Бағдарламаларды өту. Жылдың басында екінші кішкентайлар тобының біршама күрделенген бағдарламалы тақырыпшасын қайталайтын екі-үш сабақ жүргізіледі, мысалы қақпа (кең, тар, биік), мебель, әр түрлі ойыншықтардың формасы мен үлкендігіне арналған гараж кұрылысы.
Тәрбиеші мәселен, гаражды қалай тұрғызу керектігін көрсете отырып, оның мөлшері онда қандай машинаны қоятындығына байланысты екендігін атап көрсетеді: егер жүк машинасы болса, онда ол үлкен, ал егер жеңіл машина болса кішірек болады.
Сондықтан гаражды жасауды бастамас бұрын оның қандай машинаға арналғандығын білу керек.
Келесі сабақтарда балалар педагогтың көрсетуімен және үлгі бойынша көпір, самолет, трамвай, автобус, троллейбус, қарапайым конструкциялы жүк машинасын жасайды. Балалар бұл жерде цилиндрмен танысады, оны дұрыс атауға, қасиетіне сәйкес оны құрылыста қолдануға үйренеді.
Әрбір конструкцияға балалардың меңгеруі үшін бірнеше сабақ арналады, соның біріншісінде балалар үлгі бойынша жасауға, ал одан ары қарай берілген жағдайға сәйкес бұл үлгіні өз бетінше қайта жасауға, яғни бірнеше конструкциялық міндетті шешуге үйренеді. Мысалы, үлгі бойынша көпірді қалай салу керектігін үйренгеннен кейін (тірек пен көпір жабындыларын қалай жасайтынын, бұл үшін қандай детальдарды пайдалануға болатынын және т. б. білгеннен кейін), оларға қайта жасау әдістерін көрсетпей-ақ, биік немесе кең көпір жасауды ұсынады. Бұдан ары балалар өздерінің қолдарындағы құрылыс материалдарына сүйене отырып өзінің көпірінің конструкциясын ойластырады. Немесе үлгі және тәрбиешінің көрсетуі бойынша жүк машинасының конструк-циясын балалар меңгергеннен кейін, оларға белгілі бір жүкті тасуға арналған машинаны жа¬сауды ұсынуға болады: әрбір балаға қорап беріледі (ересек балалар жасаған) және бала оның мөлшерін басшылыққа ала отырып тиісті машинаны жасайды.
Кез келген тақырып біртіндеп күрделенген бірнеше конструкциямен ұсынылуы мүмкін. Олардың әрқайсысын бала тәрбиешінің басшылығымен меңгереді, ал оның әр түрлі варианттарын өз беттерінше орындайды (биік, ұзын, кең). Бұл балаларда тек әрекеттің жинақталған әдістерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге конструкцияланатын объекті туралы жинақталған түсінік алуына және өздігінен ойлауының дамуына ықпал етеді.
Екінші жарты жылдан бастап балаларға тапсырманы орындаумен қатар ойша конструкциялау ұсынылады. Оның негізгі міндеті қалыптасқан дағдыны бекіту, ынта мен дербестігін дамыту, құрылыста өзінің ойын шығармашылдық тұрғыдан іске асыру кабілетін қалыптастыру болып табылады. Қағаздан, құнсыз және табиғи материалдардан конструкциялау Бағдарламаларды өту. Тәрбиеші алғашқы сабақта қағаздан жасалған бірнеше заттарды, ойыншықтарды (үйшік, кішкентай кәрзеңке, альбом және т. б.) көрсетеді, қағазды бүктеу және оны желіммен жапсыру жолымен, елканы безендіру үшін, ойынға арнап, анасына сыйлық үшін және т. б. қызықты ойыншыктар жасауға болатынын айтады.
Бірінші сабақта-ақ балалар кағазды қақ ортасынан бүктеуді үйренеді. Тәрбиешінің көрсетуімен және түсіндіруі бойынша сурет салу үшін түрлі түсті мұқабалы альбом жасайды. Келесі сабақтарда елка әшекейі бұйымдарын жасауда, анасына сыйлыққа 8 наурызға арналған жазба кітапшасын жасауда бұл іскерлік беки түседі.
Келесі сабақтарда үйшік, автобус, жүк машинасын дайындау кезінде балалар дайын формалардан ойыншықтар жасауды, негізгі бөліктеріне жеке детальдарды үйшікке, есікті, терезені, мұржаны, ал автобусқа терезе мен дөңгелекті және т. б. жапсыруды үйренеді. Осындай тапсырмаларды орындау тек қана техникалық дағдыны (қағазды бүктеу, жапсыру және т. б.) қалыптастыруға қабілетті етіп қоймай, сонымен бірге балалардың ақыл-ой, іс-әрекетін, олардың өз бетімен әрекет әдістерін іздеуін арттырады.
Ойыншық жасауды бастамастан бұрын балалар формаларды бір-бірімен қалай біріктіруді, қай бөлігін желіммен жапсыруды және т. б. ойланады.
Жазғы кезеңде балаларды табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қатыстыра бастайды. Бәрінен бұрын тәрбиеші осы материалдармен таныстырады және бұрын дайындалып қойған қарапайым бұйымдарды (жапырақтан жасалған бөрік, грек жаңғағының қабығынан жасалған кірпі мен қайық, бүрлерден жасалған шымшық және т. б.) қалай пайдаланатындығын демонстрация жасап көрсетеді.
Тәрбиеші балаларды жеке заттардың арасындағы ұқсастықты таба білуге (шырша бүрі — балықтың денесі, грек жаңғағының қабығы — қайықша және т. т.) және оны өзінің бұйымдарында қолдана білуге үйретеді. Тәрбиеші бөліктерді бекіту үшін материалдың түсіне -сәйкес (қабық, бүршік және т. б.) пластилиннің түсін таңдауды ұсынады.
Кағаздан және табиғи материалдан конструкциялау жөніндегі сабақ әдетте құрылыс материалдарынан конструкциялау жөніндегі сабақпен кезектестіріледі. Кейде білім берудің нақты міндетіне байланысты тәрбиеші бұл кезектестікті сақтамайды.