгілі қашықтықты сақтай отырып, шегені дәл қағу іскерлігін меңгереді.Осы жастағы топтың балалары айналмалы дөңгелекті бекітуді, баска дайын формалардан бұйымдарды көбіне мықты, ұқыпты жасауды үйрене береді. Балалар тәрбиешінің көрсетуімен түсіндіруі бойынша автомашина жасайды.
Алынған дағдыларды нығайту мақсатымен ойша конструкциялау ұйымдастырылады (корап, картон, қағаздан). Балалардың өздері күні бұрын бұйымдар тақырыбын таңдайды (үй, мебель, вагон, машина және т. б.), керекті материалдарды таңдайды, балалардың белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеке детальдардың біріктірілу әдістерін, олардың бір-біріне қатынасы бойынша орналасуын, жұмыстың жүйелілігін өздері ойлап табады. Жеке детальдарды негізгі бөліктеріне жіппен қозғалмалы етіп бекіту тәсілдерін меңгере отырып, балалар аса ынтамен картоннан қозғалмалы детальдары бар (көжек, қонжық, матрешка) ойыншықтарды жасайды. Тәрбиеші түсіндірген кезде детальдарды біріктіру әдісіне өте көніл аударады. Бұл тақырыпшаларға екі сабақ арналады. Олардың бірінде балалар аяқтары қимылдап тұратын (тандауы бойынша) көжек пен аюды, ал екіншісінде — музыкалық аспаптарда: гитарада, барабанда, домбырады, балалайкада (бір ойыншықты қалауы бойынша) ойнап тұрған қуыршақты, кішкентай аңдарды жасайды. Табиғи материалдан бұйым жасау сабақтары (емен жаңғағы, қарағай бүрлері, тұқым, бұтақ) негізінен материалдар өңдеуге женіл болатын уақыт жаз бен күзде жүргізіледі. Сабақка дейін бірнеше күн бұрын тәрбиеші балаларға сабақтың тақырыбын хабарлайды және тиісті материалдарды жинау ұсынылады. Балаларды емен жаңғағынан әр түрлі кескіндерді (хайуанаттардың, адамдардың) жасауға, ал сонан кейін оларды композицияға біріктіруге үйрете отырып (түлкі мен тырна, Қызыл Телпек пен қасқыр, екі ит және т. б.) тәрбиеші желім мен сіріңкенін көмегімен жеке детальдарды бекіту әдістерін балалардың игеруіне, сондай-ақ кескіндерге мәнерлілік беруге көңіл бөледі. Бір столдың басында отырған балалар бірігіп істейтін жұмысы туралы, жалпы композицияға сәйкес кім кандай кескінді жасайтындарын келісіп алады, ал сонан кейін барлығы осы композицияны жасайды.Тәрбиеші балаларды сондай-ақ ашылмаған қарағай бүрлерінен көбелектер мен балықтарды дайындауға үйретеді. Мұнан кейін осы сабақтарда алған білімдері мен іскерліктерін балалар ойша конструкциялау сабақтарында, сондай-ақ сабақтан тыс әрекеттерінде нығайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет